ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерге арнап ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына орай бірқатар пайдалы мәліметтерді жариялады. Салық заңнамасы туралы, ЖК тіркеу және қызметін тоқтату, салықтар мен өзге де төлемдерді есепке алу және қайтару, БКМ қолдану туралы, жедел аударымдар және жалпыға бірдей декларациялау туралы не білу қажет.
Біздің оқырмандар үшін біз көптеген ақпаратты арнайы бір нұсқаға жинадық. Салық және бизнесті жүргізудің әкімшілік жағы туралы үнемі хабардар болу үшін төмендегі материалды оқып шығыңыз.
ЖК-ті мына тәсілдер арқылы тіркеуге болады:
Электронное
правительство
РК (egov)
Уведомление о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя
Halyk bank
Бесплатная регистрация ИП:
- за 1 день
- без посещения ЦОН-а и налоговых органов
- дальнейшее открытие счёта онлайн
Егер жеке кәсіпкерге тіркеу деректерін өзгерту қажет болған жағдайда:
Тиісті хабарламаны тіркеу деректері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсыну (ЖК, ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) атаулары, орналасқан жері) қажет.
Тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған хабарламаны алған күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
ЖК қызметін тоқтату
Салық органына қандай құжаттарды тапсыру керек:
- Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
- Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, (болған кезде);
- Таратылу жайындағы салықтық есептеме;
- Салық кодексінің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш (болған кезде).
Қандай шарттарға сай болу керек:
- ҚҚС төлеушісі емес болу шарт;
-ҚҚС төлеушісі болып, бірақ осы салық бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда;
- Тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарына немесе ішінара салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген жағдайда;
- Не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесіне енгізілмеген жағдайда.
Кейбір ЖК ҚР СК 95-бабына сәйкес салық органдары тарапынан камералдық бақылау жүргізбестен қызметін жеңілдетілген тәртіппен тоқтатуы мүмкін.
Ол үшін келесі шарттарға сай болу керек:
- ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде болмау қажет;
- Бірлескен кәсіпкерлік ретінде бизнес жүргізбеу қажет;
- Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмау қажет;
- Тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде болмау, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде болмау қажет;
- Салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы болмауы шарт;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі болмауы тиіс.
Егер жеке кәсіпкер осы шарттарға сәйкес келмесе, онда негізгі тізбеден басқа, ол бөлімшеге салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті, сондай-ақ таратылу жайындағы салық есептемесін ұсынуы тиіс.
ЖК тіркеуден шығару жағдайы туралы барлық ақпарат осы жерде (салық төлеушілерді іздеу), сондай-ақ тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасында көрсетіледі.
Кірістер мен мүлік туралы декларация
Табыс және мүлік туралы декларация 270.00 үлгісі бойынша ұсынылады.
Жеке табыс салығы бойынша декларация (ЖТС) 240.00 үлгісі бойынша тапсырылады.
ЖТС-тен есептелетін табыс пен мүлік туралы декларация бар. Оларды шатастырмаңыз!
Декларацияда нені көрсету керек:
- Есептік күнтізбелік жылда алынған табыстар;
- Салықтық шегеріс;
- Мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару фактісі;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
- Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық қарыздар. ҚР екінші деңгейдегі банктеріне қарыздар көрсетілмейді.
Маңызды! Декларацияда табыстың келесі түрлері бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:
- Мүліктік табыс;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған табыстар;
- Салық агентінен алынбаған үй қызметкерлерінің табыстары;
- Салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісім-шарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің табысы;
- Қызметкердің халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және/немесе азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табысы;
- Кәсіпқой медиаторлардың табысын қоспағанда, медиатордың табысы;
- Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс.
Кірістердің осы түрлерін "кірістері мен мүлкі туралы декларацияда" көрсеткен және олар бойынша ЖТС есептеген кезде 240.00 үлгідегі декларацияны тапсырудың қажеті жоқ.
"Кірістер мен мүлік туралы декларацияны" тапсыру мерзімі (270.00 үлгісі):
Қағаз бетінде - 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;
Электрондық түрде - 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
ЖТС төлеу мерзімі (240.00 үлгісі):
15 шілдеден кейін 10 күн ішінде – егер декларация қағаз бетінде ұсынылса.
15 қыркүйектен кейін 10 күн ішінде – егер декларация электронды түрде ұсынылса.
"Кірістер мен мүлік туралы декларацияны" ұсыну тәсілдері
Электрондық түрде - "Салық төлеушінің кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz) және eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы ұсынады.
Қағаз бетінде -орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады.
Артық төленген салықтарды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды қалай қайтаруға болады
Мобильді аударымдар
Мәлім болғандай, ақша қаражатының мобильді аударымдарын Қаржы министрлігі кәсіпкер ретінде кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызған.
Мұндай критерийлерге мыналар жатады:
Бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражаты аударылған жағдайда.
Салық кодексінің аясында 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарына кезең-кезеңімен беретін болады:
1-кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін):
– Мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша.
2-кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін):
- Бюджет саласының қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары бойынша.
3-кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін):
- Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары бойынша.
4-кезең(01.01.2025 ж. бастап):
- Халықтың қалған санаттары бойынша.
Келесі жылдың өзінде банктер қаржы министрлігіне бірінші кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтер бере бастайды.
Бұл қатаң шаралар жеке тұлғалардың және адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына қойылмайды және ол салықтық мониторинг жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтару заңсыздығының алдын алуға бағытталған.
Бақылау-касса машиналары
Естеріңізге сала кетейік, салық төлеушілерге ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.
Бұл туралы біз мұнда егжей-тегжейлі айттық.
Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс деректері:
ҚР ҚМ МКК сенім телефоны: 8 (7172) 71-80-05
ҚР ҚМ МКК байланыс орталығы: 1414 (қосымша нөмір 3)
Цифрлық салық кеңесшісі- Телеграмдағы SalyqBot
Telegram чат ТІЖ мәселелері бойынша