docsonline

 

Сіз карантин жағдайында біздің кеңсеге кіре алмайсыз ба? Қазір бұл қажет емес. Біз сіздермен онлайн байланыстамыз!

 

Құрметті Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларының корпоративтік клиенттері,

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдануына байланысты біздің кеңселеріміз 28 наурыздан 5 сәуірге дейін жабық болатынын хабарлаймыз. Карантинге байланысты белгілі бір шектеулерге қарамастан, біз кез-келген мәселелер бойынша сізбен байланыста боламыз.

Біз өз клиенттерімізге карантин жағдайында қашықтықтан қызмет көрсету үшін барлық ресурстарымызды жұмылдырдық.

Байланыс орталығының жұмыс уақыты ұлғайтылды – біз дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейміз.

ISMET.kz цифрлық платформасында қазірдің өзінде ең көп сұранысқа ие қашықтықтағы сервистер бар:

1. Сіздің компанияңызға жазып берілген ЭШФ, орындалған жұмыстар актілерін, салыстыру актілерін электрондық форматта алу.

2. Тұтынылған интернет трафигі туралы ақпарат алу және өткізілген қалааралық және халықаралық сөйлесулер есебін басып шығару.

3.  Қызметтерді қосуға, қызметтер сапасының нашарлауына, қызметтерді ауыстыруға, қызметтерді брондауға және  онлайн режимде өтініш беру.

4. Ұсынылған қызметтер үшін төлем жасау.

Көрсетілген қызметтерді пайдалану үшін сізге тек платформада тіркелу қажет.

 

«Қазақтелеком» АҚ-дағы жеке кабинеттен

электронды құжаттарды қалай алуға болады? *

 

  • Тіркелу
     
    ISMET.kz порталында тіркеліңіз.

  • Дербес шот
     
    Тіркеулік жазбаңызға компанияны міндетті түрде тіркеңіз. Онсыз құжаттар қалыптастырылмайды

  • Сіздің құжаттарыңыз дайын
     
    Құжаттар бөлімін ашыңыз. Қажетті шотты немесе актіні таңдаңыз, қарап шығыңыз, қол қойыңыз және көшіріңіз.

 

 

Егер сіздерде порталмен қиындықтар болса, онда біз сіздерге көмектесеміз

 

Төмендегі сілтемелермен өтіңіз — онда сіз тіркелу, дербес шот құру және жеке кабинетте жұмыс істеу бойынша нұсқаулықты табасыз.

 

Порталда қалай компанияны тіркеу және тіркелу керек?

Дербес шотты қалай ашуға және қызметтерге тапсырыс беруге болады?

Жеке кабинетте «Қазақтелеком» АҚ-дан электрондық құжаттарды қалай алуға болады?

Электрондық сандық қолтаңбаны онлайн алуға нұсқаулар.

 

Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалыңыз: 8 800 080 0807.

Бізге электрондық мекенжайға жазыңыз: support@ismet.kz

 

________

* Электрондық құжаттардың заңдылығы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ҚР Заңымен қамтамасыз етіледі. Әрбір құжат QR-кодпен шифрланған.