"Қазақтелеком" Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерін ауылды жерлерде интернет желісін салуға шақырды

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
3967
0 пікірлер

Кәсіпкерлер телеком-операторға тек деректерді табыстау арнасы үшін абоненттік төлемді төлейді, пайдаланушылардан түсетін барлық ай сайынғы пайданы өздері еншісіне алады.


Батыс Қазақстан облысы бизнесмендерімен біріккен қауымдастықта "Қазақтелеком" 11 ауданның тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта "Қазақтелеком" батыс өңірдің екі кәсіпкерімен телекоммуникация желілерін салу туралы келісім-шарт жасасты. Нәтижесінде Бәйтерек ауданының 6 ауылы және Тасқала ауданының 1 ауылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Жобаға жергілікті кәсіпкерлерді тарту үшін еліміздің жетекші телеком-операторының өкілдері өңірдің бизнесмендерімен кездесіп, "Ауылдағы цифрлық серіктес" жобасының шарттары мен артықшылықтарын талқылады.

Цифрландыру және ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету — "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының басым міндеттерінің бірі. Бұл ауыл мен қала тұрғындары арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға мүмкіндік береді. "Қазақтелекомның" жаңа бастамасының әлеуметтік маңыздылығын атап өткен жөн, өйткені бұл жобаның арқасында ауыл тұрғындары жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ шалғай өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары Әрсен Губашев

Естеріңізге сала кетейік, "АЕМ ТОБЖ" жобасы аясында "Қазақтелеком" Батыс Қазақстан облысының 81 ауылында жоғары жылдамдықты интернет желісін өткізді. Келесі кезеңде үй шаруашылықтарына арналған желілердің құрылысы болмақшы. Оны ұялы операторлар мен "Қазақтелеком" жүзеге асырады. Жұмысты жылдамдату үшін ағымдағы жылдың мамыр айында компания "Ауылдағы цифрлық серіктес"жобасын іске қосты. Бұл шағын және орта бизнеске жергілікті байланыс провайдері ретінде өзін сынап көруге және тұрақты табыс көзін табуға мүмкіндік береді. Енді бизнесмендер талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылу нүктелерінен әр үйге немесе ұйымға дейін өз бетінше желілер салады және телекоммуникация қызметтерінің ай сайынғы абоненттік төлемін өз қалталарына салады.

Жергілікті кәсіпкерлермен серіктестік аясында "Қазақтелеком" тарапынан тиімді шарттар ұсынылды: олар деректерді табыстау арнасы үшін белгіленген ай сайынғы абоненттік төлемді төлейді, ал пайдаланушылардан түскен барлық абоненттік төлемдерді өздеріне қалдырады. Бұл жеке провайдерлерді бір арнаға қосылған клиенттер санын, мысалы, жақын орналасқан бірнеше ауылдардағы клиенттерді көбейтуге ынталандырады. Жобаға кез келген кәсіпкер қатыса алады, - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ БЖК цифрландыру жөніндегі директоры Айкен Серкебаева.

Сонымен қатар, оператор Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кәсіпкерлерімен де осындай келісімшарттар жасасты. Қазір олар осы өңірлердің 36 ауылында телекоммуникация желілерін салып жатыр, тағы 60 елді мекенді интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттар қазір компанияда қаралуда. Жобаға қатысу өте оңай: қатысуға өтінім беріледі, сондай-ақ кәсіпкерлер бизнеске арналған Ismet.kz платформасында ынтымақтастық туралы келісімшартты онлайн-форматта жүзеге асыра алады. 

 

«Қазақтелеком» АҚ байланыс департаменті

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін