«Қазақтелеком» АҚ Ақтау қаласында кәсіпкерлерге арналған бизнес-квест өткізді

 

quest-aktau

 

10.09.2019

 

Ақтау ISMET.kz командасы бизнес-ойын өткізген үшінші қала болды. Қатысушылар ақылы қосымшаларды жанды мысалдарға өз беттерінше сынап көрді, тұғырнаманың атқарымымен танысты және ISMET.kz қызметтері бизнестің нақты тапсырмаларын қалай шешетінін көрді. Іс-шара жарыс түріндегі ойын форматында өтті. 

Қонақтарды «Қазақстелеком» АҚ шағын және орта бизнеске ұсынатын сатылымдар департаментінің директоры Мұрат Айтбаев қошеметтеді.

 

Ойын шығармашылық тапсырмадан басталды. Бірінші раундта бірдей кейстермен жұмыс жасалды, белгіленген уақыт ішінде қатысушылар ISMET тұғырнамасынан бизнесті ілгерілету үшін және мәселелерді шешу үшін сай келетін сервистерді таңдауы тиіс және өз таңдауын негіздеуі тиіс болды.

Екінші тур – жылдамдыққа: қатысушылар «Менің есепке алуым» қосымшасында шот-фактураны қаншалықты жылдам қалыптастыруға болатынына және «Қазақтелекомнан» орындалған жұмыстар актін электрондық түрде ала алатынына көз жеткізе алды. Әрқайсысы тесттік өтінімді жасап, Qoovee халықаралық сауда алаңына жіберіп көрді.

Іс-шараның мұндай форматының қызығушылық деңгейі жоғары, себебі қатысушылар өз командасының жолын өздері анықтайды, қызметтерді өз бетінше таңдайды және тапсырыс береді және тұғырнаманың атқарымын сынап көреді.

 «Бүгін шынымен де ықыласты аудитория жиналды, яғни біз жаңа ғана ойнатқан жағдайларға күн сайын тап болатын бизнес адамдары жиналды. Кәсіпкерлер бір-бірімен, тұғырнамадағы онлайн-сервистермен танысты. Бизнес-ойынның мақсаты - ISMET.kz тұғырнамасындағы сервистерді пайдалана отырып, кейстерді шешуге кәсіпкерлерді тарту, және біз осы ойын қатысушыларға ұнағаны үшін және тұғырнаманың сервистері оларды қызықтырғаны үшін қуаныштымыз.

Бізді жылы қарсы алды. Өздерінің тығыз жұмыс кестесінде біз үшін арнайы уақыт тапқан адамдарға тағы да алғыс білдіреміз және олар өз уақытын бекерге жұмсаған жоқ, енді аталмыш тұғырнаманың онлайн-сервистерін өз ісінде қолдана алатын болады деп үміттенемін» - «Қазақтелеком» АҚ бизнес-шешімдер және коммуникациялар департаментінің бас менеджері Жинара Байдельдинова.

ISMET.kz тұғырнамасы бұлтты шешімдерді ұсынады, солардың арқасында арнайы дайындық болмағанда да және нақты жұмыс орнына байланбай, бизнес-тапсырмаларды шешуге болады. Олар жұмыскерлердің жұмысын жеңілдетеді, уақытты үнемдейді, ал интерфейстің көрнекілігі директорларға үдерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Бірнеше минут ішінде акт пен шот-фактураны жазып беру, салықтық есептілікті автоматты түрде қалыптастыру, кассалық чекті смартфон арқылы өткізіп беру – осындай және көптеген басқа шешімдерді ISMET.kz тұғырнамасы ұсынады.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии