Әрбір бизнес келісімшарттар, шоттардан бастап есептеме мен ішкі бұйрықтарға дейін көптеген құжаттарды өңдеуіне тура келеді. Дәстүрлі қағаз құжат айналымы айтарлықтай ресурстарды қажет етеді: уақыт, сақтайтын орын, басып шығару және жіберуге кететін шығындар. Сонымен қатар, қағаз құжаттарының жоғалу, зақымдану немесе тіпті ұрлану қаупі бар. Мұндай келеңсіз жағдайлар компанияны ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
Ал мұның бәрін жылдам, оңай және қауіпсіз жасауға бола ма?
Электрондық құжат айналымына көшу арқылы қырурар қағаздан арылуға болады. Мұрағаттан қажетті қағаз құжатты іздеуге көп уақыт жұмсамай-ақ, оны бірден цифрлық форматта табуға болады.
Электрондық құжат айналымы тек технологиялық шешім ғана емес, бұл бизнестің тиімділігін арттырудың стратегиялық қадамы. Оның көмегімен сіз ресурстарды үнемдеп қана қоймай, жұмыс процестерін жеделдетесіз, бұл сіздің компанияңыздың нарықтағы бәсекелестерден артықшылығыңызды көрсетеді.
Ismet Docs артықшылықтары
Ismet Docs - бұл цифлық форматтағы құжаттармен жұмыс істеуге арналған заманауи және ыңғайлы шешім:
• Қолжетімділік және ыңғайлылық: кеңседе, үйде немесе сапарда болсаңыз да, барлық құжаттарыңыз әрқашан көз алдыңызда болады. Тек интернет байланысы қажет.
• Қауіпсіздік және құпиялылық: сіздің құжаттарыңыз сыртқы қауіптерден қорғалған сенімді деректер орталықтарында сақталады. Құжаттарға сіз рұқсат берген адамдар ғана қол жеткізе алады.
• Жылдамдық және тиімділік: құжаттарды жасау, жіберу және оларға қол қою бірнеше минут уақытыңызды алады, бұл міндеттерді тезірек шешуге мүмкіндік береді.
• Күтпеген жағдайлардан қорғау: сіздің құжаттарыңыз табиғи немесе техногендік апаттар кезінде жоғалмайды және зақымдалмайды. Барлық деректер электронды түрде сенімді түрде сақталады.
Ismet Docs-пен жұмысты қалай бастауға болады?
Ismet Docs көмегімен электрондық құжат айналымына көшу үшін бірнеше қадам жасау шарт:
1. Авторизация немесе тіркеу
2. Компанияны тіркеңіз
* Егер сіз платформаны жеке тұлға ретінде пайдаланғыңыз келсе, Egov Mobile-ды таңдаңыз, QR кодын сканерлеңіз және қосымшадағы әрекетті растаңыз.
3. Құжатты жасау
4. Құжатқа қол қою
‣ Электрондық цифрлық қолтаңба: сертификатты таңдап, сандық кілтті пайдаланыңыз.
‣ EGov QR коды: смартфондағы eGov қосымшасы арқылы QR кодын сканерлеңіз. ЖК және жеке тұлғалар үшін «eGov Mobile», ал заңды тұлғалар үшін — «eGov Business» қосымшаларын пайдаланыңыз. Қосымшада «Қол қою» түймешегін таңдаңыз.
Жұмыс бітті! Сіздің құжатыңызға қол қойылды және жіберілді!
Ismet Docs арқылы кіріс құжатқа қалай қол қоюға болады?
1. Құжатқа өтіңіз
2. Авторизация немесе тіркеу
3. Құжатқа қол қою
«Қол қою» түймешегін басып, қол қоюдың ыңғайлы тәсілдерінің бірін таңдаңыз:
‣ Электрондық цифрлық қолтаңба: сертификатты таңдап, сандық кілтті пайдаланыңыз.
‣ EGov QR коды: смартфондағы eGov қосымшасы арқылы QR кодын сканерлеңіз. ЖК және жеке тұлғалар үшін «eGov Mobile», ал заңды тұлғалар үшін — "eGov Business-ті" пайдаланыңыз. Қосышада "Қол қою" түймеш таңдаңыз.
Сіздің құжатыңызға сәтті қол қойылды!