Қазақстандағы телефон алаяқтары: олардың айла-амалдарының құрбаны болмау үшін не істеу қажет

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
834
0 пікірлер

Назар аударыңыз!


Құрметті абоненттер, "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанда телефон алаяқтарының күшейіп жатқанын ескертеді, олардың негізгі құрбандары − қарт адамдар.

Алаяқтар қарт кісілердің балаларының, немерелерінің немесе полиция қызметкерлерінің атын жамылып, стационарлық телефондарға қоңырау шалады, осылайша туысы жол-көлік оқиғасына немесе басқа да құқық бұзушылыққа кінәлі болып отырғанын хабарлайды да, залалды өтеу мәселесін шешу үшін қомақты ақша сұрайды.

Мұндай қоңырау түскен кезде өзіңіз танымайтын адаммен сөйлесудің, дүрбелеңге түсудің және оның айтқанының бәрін жасаудың қажеті жоқ екеніне айрықша назар аударуды сұраймыз. Ешқандай жағдайда оған ақша аударуға немесе беруге болмайды!

Мұндай қоңыраулар түскен кезде полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.


 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін