Бизнес ашқанда жиі жіберілетін қателіктер

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4667
0 пікірлер

ISMET порталында жаңа айдар ашылды. Онда кәсіпкерлер өз кеңестерімен бөліседі. Бүгінде кәсіп ашу қолайлы ма, бизнесті бастаған кезде нені ескеру керек, қандай қателіктерді жібермеу керек?

Бүгін біз "Нескучный сад" компаниясының негізін қалаушы және директоры Наталья Марковамен сөйлестік.

Оның айтуынша мына 3 қателікті жұмыста жібермеуге тырысу қажет.

 

1.     SMM және жарнама маманына ақшаңызды аямаңыз.

Барлық жаңа трендтерді қолдануды ұмытпаңыз: Instagram-да Reel пайда болды. Олай болса сіз бет-әлпетіңізді сатуыңыз керек. Портфолио ретінде менің жұмыстарымды сипаттайтын қарапайым мақалалар, әрине, Instagram-да болуы керек. Дегенмен, сәтсіздіктерім туралы әңгімелер, күлкілі жағдайлар, тіпті парақшамдағы ұсқынсыз немесе күлкілі бет-әлпетім қойылған посттар жақсы қаралады. Яғни, жеке бренд көп нәрсені білдіреді. Өз тәжірибеме сүйіне отырып, мынаны нақты айта аламын: менің әлеуметтік желілердегі парақшамды SMM маманы менің қатысуыммен оны сторис, видео және фототүсірілімді пайдалан отырып, дұрыс жүргізе бастағаннан кейін бизнесім алға ілгерледі.  

2.     Кәсіп ашқан кезде барлығына өзіңіз ғана жүгірмеуіңіз керек.

Кәсібіңізді дамыту үшін міндеттерді дұрыс тапсыра білу керек. Мен соңғы бір-екі жыл ішінде өз міндеттерімді басқаларға бере бастадым және оларды телефон арқылы басқара бастадым. Бұрын мен барлық жұмысты менен басқа ешкім жасай алмайды деп ойлайтынмын. Көшеттерді әртүрлә объектілерден таңдау, оларды қазып алу, жеткізу сияқты кішігірім бірақ күнделікті істелетін, тіпті жалықтырып жіберетін жұмыстарға өзім жүгіретінмін. Осының салдарынан үлкен клиенттерді іздеуге тіпті мұрша болсайтын. Барлық жұмыстарды онлайн басқарып, оларға қатыса білуің керек. Барлық міндеттерді көмекшілеріңе жүктей білуің керек. Пандемия кезінде осыны түсіндім: бір уақытта бірнеше жерде, бірнеше кездесуде болу мүмкін емес.

3.     Пайданы тек бір бағыттағы бизнестен немесе клиент есебінен қалыптастыру мүмкін емес.

Пайда әкелетін бірнеше бағытты дамыту қажет. Яғни, сізге көп ақша әкелетін бір негізгі клиентке барлық күш-жігеріңізді салудың қажеті жоқ. Басқа клиенттер туралы ұмытуға болмайды. Егер негізгі клиентіңіздің жағдайы нашарлап, одан айрылып қалсаңыз, сіздің күніңіз қараң қалады. Мен мұндай жағдайға тап болдым. Мен үшін маңызды клиент банкротқа ұшырады. Бірақ менің басқа да кәсібім болғандықтан, тығырықтан оңай шықтым. Бір сөзбен айтқанда, сіз барлық жұмыртқаларды бір себетке сала бермеңіз. Бірнеше бағытты ала жүріңіз, бірден бірнеше клиенттермен байланысты нығайтыңыз. Егер олардың ең  маңыздысы кетсе, онда аяқтан нық тұру қиын болады.

 

@natflorakz

#флористалматы

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін