АСТАНА-1 АЖ қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.
Екінші деңгейдегі банктер жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты декларанттардың жеке шоттарына кедендік төлемдер мен салықтар түспей жатыр.
Бұдан басқа, интернет байланысының ажыратылуына байланысты АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі сыртқы пайдаланушыларында кедендік құжаттарды беру мүмкіндігі жоқ.
Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында (кедендік ресімдеу орындарында) кеден өкілдеріне, декларанттарға және т.б. тауарларға арналған декларацияларды беру үшін автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылды.
Декларацияларды тапсыру мүмкіндігінің болмауына байланысты кеден заңнамасын бұзған тұлғаларды тартуға қатысты ҚР-дағы төтенше жағдайға байланысты жеңілдіктер қабылданатын болады.
Мемлекеттік кірістер органдары төтенше жағдай кезінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі болмағандықтан айыппұлдарды салмайды және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды жауапкершілікке тартпайды.