Оператор Ақпараттық технологиялар дивизионының қызметтерін пайдаланушылар үшін қаңтар айындағы абоненттік төлемді қайта есептеу туралы хабарлады.
1 000-нан астам клиенттердің төлемдері қайта есептелінеді. Олар: IT-қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалар, ЖК және ЖШС алады. Қайта есептеу ТЖ барлық уақытына беріледі. Клиенттер ақпан айында шот-фактураларды алады.
"Осындай қын кезеңде біз шетте қалмай, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді шештік. ШОБ қолдау мақсатында IT Дивизионы өз клиенттерін тарифтемейді және оларға көрсетілген қызметтер қайта есептелінеді", — деп мәлімдеді "Қазақтелеком" АҚ Ақпараттық технологиялар дивизионының бас директоры Марат Әбділдабеков.
Бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ қаңтар айында барлық клиенттерге 50% жеңілдік ұсынғанын хабарлаған болатын. Компания өз клиенттерін қолдау бойынша жаңа шараларды одан әрі енгізетінін атап өтті.
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін
Последние материалы