2 бөлім. Сандық дәуірдегі инновацияның сермері. Пандемия кезіндегі серпіліс...

Құралай Ашимова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4874
0 пікірлер

НАРЫҚТЫҢ САНДЫҚ ЕМЕС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ

Инновацияның сермері нарық жетекшілеріне сандық резидент оқулықтарынан парақша алып, оны пайдаланып, сандық инновацияны жеделдетуге мүмкіндік алады. Барлығы соңғы пайдаланушының айналасындағы «сермер тобын» құрудан және ұйымдастырудан басталады. Басшылар топ алдына нақты мақсат қояды: мәселені табу және шешу, сермерді тез арада іске қосу. Ең бастысы басшылық жан-жақты жоспарлау мен талдаудың қажеттілігін бағаламастан, іс-әрекетке бейімділікті талап етеді. Шұғыл түрде бизнеске ықпал жасау – абзал міндет.

Алайда сандық резиденттерден алар ең үлкен сабақ – шығармашыл өнертабыстың кенет өзгеруі. Бұл алғашқы қадам ғана. Қауырт жұмыс өнім іске қосылғаннан кейін басталады. Сермер келесі кезеңдерден өтуі үшін топқа жұмыс жоспарын ұсынады. Сермер соңғы пайдаланушыны өзара әрекеттесу, қолайлы мүмкіндіктер шеңберіне тарту мақсатында үздіксіз инновацияның дәйекті кезеңдерінен өту үшін топты жұмыс жоспарымен қамтамасыз етеді. Олардың әдістемелік құралдары төрт кезеңдегі рационалды және икемді жобалаудың негізгі әдіснамасын біріктіріп, қатерді азайтады және табысқа жету мүмкіндігін арттырады.    

  • Кері байланыс арқылы соңғы пайдаланушымен танысыңыз. Сіздің тобыңыз оларға нақты уақыт тәріптемесінде оңай қол жеткізе алатындай етіп, сандық және сапалық деректерді біріктіріңіз.
  • Басшылық жеке деректер мен құпиялылықты сақтау үшін нақты құрылымдар мен хаттамалар құруы керек. Өйткені олар іс-әрекет пен шешім қабылдауға жетекшілік ететін маңызды элементтер болып табылады.
  • Аналитикалық құралдар мен процедуралар жиынтығын пайдалана отырып, идеялар құрыңыз. Өзіңіз үшін жаңа құндылықтарды ашыңыз. Ол үшін үлкен мүмкіндіктердің қай жерде екенін анықтаңыз.
  • Тәжірибелер жүргізіңіз. Ықпалды қадағалайтын, тиімділіктің негізгі индикаторларын анықтайтын, тығырықтан шығарар дәл және жылдам тестілерді құрылымдау арқылы инновациялық шешімдер жасаңыз.
  • Инновацияларды енгізіңіз. Өнімдерді, қызметтерді және платформаларды үнемі жақсартатын процестер құрыңыз.
  • Осы ережелерді қолданса, топтар инновацияларды енгізіп, жұмысты тезірек аяқтайды.

Сермер тәсілі тез және тиімді тәжірибелер үшін реттелген. Жылдамдықтың артуы сол уақыт ішінде көп жұмыс орындалғаннан емес, керісінше жұмысты жоғары кірістілікпен орындаудан туындайды.

Кейбір компаниялар келесі деңгейге ауысып жатыр: жасанды интеллекті тәжірибелер жүргізу үшін ғана емес (мысалы, сынақ және қателік әдісін үйрену арқылы), сонымен қатар бірінші кезекте тестіден өтетінді құру үшін.  

110 жылдық тарихы бар UPS компаниясы логистика саласының көшбасшысы болып саналады. Жақында компания 5,6 триллион долларлық бизнес сараланымының (B2B) электрондық коммерция нарығына шығу үшін инновациялқ шағын бағдарламалық жасақтаманы іске қосты. Компания өзінің негізгі клиенттік базасы ШОБ-ке назар аударып, оларды инновациялық кезеңнің орталығына орналастырудан бастады. Бұл тез арада күрделі мәселелерді анықтады. Көптеген шағын және орта бизнес субъектілері АҚШ-та бір-екі күн үшінде жеткізіп, қызмет құнын арттырмай, өсіп келе жатқан тұтынушылардың үміттерін қанағаттандырамыз деп үлкен қысымға ұшырады. Ақша ағыны шектеулі орташа статистикалық ШОБ субъектілері мұндай екі мақсатқа бірден қалай кол жеткізе алады?

