«Егер уақытылы салық төлемесем ше?» - біз не істеу керектігін айтамыз?

_________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4710
0 пікірлер

«Егер уақытылы салық төлемесем ше»? - біз не істеу керектігін айтамыз


Жеке кәсіпкерлер үшін 910 салық есептеме беру үлгісінің екі мерзімі бар: 1-ші жартыжылдық: 01 шілдеден 15 тамызға дейін, 2-ші жартыжылдық: келесі жылдың 01 қаңтарынан 15 ақпанына дейін.

Егер есептеме уақытында берілмесе және салық төленбесе не істеу керек?


Бұл жағдайға барынша шындап қараған жөн, өйткені оның салдары сізге қолайсыз жағдайлар тудыруы мүмкін: мүлікке тыйым салудан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынудан бастап, жеке мүлікті пайдалануға және т.б шектеулерге дейін.

1 АЕК (2022 жылы 3063 теңгені құрайды) қарыздарыңыз болса, борышкерлер тізіміне кіресіз.  Берешек туралы МКК-нен жіберілетін хабарламадан білуге немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында өз бетінше тексеруге болады.

Егер сізге шектеулер қойылған болса (шоттарды бұғаттау, мүлікке тыйым салу), сіз қарыз сомасын төлеп, жеке сот орындаушысымен байланысуыңыз керек. Салықты банктік мобильді қосымшалар мен банктік кассалардың көмегімен төлеуге болады.

Есіңізде болсын, төлем кешіктірілген әрбір күн үшін  өсімпұл есептеледі — Ұлттық банктің 1.25 базалық мөлшерлемесі.К данной ситуации следует относиться со всей серьезностью, ведь последствия могут быть крайне неблагоприятными: от наложения ареста на имущество и запрета выезда за пределы РК, до прочих ограничений пользования личным имуществом.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін