«Қазақтелеком» АҚ «Ақылды лифт» жобасы арқылы тұрғын үйлерде цифрлық қауіпсіздікті дамытуда
16.10.2025, 11:37

«Қазақтелеком» АҚ «Ақылды лифт» жобасы арқылы тұрғын үйлерде цифрлық қауіпсіздікті дамытуда

457 рет қаралды
«Қазақтелеком» АҚ ақылды қалалық шешімдер желісін кеңейтіп, көппәтерлі тұрғын үйлерде қауіпсіздік пен цифрлық ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған «Ақылды лифт» жобасын іске қосады.

Жоба жолаушылар лифтілерін келесі цифрлық функцияларменжабдықтауды көздейді:

 

• Талдаумен бейнебақылау (бетті тану, күдікті мінез-құлықты тіркеу, агрессияны анықтау);

• Жедел қоңырау тақтасы (дабыл түймесі);

• Полиция департаментінің ЖБО интеграциясы;

• Лифт жай-күйін 24/7 режимінде қашықтан бақылау мүмкіндігі.

 

Пилоттық енгізу нәтижелері

Ақылды жүйесі бар пилоттық лифттер Астана қаласындағы «Дипломат» ТК орнатылды. Жүйе мынандай мүмкіндік берді:

• Вандализм әрекеттері мен жанжал жағдайлары туралы ескерту;

• Төтенше жағдайлар қызметіне тікелей қосылу арқылы оқиғаларға жедел әрекет ету.

• Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болған бірнеше адам сәйкестендірілген. Жүйе автоматты режимде полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ПД ЖБО) хабарлама жіберді, содан кейін құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдады;

 

«Ақылды лифт» жобасының мақсаты

Тұрғын үй секторында қауіпсіз цифрлық ортаны құру, тұрғындардың үйді басқаруға деген сенімін арттыру және төтенше жағдайларда полиция мен коммуналдық қызметтермен тікелей байланысты қамтамасыз ету.

 

«Қазақтелеком» АҚ жобаны әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғынүй алаптарынан бастап әкімдіктермен, ПИК және ҚК-мен серіктестікте масштабтауға ниетті.