Аяқ киімді таңбалау нәтижесінде қосымша салықтық және кедендік түсімдер 29,5 миллион АҚШ долларын, темекі өнімдерінен - 6,5 миллион долларды, ал дәрілік заттардан - 18,9 миллион долларды құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті директорының орынбасары Әсет Өтеғалиев Digital Tañba форумында мәлімдеді.
Цифрлық таңбалау жүйесі ұлттық деңгейде кезең-кезеңімен енгізіле бастағалы бері, таңбалау міндетті болып табылатын тауарлар бойынша заңсыз сауда көлемінің тұрақты түрде төмендеу үрдісі байқалуда.
«Сол айтылған тауар топтары бойынша заңсыз сауда айналымының азаюы байқалуда. Атап айтқанда, аяқ киім бойынша – 84,6 миллион АҚШ доллары, темекі өнімдері бойынша – 35,8 миллион доллар, ал дәрі-дәрмектер бойынша – 269,6 миллион долларды құрады», – деп атап өтті Әсет Өтеғалиев.
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп тауарлары, сыра өнімдері, мотор майлары және зергерлік бұйымдар бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Зергерлік бұйымдарды есепке алмағанда, барлық тауар топтары бойынша реттеушілік әсерді талдау жұмыстары аяқталып, міндетті таңбалаудың енгізілуі жоспарлануда.
«Аталмыш тауар топтарын енгізуден алдағы 5 жыл ішінде елеулі экономикалық әсер күтілуде. Алдын ала болжамға сәйкес, нарықты ашықтандыру орташа есеппен 32%-ға жетеді, сондай-ақ бюджетке қосымша 118 млрд теңге түсім түсіп, көлеңкелі айналым 440 млрд теңгеге қысқарады», – деді Өтегенов.
Сонымен қатар спикер таңбалау құралы өнімнің соңғы бағасының қалыптасуына айтарлықтай әсер етпейтінін атап өтті. Бір таңбалау кодының орташа құны шамамен 2,68 теңгені құрайды.
Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы