Қазақтелеком 1 тамыздан бастап бірқатар тарифтерді өзгертеді

Ismet.kz шолушысы
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4831
0 пікірлер

Құрметті абоненттер! Төменде "Қазақтелеком" АҚ ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қызметтердің тарифтеріне өзгеріс енгізген тізім көрсетілген


 

Корпоративтік сегменттегі телеграф байланысы қызметтеріне тарифтер деңгейінің өзгеруі

Сіздерге 2022 жылғы 1 тамыздан бастап Корпоративтік сегменттегі телеграф байланысы қызметтеріне тарифтер деңгейінің өзгергені туралы хабарлаймыз. 

 

Географиялық емес кодтар бойынша халықаралық байланыс операторларының және қосымша байланыс қызметтерін ұсынатын халықаралық байланыс операторларының желілеріне шығатын қоңырауларға арналған тарифтер

Сіздерге 2022 жылғы 01 тамыздан бастап географиялық емес кодтар бойынша халықаралық байланыс операторларының желілеріне және қосымша байланыс қызметтерін ұсынатын халықаралық байланыс операторларының желілеріне шығатын қоңыраулардың тарифінің өзгергені туралы хабарлаймыз. 

Қосылатын байланыс операторлары үшін телефон трафигін қосу және өткізу қызметтеріне есептік тарифтердің өзгеруі

 

Сіздерге 2022 жылғы 01 тамыздан бастап қалааралық деңгейде және ХКО/ТУ деңгейінде "Қазақтелеком" АҚ желісіне қосылған ұялы және тіркелген байланыс операторларының халықаралық телефон трафигін өткізгені үшін тарифтер деңгейінің өзгергені туралы хабарлаймыз. Толық ақпарат алу үшін Сіз "Қазақтелеком"АҚ сервис желісінің пункттеріне жүгіне аласыз.  

"Қазақтелеком" АҚ-ның

қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін