«Қазақтелекомның» жаңа Жария шарты туралы не білу керек?

__________________________
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4363
0 пікірлер

«Қазақтелекомның» жаңа Жария шарты туралы не білу керек?


Еліміздің басты телекоммуникациялық компаниясы жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың және жеке практикамен айналысатындардың қатарынан өз абоненттеріне ыңғайлы болу үшін қызмет көрсетуге арналған Жария шартты бекітті. Бұл туралы не білу керек екенін қысқаша айтып береміз.

Жария шартты енгізу жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке практикамен айналысатындар қатарындағы абоненттер үшін клиенттік жолды қысқартуға мүмкіндік береді.

Енді біздің клиент болу үшін Қазақтелеком АҚ кеңсесіне барудың, қағаз форматтағы шарттарға қол қоюдың қажеті жоқ. Ismet.kz порталында қызметтерді қосуға өтінім беру жеткілікті. 

Жария шартты жүргізуден басқа, біз Ismet.kz порталында төмендегі қызметтерді енгіземіз: телекоммуникация қызметтерін және бухгалтерлік құжаттарды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн басқару, кәсіпкерлер үшін QR-код немесе ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қою.

1 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке практикамен айналысатын адамдар қатарынан өз абоненттеріне ыңғайлы болу үшін Қазақтелеком қызмет көрсетуге арналған Жария шартты бекітті.

Жария немесе оферта шарттары келісімге екі тараптың қол қою қажетінсіз кез келген ЖК немесе ЖТ-ға (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке практикамен айналысатын адамдар) қосылуға мүмкіндік береді. Қазақтелекомның  кез келген қызметін қосқан кезде тек қосылуға арналған өтінішке қол қою жеткілікті және шарт автоматты түрде қол қойылған болып есептелінеді.

Жақында  Ismet.kz порталында өтінішке қол қою арқылы Жария шартқа қосылу мүмкіндігі іске асырылатын болады (ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін, мысалы, нотариустар, адвокаттар, жалға берушілер және т.б.).

Ismet.kz порталында Жария шартты жүргізуден басқа, біз төменде көрсетілген кәсіпкерлерге арналған қызметтерді енгіземіз: байланыс қызметтерін басқару; шоттар мен актілерді алу; QR-код немесе ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қою; ақауларды жөндеуге өтінім беру; деректемелерді ауыстыру; Ismet.kz порталындағы жеке кабинетте қызметтерді ауыстыру және қосу.

Біздің  Ismet.kz сайтымыз үнемі жетілдіріліп отырады, шағын бизнеске арналған жаңа қызметтер мен мүмкіндіктер қосылады.

Егер сізде портал бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, бізге электрондық хат жіберіңіз! Сізбен бірге порталдың жұмысын жақсартайық! 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін