Неліктен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды ғана емес, сайтыңызды да дамыту маңызды
Еркін бизнес - бұл қиындықтарға, амбицияларға және еңбекке толы әлем. Бірақ сәттілік әрқашанда бағын сынап нар тәуекелге баратындардың, қиындықтарға төтеп беретіндердің қанжығасында кете барады. Кәсіпкер - нарықтық қатынастардың адал қатысушысы. Себебі кез келген бизнестің міндеті - табыс табу, ісінің нәтижесін көру. Ал бизнесмендер клиенттерге бұл туралы тікесінен ашық айтады: бала немесе жүкті әйел болсын, мемлекет немесе қоғам болсын.
Бірде Билл Гейтс: "Егер Сіздің бизнесіңіз интернетте болмаса, онда сіз де бизнесте болмайсыз", - деген екен. Ол мұны 1995 жылы 33 жасында айтқан болатын. Бүгін, яғни 27 жылдан кейін бұл сөздің рас екендігіне көзіміз жетіп отыр. Бірақ ол бұл қағиданы бірінші болып растаған жоқ. Бүгінгі таңда интернетсіз мұндай жылдамдықпен жетістікке жетіп, кәсібіңнің нәсібін көру қиын. Айтпақшы, желідегі алғашқы жарнамалық баннер 1994 жылы пайда болды. Содан бері интернеттегі жарнама триллион долларлық бюджетті жинады. Бұл тек басы ғана.
Интернеттегі ең алғашқы баннер
Өз бизнесіңізге неліктен сайт қажет?
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер брендің танымалдылығын арттырады. Шағын және орта бизнестің әр өкілі осыны түсінуі керек — әлеуметтік желілер сатылымды көбейте алады, өнім каталогын қарауды арттыра алады. Дегенмен, сіз өзіңіздің сайтыңыз және доменіңіз корпоративтік кіріс жәшігіңізге байланған жағдайда ғана клиенттердің сеніміне лайықты боласыз. Егер сіздің негізгі сату алаңыңыз әлеуметтік желілер болса, онда клиенттердің сенімін арттыру үшін сайт әдетте компанияның негізін қалаушылар туралы тұрақты ақпарат береді, лицензияларды, мекен-жайларды және компанияңыз туралы маңызды жаңалықтарды көрсетеді.
Сонымен қатар, сайтта жеткізушілермен келісім-шартты және сіздің компанияңызбен бизнесті жүргізудің нақты шарттарын орналастыруға болады. Сайт - бұл басқа әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңыз сияқты сіздің бизнесіңіздің маңызды бөлігі. Айтпақшы, егер сіздің пошта жәшігіңіз «бренд_атауы@besplatnaya-pochta.com» болса, сіздің бинесіңіз сәл қарқынын азайтқанда, бәсекелестер сіздің поштаңызды көшіріп алу қаупі бар.Осыны есте ұстаңыз! Әрқашан бес қадам алға ойланып, сәттілікті уысыңыздан шығарып алмаңыз.
Ал біз болсақ сіздің корпоративтік сайтыңыз үшін ең маңызды деркктерді дайындадық.
1. Сайттағы навигация
Ол өте оңай және түсінікті болуы керек. Пайдаланушы сіздің сайтыңыздан өнім туралы қажетті ақпаратты оңай тауып, тапсырыс бере алатындай ыңғайлы навигацияны кескіндеу қажет. Ең маңызды және маңыздылығы аз ақпаратты бөлуге тырысыңыз. Маңызды ақпараттар пайдаланушылардың көз алдында болуы керек. Егер пайданушылар сайт арқылы көбірек тапсырыс берсін десеңіз, экранның әр бөлігіне тиісті батырмаларды орналастырыңыз. Өйткені әлеуметтік желілердегі аккаунттар кез келген уақытта бұғатталып қалуы мүмкін. Пайдаланушы монитордаң әрдайым "Маған хабарласыңыз" немесе "Маған қоңырау шалыңыз" батырламаларын іздемеуі үшін барлығы көз алдында болуы керек.
