Дербес шот «Қазақтелеком» АҚ-нан электронды түрде құжаттарды алу үшін ғана қажет емес. Оның көмегімен Сіз ISMET.kz порталында қызметтерге тапсырыс бере аласыз және олардың ақысын төлей аласыз.
Экранның оң жақ жоғарғы бұрышында шығатын мәзірде «Менің компанияларым» тарауды ашыңыз.
Тізімнен компанияны таңдаңыз және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
Сіз дербес шоттың жоқ екендігі туралы хабарламаны көресіз. «Дербес шотты құру» батырмасын басыңыз.
Өрістерге деректерді енгізіңіз және клиенттік келісіммен танысыңыз. Одан кейін мына батырманы басыңыз
Енді сіздің өтініміңіз рәсімделді. Ол операторға жіберіледі және «Менің тапсырыстарым» тарауында шығады. Бұл тарауда сіз тапысырыстың мәртебесін қадағалай аласыз.
Оператор келісімді жоғарыға қарай, «Қазақтелеком» АҚ тарапынан қол қойғызу үшін, жібереді.
Біз келісімге қол қоямыз, және осыдан кейін ол Құжаттарттар тарауында шығады.
«Менің компанияларым» тарауына кіріңіз және қажетті компанияны таңдаңыз.
Бұдан кейін, сіз құрастырылған дербес шоты бар көре алатын терезе ашылады. Бұл үшін «Жаңғырту»-ға басыңыз.
Сіз дербес шотты қостыңыз. Енді сіз ISMET.kz порталдың цифрлық сервистерін пайдалана аласыз.
Барлық цифрлық сервистер «Тiзбе» тарауында орналасады. Ол порталдың басты мәзірінде орналасқан.
Қызметті сатып алу үшін сипаттаудың қасындағы «Тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
Сервистің атауын шертіп, сіз қызметтің карточкасына өте аласыз және толық сипаттаумен таныса аласыз.
Сервиске тапсырыс бергіңіз келетін, қосылған компанияны таңдаңыз.
Беттің төменгі жағында электронды мекенжайды енгізіңіз және «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
Қызмет көрсетудің тарифін таңдаңыз.
Қызметтің қосымша параметрлерін таңдаңыз және «Растау және қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
Төлем. Дербес шотты таңдаңыз және «Таңдау» батырмасын басыңыз.
Төлемнің шарттарымен танысыңыз және «Төлеу» батырмасын басыңыз.
Егер дербес шоттағы қаражат жеткілікті болса, онда тапсырыс өңделуге жіберіледі. Оның мәртебесін сіз «Менің тапсырыстарым» тараудан қарай аласыз. Дәл сол жерде сіз сервистің қорытынды нәтижесін де аласыз: құжат, файлды жүктеу үшін сілтеме және сервиске байланысты т.б.