Онлайн касса пайдаланушылары, назар аударыңыздар!
Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректерді берудің жаңа 2.0.3 нұсқасының хаттамасын бекітті.
2.0.3 нұсқасының хаттамасында БКМ-ді тауарлардың ұлттық каталогына автоматты түрде қосуға және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО жағында геолокацияны анықтауға арналған сервис көзделген.
БКМ барлық пайдаланушылары өздерінің кассалық аппараттарын жаңа хаттамаға қайта бағдарламалауы тиіс. Жаңарту үшін БКМ әзірлеушісіне немесе БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз.
2025 жылғы 17 қарашадан бастап ескі 2.0.2 хаттамасы өшіріледі.
Кешіктірмеңіз — фискалдық деректерді беруде үзілістерді болдырмау үшін кассаны алдын ала орнатыңыз!