2. Тауарлардың ыңғайлы галереясын жасаңыз
Ыңғайлы, ең бастысы, сіздің қызметтеріңіз бен өнімдеріңіздің нақты галереясы жеңіл және түсінікті болуы керек. Сатылатын өнімді визуализациялаңыз, жұмысыңызды көрсетіңіз немесе сайттағы мәтіндік мазмұнды өнімдеріңіздің әдемі фотосуреттерімен бірге жариялаңыз. Сол кезде ғана пайдаланушылар сіздің тауарыңызбен жақсы танысып, сатып алу туралы тез шешім қабылдайды. Ассортименттің өзектілігі галереяның маңызды бөлігі болып табылады.
3. Тауарлар қоржыны
Бүгінде онлайн дүкен құру қиын емес. Арнайы сайт жасаушылар жеткілікті. Сатып алушылар сіздің веб-ресурсыңызда ұнаған тауарларды немесе қызметтерді таңдап, ақысын төлей алатындай етіп сатылым қоржынын жасаңыз. Егер сізде банктерден төлем модулін қосу үшін бағдарламашы жалдайтындай мүмкіндігіңіз болмаса, "Тапсырыс беру" батырмасын басып, жаңа тапсырысты көре сала бірден клиентке қоңырау шалыңыз. Тапсырысты жоғалтқаннан гөрі, тауарды жеткізген кезде ақшасын алған дұрыс болар.
4. Кросс-сатылым құралын пайдалануды ұмытпаңыз
Кросс-сатылым - бұл сіздің сайтыңыздағы ұқсас өнімдердің көрінісі. Пайдаланушы аяқ киімді қарап шықты делік - оған қыста аяқ киімді қорғауға арналған кремді көрсетіңіз. Осындай блоктың көмегімен сіз кез келген тапсырыстың орташа чегін көтересіз.
5. Кері байланыс үлгісі
Бұл клиенттермен байланысудың ең тиімді әдістерінің бірі. Кері байланыс үлгісі сайтқа кірушілерден пікір, байланыс деректері, түрлі идеялар мен ұсыныстар жинауға жарайды. Тек бір маңызды ережені ескеріңіз — клиенттердің мұндай хабарламаларын елемей қоюға болмайды. Егер пайдаланушы сіздің қызметтеріңізге немесе өніміңізге наразы болса және сіз ол наразылыққа көңіл бөлмей қойсаңыз, біраз уақыттан кейін қанағаттанбайтындардың саны көп болады.
Егер пайдаланушы сіздің сайтыңызды тауып, сізге өзінің наразылығы туралы хабарлама жазса — коолектив ішінде шара қабылдауды ұмытпаңыз, клиенттің наразылығының себебін анықтаңыз. Ең бастысы, клиентпен өзіңіз байланысыңыз және оған осы жұмысы үшін алғыс айтыңыз. Өйткені ол сіздің бизнесіңіздің сәттілігі үшін үлкен қызмет жасады.
6. Әлеуметтік медиа белгішелері
Өз сайтыңызға аккаунттарыңызға сілтемелері бар әлеуметтік медиа белгішелерін орналастыруды ұмытпаңыз. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерден көп нәрсе жоқ, бірақ сіз өзіңіздің клиентіңіздің қай жерде екенін түсінуіңіз керек. Мысалы, Қазақстанда аса танымал емес Viber қосымшасы Ресейде, Беларусьте, Украинада аса танымал екенін білесіз бе?
Клиенттермен дұрыс байланыс орнату үшін статистикалық ашық деректерді пайдаланыңыз. Сайтқа кірушілердің сіздің компанияңызбен байланысқа шығуын жеңілдету үшін сайтта әлеуметтік желілердің белгішелерін және мессенджерлердегі аккаунттарыңызға тікелей сілтемелер орналастырыңыз.