Іс-әрекетке баса назар аудара отырып, UPS сермер тобы он айдан аспайтын уақыт ішінде Ware2Go толықтай фуллфилмент-бизнесті жобалап, жүзеге асыра алды. Бүгінгі таңда Ware2Go үшінші тарапқа тиесілі жеңіл активтері бар, жалпыұлттық, икемді қойма желісін басқарады. В2В нарығындағы пандемия кезіндегі дағдарысқа жауап ретінде В2С бизнес саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлікке бағытталған. Ware2Go бұлтты технологиялық платформасы ШОБ-ке тауарларды сақтау, буып-түю және жеткізу қызметтерін ұсынады. Бұл олардың іс-әрекеттің қажетіліктері өзгерген сайын масштабтауды біркелкі көбейтіп, не азайтуға мүмкіндік береді.

Ware2Go платформасында сермерге ұқсас дизайны бар. Ол барлық кезеңдерде әр тұтынушы үшін жеткізілім тізбегінің толық ағындарын жинақтайды. Сонымен қатар өнімдерді жасайтын топ сонымен қатар желінің интеллекті мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін деректер модельдерін машиналық оқумен біріктіретін өзінің бағдарламалық жасақтамасын қолданады. Ware2Go топтары клиенттеріне өздерінің барлық құндылықтар тізбегінің жұмысын жақсарту туралы диагностика жасап, түсініктеме бере отырып, жаңа бизнес-сараптама қызметтерін іске қосу үшін жүргізіліп жатқан сапалы зерттеулер мен мәліметтер жиынтығының ақпаратарын пайдаланады.

Starbucks өзінің инновациялық сермерін құруға және масштабтауға агрессивті тәсіл қолданды. 2017 жылы компания клиенттердің жеке тәжірибесін толықтай ұсыну үшін өзінің сандық тәжірибесін түбегейлі өзгерту үшін инновациялық топ құрды. Бұл компанияға «бір уақытта бір адамға, бір кесеге және бір аймаққа» деген ұстанымға назар аударып, міндетін орындауға мүмкіндік береді. Starbucks топтары сермерді іске қосты және оның басымды жағын көрсетті. Starbucks жыл сайын миллиардтаған деректерді жинай отырып, тұтынушылар тәжірибесінің әрбір аспектілері жайлы түсінік береді. Бұл операцияны көп бейінді дизайнерлер, өнім менеджерлері, маркетологтар, деректерді өңдеу қызметкерлері, инженерлер мен операторлар тобы жүзеге асырады. Негізгі технологиялық платформа бөлек-бөлек дерек көздерін (соның ішінде 90 миллионнан астам апталық транзакцияларды), сондай-ақ жеке тұтынушылар деңгейіне дейін өнімдер, адалдық және дүкен туралы ақпарат жинайды. Платформа бұл ақпараттарды орналасқан жері, дүкен профильдері, ауа-райы, жергілікті оқиғалар және т.б. деректермен байланыстырады. Бұл ұялы телефондар арқылы тапсырысты жеткізетін және дүкендерге жеткізетін қызметті қолдау үшін қажет. Машиналық оқыту алгоритмдерін үздіксіз оңтайландыруды жүргізеді, клиенттермен өзара әрекеттесуді жақсартады және әр адамға бейімделген ұсыныстармен әрекет етеді. Starbuck маркеттинтік сермері іске қосылғаннан кейін бірнеше жыл ішінде керемет нәтижелер берді. Нарықтағы ұсыныстар саны 100 000 есе өсті, маркетингтің жекелендірілген сатылымдары үш есеге өсті. Енді компанияға ұсыныстарды әзірлеуге және іске қосуға уақытының оннан бір бөлігі қажет. 

Инновацияның жылдамдығы және мөлшері.

Сандық емес резидент компаниялар үшін инновациялық сермердің барлық әлеуеті тәсілді кеңейтуде және бизнестің барлық салаларында инновацияны жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктер жиынтығында. Сермер топтарының кезекті толқындарын іске қосу үшін көшбасшылар жентек қар әсерін жасайды. Осылайша топтар бір-бірінің күш-жігерін арттырып, одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жаңа жұмыс әдісіне көп қызметкерлер тартылған сайын, олар маңызды массаны құрайды. Көшбасшылыққа, мәдениетке, дарындылық мен технологияға сандық тәсілдеме тамырын жайып, инновацияның жылдамдығы мен ауқымын арттыру негізін қалайды.  

Табысы мол сандық компанияларда көшбасшылыққа деген көзқарас басым болып келед: бас менеджерлер бизнестің белгілі бір нәтижелеріне назар аудара отырып, өздерінің көп бейінді өнім әзірлеу топтарын басқара алады. Ашықтыққа, айқындыққа және іс-әрекетке деген ұмтылысқа негізделген мәдениет, деректер мен көрсеткіштерге аса көңіл бөлумен үйлеседі. Бұл тәсіл жоғары энегетикалық адамдарды кәсіпкерлікке талпындыруға, ынталандыруға және дамытуға арналған: болашақ көшбасшылар үшін. Олардың жұмыс әдістері сермердің сандық нұсқауларымен үйлеседі, оларды қатаң әдіснамамен қамтамасыз етеді және көп бейінді топ мүшелері арасында нақты рөлдер мен қарым-қатынастарды орнатады. Бұл өз кезегінде бірге алға басуға мүмкіндік береді. Сонымен, технологияға деген тәсілдеме әр топтың икемділігін, тәуелсіздігін және жылдамдығын оңтайландыруға арналған.

National Grid - АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші табиғи газ және энергетика компаниясы. Бүкіл бизнес барысында сандық инновациялар мен мәдени трансформацияларды жүргізу үшін олар сермер тәсілін қолданды. 2019 жылы компания баға құратын негізгі топтарды, соның ішінде дала жұмыстарын, желіні жоспарлау және оған қызмет көрсету, сонымен қатар тұтынушыларға қызмет көрсету: сату, желіге қосылу, есепшот ұсыну және қызмет көрсету сияқты функцияларды бағыттауға күш салады. Содан кейін ол осы мүмкіндіктердің сегментіне бағытталған жаңа бағдарламалық жасақтаманы іске қосты. Және де бизнес-процестер мен тұтынушыларға қызмет көрсетуді толығымен өзгерту мақсатында  сандық шешімдер мен өнімдердің бірқатарын жасап шығаруды және іске қоуды кеңейтуді топтарына тапсырды.

Шешімдердің бірінші толқыны іске қосылды. Солардың біреуі – желіні жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын түбегейлі оңтайландыруға және жеңілдетуге арналған далалық топты қолдау платформасы. Бұл шешім найзағай соққан жылдамдықпен далада қолданылуда. Алғашқы нәтижелері өнімділік пен тиімділіктің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. 1-кезеңнің сынақтары далалық жөндеу жұмыстарының жабылу уақыты орташа 77 күннен 48 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сермер платформасының дизайны желі жұмысшысын, менеджерін және кеңсе қызметкерін инновациялық циклдың орталығына орналасытрады. Бұл патформаның дизайны әрбір пайдаланушыға жұмыс жағдайы, орналасқан жері, активтердің жағдайы және басқалар туралы жаңа деректер жиынтығын тезірек жинауға мүмкіндік береді. Өнімді әзірлеу тобы осы деректер жиынтығын жалпы функционалдық пен өнімділікпен қатар пайдаланушы тәжірибесін жақсартудың ең жақсы мүмкіндігін анықтау үшін пайдаланады.

Тағы бір бастамашылық шешім – коммерциялық және өнеркәсіптік тұтынушыладың энергия тұтынуы мен шығындарын бақылау, басқару және оңтайландыру әдісін толығымен қайта анықтауға арналған сандық тарифтеу платформасы. Бұл жағдайда дизайн клиенттерді, бөлім басшыларын инновациялық циклдың орталығына қояды. Интуитивтік пайдаланушы интерфейсі клиенттерге артықшылықтарды оңай енгізуге, есептер мен есеп айырысу циклдарын өздерінің бизнес қажеттіліктеріне сәйкес қайта құруға мүмкіндік береді. Өнімдерді әзірлеу тобы осы деректерді инновациялық платформаны жетілдіру үшін нақты пайдалану үлгілерімен бірге жинайды. Бұл клиенттердің платформасымен кеңірек және жиі өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта National Grid компаниясында сегізден астам сермер топтары жұмыс істейді. Олардың саны 2021 жылдың соңына дейін 25-тен асады деп жоспарланып отыр және олар жұмысқа толықтай дайын. Ішкі динамиканың өсуіне байланысты құрылымдық бөлімшелер өздерінің дәстүрлі ІТ бағдарламаларын қайта қарастырып, оларды модульдерге бөлді. Осы бағдарламалар үшін қауіп-қатерді азайтып, олардың бизнеске ықпал ету жылдамдығын арттыру үшін сермер әдісін қолданды. Сонымен қатар National Grid командасы өз топтарын қысқа мерзімді ынтымақтастықтан алшақтауға, клиенттер мен бизнес процестер арасындағы шұғыл мәселелерді шешуге, барлық құндылықтар тізбегіндегі озық технрологияларды қолдануға бағытталған ұзақ мерзімді клиенттер серіктестігіне серпін береді; Интернет заттарының хабаршысы, машиналық оқыту және жасанды интеллект.

СЕРМЕРДІҢ ӘСЕРІН АРТТЫРУ

Біздің тәжірибемізге сүйенсек, басшылар өз компанияларының сермер құрылымын ұтымды пайдаланып, ұйымның құндылығын арттыру және жаңарту үшін оларға бес іс-әрекет жасауына болады.

  1. Аздан бастаңыз, бірақ ауқымды көлемде ойланған абзал. Басшылар бір мәселені таңдап, топқа оны жаңа әдіспен шешуге мүмкіндік берулері тиіс. Бұл трансформацияға деген дәстүрлі тәсілдерге қайшы келеді. Өйткені жаңа бағдарламалар аса даңғазалықпен және үлкен инвестициялармен іске қосылады. Керісінше, басшылар құндылықты ашатын мақсатқа қол жеткізулері керек. Бұл клиенттердің мәселелерін, жұмыстың тиімсіздігін жою және нарықтағы мүмкіндіктерді арттыру деген сөз. Содан кейін бір сермер топ өз мүшелеріне жұмыс әдістемесінің қағидасын қолдануға мүмкіндік береді. Және оларды жаңа мүмкіндікті ойлап табу үшін «болуы мүмкін өнерді» қолданыңыз. Осыдан кейін, сіз осы шешімді құра алатын, оны іске қосатын және бизнеске тез ықпал ететіндей топ үшін платформаны тазартуыңыз керек.
  2. Сермер топтары пайдалы өнім жасап, оны тез құрып, кері байланыс алу, өзгертулер енгізу үшін пайдаланушалардың қолына беруі керек. Сондықтан, басшылар сермер топтарына өздерінің тұжырымдамаларын клиенттермен бірге тексеруді бастау үшін лицензия берулері керек.
  3. «Көрсетіңіз, бірақ айтпаңыз» деген ұстанымда болыңыз. Сермер топтары басшылыққа тез арады нақты дәлелдер ұсынулары қажет. Бұл дәстүрлі ауқымды бағдарламаларға қарама-қайшы келеді. Бұл бағдарламаларда алдын-ала үлкен міндеттемелерді негіздеу үшін күрделі іскерлік жағдайлар жасалады. Бірқатар жедел эксперименттердің көмегімен сермер топтары техникалық және өндірістік жүзеге асушылығы, соңғы пайдаланушының қабылдауы және бизнеске ықпал етуі үшін деректерді жинауы керек. Егер олар басшылыққа айғақты дәлелдер келтіріп, оны сендіре білсе, ондай топтар жақсы қаржыландырылуға, демеушілік алуға лайық.
  4. Бірінші сермерді жүргізіңіз. Сермерді жақсылап айналдыру үшін айтарлықтай энергия қажет. Сондықтан басшылық сермердің бірінші толқыны арқылы іске қосылған алғашқы айналымның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, алда кездесетін кедергілер мен  ұйымдастырушылық сәйкессіздіктерін алдын-ала шешулері керек. Мәдениет, шешім қабылдаудағы жайбасарлық және ескі жүйелер сермерге тегеуіш болып, жұмысын алға бастырмай қояды. Шынында да, бұл кез-келген үлкен ұйымның алдында кездесетін инновацияның құрылымдық кедергілері. Бақытымызға орай, біздің тәжірибеміз көрсеткендей, алғашқы сатыда сермер тәсілі киын болып көрінетін мәселелерді шешуге қажет қомақты энергияны шығара алады. Көптеген қызметкерлер жұмысқа қабылданып жатқандықтан, ұйымға жаңа дарын иелері мен мәдени өзгерістер әкелінеді. Осылайша сермер әдісі жаңа дарын иелерін жұмысқа тартып, оларды ұстап қалуға көмектеседі.  Сандық резиденттер мұны бәсекелестік артықшылықтың тағы бір көзі ретінде қарастырады.
  5. Өзгерістерді іштен басқарыңыз. Іс-әрекеттер мен нәтижелер анық көру мен әбден ойластырылған стратегияларға қарағанда әлдеқайда жақсы. Қызметкерлерді шабыттандыру үшін басшылық сермер топтарына жаңа жұмыс тәсілдерін және олардың бизнеске тигізетін ықпалын кеңінен көрсетуге мүмкіндік беруі керек. 
Сермер тәсілі орасан зор өзгерту әлеуеті кәсіпорынның аумалы элементтеріне таралады: мәдениет пен дарындылықтан бастап ұйымдық құрылым, жұмыс тәсілдері мен технологияға дейін. Инновация сермері серпіні кішігірімнен басталып бизнеске тез ықпал етуге және алдыңғы қатардағы топтарды шабыттандыруға және мүмкіндіктер аясын кеңейтуге бағытталған. Бұл тәсілді секторға, қол жетімді бюджетке немесе ұйымның өзгеру жолындағы қазіргі ұстанымына қарамастан көшбасшы топтар қолдай алады.
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін