Ауылдағы байланыс операторы айына 600.000 теңгеден басталатын тұрақты табыс ала алады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
2879
0 пікірлер

"Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың соңына дейін еліміздің 70-тен астам ауылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілетіні жайлы жариялады. 17 қазақстандық байланыс операторлары ауылдарды интернеттендіру жобасына бар ынтасымен кірісіп, аудан орталықтарында интернет желілерін салуға дайындалып жатыр. Еліміздің ірі Телеком операторының серіктесі: "Егер жеке кәсіпкерлер өздерін жақын арада тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз еткісі келсе, олар тез дамып келе жатқан нарықты басып алу үшін асығулары керек" - деп ескертеді.

Біз "Ауылдағы цифрлық серіктес" жобасының бас кеңесшісі Кәміл Әзнабакиевпен әңгімелесіп, әлеуетті серіктестерді қызықтыратын барлық мәліметтерді анықтадық. "Нар тәуекел!" деп шешім қабылдамай тұрып, Қазақтелекоммен бірге әлеуметтік маңызды жобада іскерлік ынтымақтастықтың қатысушы болмас бұрын, төмендегі сұхбаттан барлық мәліметті  білуіңізге болады. 

Кәміл, Сәлеметсіз бе! Көріп отырғанымыздай, "Қазақтелеком" ауылдарды Интернетке қосу жобасына белсенді түрде кірісуде. Қазірдің өзінде әсерлі нәтижелер бар, онымен сізді шын жүректен құттықтаймын! Айтыңызшы, Интернет-провайдер ретінде бизнеске кіру қиын ба және кәсіпкерлер бұл сынақты қаншалықты шын көңілмен қабылдайды?

- Иә, біз ауылдағы серіктестігімізді белсенді түрде алға ілгерілетіп жатырмыз. Көптеген кәсіпкерлер бұл жобаға қызығушылық танытуда, өйткені телекоммуникация және интернет қызметтерін ұсыну - бизнестің ұзақ мерзімді және қызықты түрі болып табылады. Қазір ауыл болсын, қала болсын, электр, газ сияқты маңызды ресурстарды қолданумен қатар интернетті де міндетті түрде пайдаланады. Әсіресе, шалғай аудандардағы жеке сектор туралы айтатын болсақ, онда бұл мәселе ең өзекті болып табылады, өйткені тек мобильді интернет болғанымен, трафикте шектеусіз тұрақты интернет жоқтың қасы.

Жақында мен ауыл тұрғындарымен сөйлестім. Мобильді интернет үшін орташа есеппен бір құрылғыға айына 3000 теңге төлейді екен. Отбасында кем дегенде 3-тен 6 адамға дейін болса, бұл олар үшін өте қымбат болып шығады. Оны кез келгеннің қалтасы көтере бермейді және трафик тез бітіп қала береді. Тұрғындар теледидар қызметтерін пайдалана алмайды, өйткені трафиктің көлемі үлкен. Кешке отбасымен бірге отырып жақсы фильмдерді тамашалау - олар үшін арман. Сондықтан оператор осы жобаға кіргенде, мәселенің маңыздылығын түсіне білуі қажет. Жақсы табыс табыс көзі де осында.   

Кәсіпкерлер үшін қандай артықшылықтар бар? Неліктен ауылдағы Қазақтелекоммен біріккен серіктестікті тиімді бизнес түрі деп атауға болады?

- Кәсіпкерлер мұның тиімді екенін түсінеді. Олар жобаға қызығушылық танытады, шығындарын есептейді, бизнестің қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысады, өйткені көптеген адамдар бұл идеямен әлі де таныс емес. Сондықтан біз жақын арада осындай бизнес-идеяға қызығушылық танытатын және ақша тапқысы келетін барлық адамдар үшін тегін вебинарлар жүргізуді бастаймыз. Біз жобаның барлық егжей-тегжейлерімен бөлісеміз. Қазірден бастап жұмысты қалай бастау керектігін және бұл бизнестің қыр-сырын түсіндіреміз. Әрине, жобаны іске асыру кезінде серіктестерімізге кез келген қажетті қолдауды көрсетеміз.

Керемет! Әрине, көптеген адамдар, ең алдымен, ақша табу және инвестициялау мәселесіне қызығушылық танытады. Сіз кәсіпкерлер қанша табыс табатынын есептедіңіз бе? Серіктесіңізден қанша инвестиция қажет болатынын және болашақта қанша ақша таба алатынын шамалап айта аласыз ба?

- Ия, әрине, біз барлығын есептедік. Жалпы, бір ауылға екі миллион теңгеге дейін инвестиция жеткілікті деп айта аламын. Бұл сигнал жіберетін жабдықты орнату шығындары. Клиенттік жабдықты сатып алатын шығындар да бар, яғни бұл Wi-Fi маршрутизаторлары. Бірақ, әдетте, клиенттің өзі бұл шығындарды өз мойнына алады. Яғни, клиенттер маршрутизаторларды өздері сатып алады, ал операторлар оларды тікелей үйлеріне орнатып береді. Жалпы нарық осылай жұмыс істейді. Үйде интернет орнатқан кезде клиент бір рет 50.000 теңгеден 70.000 теңгеге дейін маршрутизаторға ақша төлейді, сондықтан біздің серіктесіміз клиенттік жабдықты сатып алу үшін қосымша шығын шығармайды. 

Бұл клиент үшін қымбат емес пе?

Бұл әділ баға, өйткені барлығы жоғары жылдамдықты интернетке оптика арқылы ғана қосыла алатынын түсінеді. Жабдықтың өзі нарықта 50.000 теңгеден басталады. Егер серіктес адал болса, ол өз маржасын жоғары көтермейді. Ол тек клиенттің ақшасына жабдық сатып алады және оны өз қаражатын жұмсамай-ақ үйге орнатып береді. Қайталап айтамын, қазір нарық осылай жұмыс істейді.

Жарайды, бір ауылға 2 млн теңге инвестиция салынады делік. Ал жеке провайдер қандай табыс табады?

- Біз де осындай есептеулер жасадық. Ауылда шамамен 350 тұрғын үй бар деп мысал ретінде алынды. Интернетке қосылатындардың пайызы шамамен 30-35% дейік.  Интернет өткізілетін үйлердің саны шамамен 110-120. Бұл орташа көрсеткіш. Егер тұрақты клиенттік база 110 шақты болса, онда провайдердің ай сайынғы табысы 600.000 теңгені құрайтын болады. Бірақ сіз бірден осыншама клиент таба алмайтыныңызды түсінуіңіз керек. Адамдар біртіндеп қосылады. Сондықтан бір жылдан кейін ғана оператор ақша таба бастайды. Кез келген бизнес сияқты, алғашқы айларда шығын көп болады, сондықтан минусқа кетуіңіз де мүмкін немесе нөлде жұмыс істеуіңіз ықтимал. Мұнда ең бастысы - серіктес қызметті сапалы түрде ұсынып, деректерді табыстау жылдамдығын өзі бақылап отыру керек. Қажет болған жағдайда пайдаланушыларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін оның жылдамдығын арттыруы шарт.

Бұл механизм қалай жұмыс істейді және серіктес интернеттің қосымша мегабайт жылдамдығы үшін телеком операторына ақша төлеуі қажет пе?

- Иә, әрине. Біз серіктестермен былайша жұмыс жасаймыз: «Қазақтелеком» 200 мБит/сек жылдамдықты деректерді табыстау арнасын қолданысқа береді, ал серіктес бұл жылдамдықты әр клиентке дейін бөліп береді. Қолданысқа берілген трафик үшін біз белгіленген абоненттік төлемді алып отырамыз. Серіктес деректерді табыстау арнасынан басқа ең аз дегенде төрт ІР-мекенжайы бар блок сатып алуы қажет. Соның барлығын қосқанда ай сайын 194 мың теңге абоненттік төлем ретінде «Қазақтелекомға» түседі. Клиенттен интернет үшін түскен табысты серіктес өзі алып отырады. Бұл оның табыс көзі. Біздің ең басты мақсатымыз: ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету. Бұл жоба бізді коммерциялық емес, әлеуметтік қырынан қызықтырады. Біздің табысымыз нөлге тең. Компаниия бұл жобадан көп ақша табады деп айта алмайтын. Ең бастысы, серіктес интернет сапасын қадағалауы қажет. Ол бізден 200 Мбит сатып алып, оны шектеусіз абоненттерге бөліп бере алмайды. Клиент саны көбейген сайын байланыс арнасы да артуы тиіс. Қосымша 1 мегабиттің тарифі 950 теңге. 

Кәміл, сіз және айтып кеткендей, «Ауылдағы цифрлық серіктес» деген жобаны «Қазақтелеком» әлеуметтік миссия ретінде қабылдайды. Осы жайлы толығырақ айта кетсеңіз! 

- Иә, бұл жобадан ешқандай табыс таппасақ та, әр ауылды интернетке қоса отырып, біз бизнеске қолайлы жағдайлар тудырып отырмыз. Біріншіден, бұл ШОБ өкілдеріне деген үлкен қолдау. Біздің серіктестеріміз тек ШОБ өкілдері - ЖК, ЖШС ғана бола алады. Ірі, ауқымды компанияларды біз өтінім беру кезеңінде сылып алып тастаймыз. Қол астында 250 астам қызметкерлері бар үлкен компаниялар жобаға қатыса алмайды. Екіншіден, серіктестер үшін тіпті «Қазақтелекомда» болмаған қолайлы жағдайларды жасадық. Бірінші – серіктес болу процедурасы ашық жағдайда өтеді. Берілген өтінім процесін, өтінімнің жағдайын сайттан анық көруге болады. Екінші - шарттарға және басқа құжаттарға ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте қол қойылады. Ешқайда бармай-ақ электрондық түрде жұмысты бітіруге болады. Осылайша ақшаңызды да, уақытыңызды да үнемдейсіз. Үшіншіден, ауылдардағы байланыс операторларына арналған бөлек тарифтер жиытығын әзірледік. Қалалық операторлардың тарифінен екі есе кем бағада болады. Төртіншіден, біз серіктестерге жұмыс кезінде толық еркіндік береміз. Ешқандай шектеу қоймаймыз. Біз байланыс арнасын береміз, ал серіктес өз қалауы бойынша клиентпен жұмыс жасайды және таратушы желілерді құрады. Радикөпір арқылы интернет таратады немесе оптикалық желі төсейді. Ауылдағы интернетті жүргізу - серіктестің өз қалауында. Кәсіпкерлер үшін бұл бизнестің қызықты түрі және ұзақ мерзімді бизнес екені сөзсіз. Өйткені адамдар әрқашан интернетті қолданады. Сондықтан ауылда бірінші болып осы бизнеске кіргендер кейін кәсібінің нәсібін көретініне сенімдімін. Ең алғашқылар болып нарыққа кірсе, табыстың тұрақты қайнар көзіне тап болары сөзсіз.

Серіктестерге –  ауылдағы байланыс операторларына қойылатын талаптар қандай? 71-ші ауылдың тұрғындары қай мерзімде интернетке қол жеткізе алады?   

Ия, қойылатын талаптар бар. Бізбен 16 серіктес келісімшарт жасасты. Әрқайсысы жарты жылда желі құрулары тиіс. Өкінішке орай, егер жарты жыл ішінде желі құрып үлгермесе, олармен шарт бұзылады. Әрқилы мәселелер орын алады. Мысалы, радиокөпірді орнату кезінде кейбір қиыншылықтар кездеседі. Оны орнату үшін үйжай немесе биік бағандар керек. Олар мемлекеттің немесе жекеменшік иелігінде болуы мүмкін. Сол кезде мектеп, ауыл әкімшілігіне, мобильді операторға тиесілі бағандар мен антенналарға, биік ғимараттарға радиокөпірді, керекті құрылғыларды орнату үшін олармен жалға алу келісімшартына отыру қажет. Серіктестің осы кезеңде қаншама уақыты кетеді. Дегенмен біз әрқашан серіктестерге көмекке дайынбыз. Мемлекеттік органдармен келісімге бару кезінде қолдау жасаймыз, өйткені әкімшіліктердің өздері де ауылды интернетпен қамтамасыз етуге қызығушылық танытуда. Сондықтан біз серіктестерімізбен тәулік бойы байланыстамыз. Олар ешнәрседен қорықпай, жұмысын бастай берулеріне әбден болады.

Тағы да серіктестердің маңызды міндеттердің бірі: хабарлама сипатындағы байланыс қызметтерін кәсіпкерлік қызмет жайлы уәкілетті органға онлайн түрде өтініш беру қажет. Бұл жерде лицензия қажет емес. Сонымен қатар, байланыс жайлы Заңда былай делінген: уәкілетті орган трафик туралы ақпаратты сұрап, бақылай алатындай байланыс операторының өз сворумы болуы керек. Біз төменгі тарифті жалға беретін сворумы бар сервистік провайдерлермен хабарластық. Барлық толық ақпаратты Ismet.kz сайтының арнайы бөлімінен қарай аласыздар.

Кәміл, сұхбат бергеніңіз үшін көп рахмет. Кәсібін бастағысы келгендер және кәсібін дөңгелетіп отырғандар жоба туралы көп ой түйіп, қызығушылық танытады деп сенемін. Сізге саналы да көзі ашық, көкірегі ояу серктестерді тілеймін! Жұмысыңыз нәтижелі болсын!

Рахмет! 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін