1 бөлім. Сандық дәуірдегі инновацияның сермері. Пандемия кезіндегі серпіліс...

Данияр Куантканов
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
5333
0 комментариев

Пандемия уақыты сандық технологиялардың қаншалықты тәсілқой екендігін көрсетті. 2020 жылдың ақпан айынан бастап біз бүкіл дүние жүзінде сандық технологиялардың өміріміздің барлық салаларында қамтылғанына куә болдық. Кейбір болжамдар бойынша, онлайн режимінде азық-түлікті сатып алу пайызы 2020 жылы үш есеге өсті; ойын-сауық бейнематериалдарды көруге кететін уақыт 40%-дан, ал бейнеконференциялар өткізу 110%-дан асты. Біз сондай-ақ тарихтағы кенеттен мінез-құлықтың күрт өзгергенін көрдік; бұл қашықтан және сандық жұмыс істеуді барлық салада енгізуде болды. Екі айдың ішінде АҚШ-тағы жеке және мелекеттік жұмыс берушілердің 85% -нан астамы екінші кезектегі қызметкерлерін үйде отырып, қашықтан жұмыс жасауға көшірді. Әрине бұл процесс ондаған миллион қызметкерлердің өмірін бірден өзгертті десек артық айтқан болмас. 2020 жыл сандық технологияларының алыптары үшін дүрліккен жыл болды. Ал осыған қарқын берген Netflix и Amazon компаниялары еді. Екі компания өздерінің негізгі бизнестерінде өсу шегіне жетіп, кірістері сәйкесінше 24% және 38% өсіп отырды. Екі компания да инвестициялық тартымдылықтың 70% -ға айтарлықтай өсуін көрсетті. Сандық технологияларды енгізу саласындағы жаңа ізашар компаниялар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.   

Мысалы, Peloton әлеуметтік виртуалды фитнес-студиясы 12 айда милионнан астам қолданушыны қосып, сатылымды үш есеге және акцияларының құнын 500%-ға арттырды. Zoom бейнеконференция баңдарламасы астрономиялық өсу шегіне жетті – 2019 жылдың желтоқсанында бір жыл ішінде орташа есеппен күнделікті пайдаланушылар санын10 миллионнан 300 миллионға дейін жеткізді. Сандық емес бизнес үшін де 2020 жыл да әсерлі болды. Барлық салалардағы бизнес көшбасшылары сандық өмір салтының ыңғайлылығы мен тиімділігін сезінуде. Сонымен бірге қажеттілігіне қарай сандық технологияларды тәжирибеден өткізудің келесі деңгейіне шығады – сырттағы клиенттермен де, компаниядағы өз қызметкерлерімен де. Таңқаларлығы сол - бұл тәжірибелер жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетті. Тұтынушылар сандық арналарға жылдам әрі кедергісіз көшіп жатыр. Көптеген қызметкерлер виртуалды жұмысқа бірден бейімделуде. Сонымен қатар бұл өзгерістер бизнес басшыларына сандық бизнес-үлгінің әмбебаптығының, икемділігінің және қуатты экономикасының дәлелі ретінде ұсынады.

Осындай тәжірибелер сандық технологияның әлеуетіне нақты назар аударуға көмектеседі. Көптеген кәсіпкерлер өршіл сандық бастамалармен кезінде шыққан еді, қазір осы бастамалардың өзектілігін тағы да сезіне бастады. Олар мұндай бастамаларға үміт артады және мүмкіндікті пайдаланып қалуға баршамызды үндейді. Сандық технология бәсеңдемейді. Керісінше, клиенттерімізге қалай қызмет ететінімізге, өз бизнесімізді қалай жүргізетінімізге және акционерлерімізге қалай құндылық құратынымызға әсер ете отырып, олар жұмысымызды жылдамдатады, қайта мән беру және қайта құру үшін шексіз мүмкіндіктер жасауды жалғастырады. Сандық технология дегеніміз тек қана веб-сайттар, автоматтандыру және қолданбалы бағдарламалар ғана емес. Мұның бәрі инновация -  бизнестің негізгі бағытында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін сандық технологияларды ұдайы қолдана алатын жүйелі тәсілқойлық.

Атқарушы директордың күн тәртібіндегі негізгі сұрақ – Қалай?

  • Біз сандық инновацияны пайдалану және біздің негізгі жұмысымызда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер жиынтығын қалай құрамыз?
  • Біз зертханадағы инновацияны алдыңғы қатарлы топтарға беруге қалай түрткі бола аламыз?
  • Сандық жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс тәсілдерін қалай қолданамыз?
  • Сандық технологиялармен жұмыс істейтін келешек ұрпақтың дарынды мамандарын ортамызға қалай тартамыз жәнеоларды  ұстап қаламыз?
  • Біздің ұйымда инновация жылдамдығын қалай қамтамасыз етеміз және үзбеуге тырысамыз?

САНДЫҚ РЕЗИДЕНТТЕРДЕН АЛАР САБАҚ

Компания басшылары алдымен Facebook, Apple, Amazon, Netflix және Google (Alphabet) сияқты алыптардың жетістікке жету тарихынан жауап іздеуі керек. Шынында да, инновация жылдамдығы – соңғы жиырма жылда олардың ойнаған ойыншығы іспеттес. Бұл әрине Amazon-ға ұқсауға тырысу дегенді білдірмейді, оның жауабы да оңай емес. Керісінше, осы технологиялық алыптардан үйренетін, сандық дәуірде бәсекелестікке тән қиындықтарға кезіккен әрбір бизнеске қолдануға болатын маңызды сабақтар мен түсініктер бар.

Бұл тәсілдің негізінде инновацияның сермері деп аталатын ұғым жатыр. Ол дегеніміз – күн сайынғы инновацияны қамтамасыз ететін оқу кезеңі.

Компаниялардың негізін қалаушылар сандық технологияның іскерлік бәсекелестікті тезедететінін ертеден түсінді. Осы жылдамдыққа жету үшін олар өздерінің мәдениетін, жұмыс әдістерін, ұйымдастырушылық дизайнын және көшбасшылық үлгісін жаңартты. Осылайша, олар өздерінің бизнес барысында алдыңғы қатарлы топтарға инновацияларды ұсынып, оларға клиенттермен болатын қақтығыстарды нақты жерде және нақты уақытта шешуге мүмкіндік берді. Шын мәнінде олар тұрақты, күнделікті инновацияларды өздерінің бәсекелік артықшылықтарының негізгі көзі етті. Ол фундаменталды тезиске негізделген: клиент туралы неғұрлым көп білсеңіз, соғұрлым сіздің инновацияларды енгізу және сол клиенттің  құнын арттыру мүмкіндігіңіз артық болады. Нақтырақ айтқанда, негізгі пайдаланушымен (клиент немесе қызметкер) өзара әрекеттесу арқылы жаңа бағаны қай жерде және қалай құруға болатындығы туралы ақпаратар мен деректерді (сапалы және сандық) қалыптастырады. Бұл, өз кезегінде, негізгі пайдаланушымен терең өзара әрекеттесуге және бизнестің жақсы нәтижелеріне әкелетін инновацияның жаңа айналымын ынталандырады. Шын мәнінде, бұл процесс бағаны құру үшін өзін-өзі нығайтатын қолайлы мүмкіндіктер аясын жасайды. Сіз оны іске қосқан кезде, ол өз импульсін жасайды және сермер тәрізді орасан зор түрлендіргіш энергиясын тудырады. 

Сандық резиденттер сандық технологиялар бұл оқыту кезеңін айтарлықтай тездеткенін интуитивті түрде түсінеді: жылдам және жиі байланыстыру, деректерді жылдам және сенімді түрде жинау, тез және дұрыс талдау жасау. Басқа сөзбен айтқанда, сандық өмірде сіз тез оқып-үйренесіз, демек, сіз бағалар тізбегінің инновациясын жылдамырақ жасайсыз. 

ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

Инновация сермері - Facebook, Apple, Amazon, Netflix және Google-дің 20 жыл ішінде әлемнің ең ірі компанияларына айналуына себебін тигізген маңызды күш. 2020 жылдың 31 желтоқсанында Netflix компаниясы нарықтық капиталдандыруына сәйкес 25 ең мықты компаниялардың тізіміне енді. Ал қалған 4 компания әлемнің ең үздік 10 компанияларының құрамына кірді.

2001 жылы  Google компаниясы өз тұтынушыларына қолданбалы бағдарламаны ұсынды: іздестіру жүйесі. Қазіргі таңда қарапайым тұтынушы Google арқылы Gmail, Android, Play, Home, Nest, Docs, Sheets, Photos және Calendar сияқты көптеген өнімдерді тұтынады, олардың қызметтерімен өзара әрекеттеседі. Google компаниясы әрдайым жаңа өнімдерін халыққа бере отырып, клиенттермен күнделікті қарым-қатынас қарқындылығын арттырды. Шамамен 4 миллиардтан астам адам Google өнімдерін немесе қызметтерін үнемі пайдаланады екен. Орта есеппен 63000 адам әр секунд сайын Google-да іздеу салады және компания барлық сандық жарнамаларға жұмсалатын шығындардың 41% пайызын жабады. Оның іздеу жүйесі сіздің қызығушылық танытқан өнімдеріңізді алдын-ала болжап, сіз үшін арнайы дайындалған бейнежарнамаларды ұсынуы кездейсоқтық емес.

2005 жылы жасалған Prime адалдық бағдарламасының арқасында Amazon өзінің негізгі онлайн-сауда бизнесінің өсуіне ықпал ету үшін осыған ұқсас сермер стратегиясын ұстанды. Соңғы 15 жылда Amazon Prime-ның АҚШ-тағы клиенттер саны 126 миллионға жетті, яғни әрбір үшінші американдық тұтынушыға өз әсерін тигізді. Amazon сауда-саттық тәжірибесіне негізделген үздіксіз инновациялар кезеңі арқылы өзінің басты клиенттерінің белсенділігін арттырады. Мысалы, саусақпен бір шертіп-ақ оп-оңай сауда-саттық жасау мүмкіндігіне ие болу. Компания үнемі  Prime-ның жаңа қызметтерін ұсынып отырады: онлайн-музыка, бейнеойындар және т.б. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Prime клиенті осы сайтта жылына шамамен 1400 доллар жұмсайды екен, бұл Prime қызыметтерін қолданбайтындардың орташа шығындарынан екі есе көп.  Prime сияқты Amazon веб-қызметі инновациялардың, тестілеудің және оқытудың жылдам циклі ауқымды, қуаты мол жаңа платформаларға әкелуі мүмкін екенін дәлелдейді. Мұндай ұсыныстарды жаңа өсу бағыттарына лайықты дарын иелерін іріктеп, өзінің бизнес үлгісіне инновация жылдамдығын енгізетін көшбасшылар жасайды.

Инновациялық сермер жетістігінің ең айқын мысалы – Netflix компаниясы. Оның бүкіл бизнес стратегиясы клиент мүмкіншіліктері аясына негізделген. Netflix жыл сайын 50 миллиардтан астам ағымдағы бейнематериалдар шығарады және оны 75 000 санатқа бөлетін патенттелген үлгісін пайдаланады. Компания бұл деректерді белгілі бір аудиторияға бейненің мазмұнын бейімдеу үшін кластерлеу алгоритмдерін пайдалана отырып, клиенттермен терең өзара әрекеттесуіне ықпал етеді. 2020 жылы Netflix 500-дей төлтума фильмдерін, арнайы шығарылымдар мен сериалдарын халыққа көрсетті. 2019 жылы шыққан 371 фильмдермен салыстырғанда және бейнені ағынға жіберуге дейінгі жылдарда АҚШ-тың бүкіл теледидарлық  индустрия өнімдерінен әлдеқайда көп. Netflix компаниясы пайдаланушылардың белсенділігін күрт арттырды: егер 2018 жылы пайдаланушылар тәулігіне екі сағаттан артық уақытын бейнематериалды көруге жұмсаған болса, 2020 жылы бұл мөлшер үш сағаттан артты. Бұл ішінара бұғаттауға байланысты болуы мүмкін. Бірақ сермерге де байланысты: 8 жыл ішінде Netflix пайдаланушылардың саны 500% өсті, 2012 жылғы 32 миллион пайдаланушының саны бүгінде 200 миллионнан асты. Осы уақыт аралығында компания өзі таратқан көптеген фильмдерден басқа 2000-ға жуық төлтума фильмдер, арнайы фильмдер мен сериалдар шығарды. 

СЕРМЕР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

Сандық технология қарлығыштарының соңғы толқыны дәстүрлі жоғары технологиялық өндірістер арқылы жолын жырып шығып, жаңа секторлар мен жаңа мәнмәтіндегі сермер күшін көрсетеді.  

Мысалы, Tesla компаниясы халықты электр көліктеріне көшіру нарығын тездеттті. Оның ең серпіліс берген қадамы – көліктің қозғалтқышы мен беріліс қорабы емес, көлік және көлік жүргізушісі инновация сермерінің орталық нүктесі ретінде қарастырылатын бағдарламалық жасақтама менталитетін көлік өнеркәсібіне енгізу. Компания минут сайын жүрген әрбір көлік туралы бергіш, камера және ультрадыбыстық құрылғыларды қолдана отырып, күніне төрт гигабайтқа дейін деректер жинайды. Tesla әрдайым сымсыз (OTA- over-the-air) жақсартуларды әр көлікке жіберу арқылы көліктің өнімділігі мен жүргізу тәжірибесін жақсарту үшін осы деректер ағымын өңдеп отырады. 2020 жылдан бастап көлік жасаушы компания Model 3 автокөлігіне орта есеппен әр 16 күн сайын сымсыз жаңартуларды жіберіп отырады.

Сол сияқты Slack компаниясы да корпоративтік коммуникациялар нарығында сандық хабарлама мен файл алмасуға арналған өзінің озық платформасымен бөліседі. Компания өз қызметкерлерін сермердің ортасына қойды. Slack әрдайым пайдаланушылардың көлемді жеке деректерін жинайды және олардың пікілерін қадағалап отырады; есептеу деректері пайдаланушылардың шағымдарын қадағалау және жаңа мүмкіндіктерді анықтау үшін қолданылады. Оны 8000 астам көмек сұраныстары мен 1000 астам твиттер көрсеткен екен.

Square шағын және орта кәсіпкерліктің қажеттерін қанағаттандыру мақсатында үнемі жаңалықтар енгізіп, төлем төлеу және сауда жасау саласындағы инновацияларды басқарады. Square-дің озық кассалық жабдығы шағын кәсіпкерлердің кредиттік төлемақыларын қабылдап, осылайша жылына жүздеген миллион қолма-қол ақша операцияларын өткізді. Содан кейін бұл компания осы ауқымды деректерді алаяқтықты болжау үшін де қолданды. Мұндай қызметтер шағын бизнес өкілдеріне операцияларды жүргізу кезінде өз клиенттерін тез арада тексеруге мүмкіндік берді. Компания өзінің ауқымды трансакциялық деректер жиынтығын, сонымен қатар бизнес-сараптау платформаларын пайдалана отырып, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуді және іске қосуды жалғастырды. Осылайша, дүстүрлі несие берушілерге қарағанда Square несиелік қабілеттікті жылдам және дәл бағалай алады.

Бұл сандық резидент-хакерлер инновация сермерінің ауқымы қандай болатынын білуге мүмкіндік береді: көлемді деректер жиынтығы мен сараптау мәліметтерін түрлендіретін клиенттермен әрекеттестік ұлғайып отырады. Бұл терең әрі маңызды әрекеттестік үшін қолданылатын тұрақты инновацияларды байытады. Жетекші топтар жаңа өнімдерді, шешімдер мен мүмкіндіктерді ойлап таба отырып, бұл кезеңді барлығы қолдайды. Сонымен қатар «сермерлі ойлау» үрдісі біздің мәдениетімізге еніп, ұйымдардың барлық бөлімдерінде жиірек инновациялар енгізуге ықпал етеді. Осылайша, адамды оқытудың басты кезеңі компанияның ДНҚ-сына айналды. Мұны өнімділіктің жеке деңгейінен, сандық технологияларға бағытталған операциялық үлгіден бастап бизнес стратегияға дейін байқауға болады.

Жалғасы бар...

Аударған Құралай Әшімова

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін