Жедел жәрдемге арналған бейнежетондар: Астана мен Алматыда сынақтық жоба басталды
04.06.2025, 17:35

Жедел жәрдемге арналған бейнежетондар: Астана мен Алматыда сынақтық жоба басталды

1772 рет қаралды

Астана мен Алматыда жедел медициналық көмек фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша сынақ жобасы іске қосылды. Бұл жоба медициналық қызметкерлердің шақыруларға шығу кезіндегі қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және шабуылдар, оқыс оқиғалар және қызметтік міндетті орындау кезінде агрессия көріністері орын алғанда оларды заңды қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Жүйе әзірге екі қалада жедел жәрдем ұйымдарында пилоттық режимде жұмыс істейді. Бейне жетондарда SOS түймесі, геолокация функциясы және ауысым аяқталғаннан кейін жазбаларды автоматты түрде түсіру мүмкіндігі бар. Барлық құрылғылар орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылған. Іске қосылған сәттен бастап бейнежазбалар 3000-нан астам жедел жәрдем сапарында қолданылды.

"Дәрігерлердің қауіпсіздігі - негізгі басымдығымыз. Жер-жерлерде нақты мәселелерді шешетін цифрлық технологияларды дәйекті түрде енгізіп жатырмыз. Смарт бейне жетондар - бұл медицина қызметкерлерінің қауіпсіздік деңгейін арттыратын және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімділікті арттыратын практикалық құрал. Бұл сынақ жобасы дәрігерлер мен пациенттердің мүддесі үшін технологияның қалай тиімді жұмыс істей алатынын көрсетеді", - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

"Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, смарт-бейнежетондар жай ғана цифрлық шешім емес. Бұл қауіпсіздік, ашықтық және заңды қорғауды қамтамасыз ететін технология. Ол фельдшерлермен қатар, науқастарға кәсіби және барлық құқықтарды сақтай отырып көмек береді, деп санайды ол. 

 

Жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықты баптау аяқталды және қызметкерлерге нұсқау берілді. ІІМ жедел басқару орталығымен интеграция аяқталды. SOS түймешесі мен бейне сигналы автоматты түрде ІІМ жүйесіне беріледі.

 

Сынақтық кезеңнің қорытындысы бойынша технологияны еліміздің басқа өңірлеріне енгізу мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда. Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, "Қазақтелеком" АҚ және Samsung компаниясының техникалық орындауымен іске асырылуда.

 

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде 158 медицина қызметкері зардап шекті. Оның ішінде 2022 жылы — 46, 2023 жылы — 80, 2024 жылы - 12 шабуыл тіркелді.