Алматы қаласында кәсіпкерлерге арналған бизнес-квест өтті

 

quest-almaty

 

09.08.2019

 

ISMET.kz командасы ISMET.kz тұғырнамасының атқарымымен және мүмкіндіктерімен танысу үшін іс-шара ұйымдастырды. Бұл жолы аталмыш іс-шара Алматыда іскерлік ойын форматында өтті.

Квестке бухгалтерлер, заңгерлер, іс жүгізушілер, сұлулық салондары мен минимаркеттердің иелері келді, яғни ISMET.kz тұғырнамасының сервистерін шешу олардың тапсырмалары болып табылатын аудитория жиналды. «Қазақтелеком» АҚ бизнес-шешімдер және ақпараттық коммуникациялар департаментінің бас менеджері Динара Байдельдинова:

— Біз осыған ұқсас квесттерді Нұр-Сұлтан қаласында өткізген болатынбыз. Іс-шаралардың осындай форматының қызықтыру деңгейі жоғары, себебі қатысушылар қызметтерді өз бетінше таңдайды және оларға тапсырыс береді, тұғырнаманың атқарымдарын пайдаланып көреді. Бизнес-қосымшалар нақты тапсырмаларды қалай шешетінін кәсіпкерлер өз тәжірибесі арқылы көреді.

Ойын жарыс түрінде ұйымдастырылды, әр раундта біз барлық командалардың ұпайларын ескердік. Бірінші раундта командаларға бірдей кейстер берілді, және ұсынылған уақыт ішінде командалар тапсырмаларды шешу үшін сай келетін сервистерді тұғырнамада таңдауға және өз таңдауын негіздеуге тиіс болды. 

Екінші тур жылдамдыққа қатысты болды. Екі қызметтің тапсырмасын қалғандарынан бұрын орындаған команда жоғары ұпай алды. Соңғы тапсырма сервистердің өздері туралы және олардың тікелей қолданылуы туралы болды: қатысушылар «Менің есебім» қосымшасында шот-фактураларды қалыптастырды, «Қазақтелекомнан» келген орындалған жұмыстар актілерін порталға тікелей жүктеуді үйренді және Qoovee сауда алаңында мәтіндік өтінімді жасады.

ISMET.kz – бұл қазақстандық кәсіпкерлердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген тұғырнама. Тұғырнамада бизнесмендерге арналған арнайы IT-шешімдер, бизнесті жүргізу бойынша және мелекеттік қолдау көрсету бойынша тегін консультациялар, бизнестің жаңалықтары және пайдалы мақалалар жиналған.

Порталдың көмегімен «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар қызметтерін ЖК мен заңды тұлғаларға арналған арнайы тарифтер бойынша қосу мүмкіндігі бар. Ал шот-фактуралар, акттер мен шарттар ISMET.kz тұғырнамасындағы жеке кабинетте электрондық түрде қолжетімді. Сол жерде құжаттарға қол қоюға, құжаттарды жүктеуге және қызметтердің ақысын төлеуге болады. Сондай-ақ жеке кабинетке ФДО клиенттерінің құжаттары қосылған. 

Келесі бизнес-квестті Ақтауда өткіземіз. Нақты уақыты мен орнын білу үшін біздің әлеуметтік парақшаларымызды қарап жүріңіздер!

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии