Al‑Farabium – NVIDIA H200 GPU негізінде құрылған, «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымында орналасқан жаңа AI‑кластер. 56,4 петафлопс (FP16) есептеу қуатымен бұл жоба өңірдегі ең қуатты жүйелердің қатарына енеді және Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін арттыруды көздейді.
NVIDIA H200 чиптерінің жеткізілімі тікелей өндірушімен келісілген. Бұл – машиналық оқыту, генеративті модельдер мен Big Data өңдеуге арналған соңғы буындағы графикалық үдеткіштер.
Al‑Farabium – NVIDIA H200 негізінде құрылған Орталық Азиядағы алғашқы AI‑кластер.
Ұлттық инфрақұрылымның негізі
Жоба ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 592 қаулысы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Құжатқа сәйкес, кластер ішкі нарықта AI-инфрақұрылымды дамытуға, деректерді сақтау мен өңдеуді ел ішінде қамтамасыз етуге бағытталған.
Ауқымды инфрақұрылым – бірнеше қалада
Al‑Farabium Алматы (TIER II+), Павлодар (TIER III) және Ақкөл (бункерлік типтегі оқшауланған нысан) қалаларындағы үш деректер орталығында іске қосылады. 2025 жылдың соңына дейін тағы бір дата-орталық Косшы қаласында пайдалануға беріледі. Бұл инфрақұрылымды төрт аймаққа дейін кеңейтеді.
Барлық объектілер жоғары жылдамдықты байланыс арналары және үш деңгейлі деректер резервтеу жүйесімен біріктірілген. Бұл – үздіксіз қызмет, жоғары сенімділік пен қауіпсіздік кепілі.
Қазақстан үшін де, халықаралық қауымдастық үшін де
Кластер Қазақстандағы ұйымдармен қатар, шетелдік серіктестерге де қолжетімді. Компаниялар деректерді шетелге шығармай-ақ, нейрожелілерді іске қосу және оқыту, Big Data талдау, жасанды интеллект шешімдерін енгізу бағытында Al‑Farabium мүмкіндіктерін пайдалана алады.