17 және 18 тамыз күндері "Қазақтелеком" АҚ өңірлерді цифрландыруды талқылау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар үшін өткізілген Digital Transformation Conference 2023 Республикалық конференциясына қатысты. Конференция аясында цифрлық даму саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау, оларды шешудің оңтайлы жолдарын қалыптастыру және қатысушылар арасында тәжірибе алмасу болды. Бұл отырыстың қорытындысы бойынша мемлекет пен компаниялар бірлесе отырып, өңірлерді цифрландыруды дамыту жөніндегі жол картасын қалыптастырды. Осы конференция барысында "Қазақтелеком" АҚ онлайн режимінде деректерді жинау және өңдеу бойынша бірыңғай экожүйені құру үшін түрлі сымсыз құрылғыларды қосуға мүмкіндік беретін LoRaWAN (Long Range Wide Area Network) кеңейтілген желісі аясында "Internet of Things" қызметін пайдалануды ұсынды. Осы конференция барысында "Қазақтелеком" АҚ LoRaWAN (Long Range Wide Area Network) кеңейтілген желісі аясында "Internet of Things" қызметін пайдалануды ұсынды. Бұл қызмет сымсыз құрылғыларды, есептегіштер мен хабар бергіштерді ақпаратты басқару және сақтау серверлеріне қол жеткізе отырып, деректерді беру желісіне қосуға мүмкіндік береді. Осылайша персоналға кететін шығындарды азайтады, ресурстарды тұтыну көрсеткіштерін оқуды автоматтандыру арқылы және жабдықтар мен қоршаған ортаның параметрлерін бақылау арқылы өндірістік процестерді әлдеқайда қауіпсіз етеді. Бұл онлайн режимінде деректерді жинау мен өңдеудің бірыңғай экожүйесін құруға мүмкіндік береді.
2023 жылы Қазақтелеком IoT желісімен Қазақстан Республикасының 16 қаласы қамтылған, ал іске қосылған негізгі станциялардың саны 428 дана. Осылайша сіз бүкіл Қазақстан бойынша IoT жобаларды жүзеге асыра аласыз.
IoT қызметі мыналарға мүмкіндік береді:
Сенсорлар мен есептегіштердегі көрсеткіштерді автоматты түрде оқып алу
Көліктің, өнеркәсіптік жабдықтың, өрт және күзет дабылдарының бақылауын жүзеге асыру
Деректерді нақты уақытта жіберу
IoT қолданылатын салалар:
- Қаржы секторы
- Мемлекеттік мекемелер
- Жеткізу қызметтері
- Құрылыс
- Энергоресурстық компаниялар
- Медицина саласы
- Ақылды қала
- Өндіріс саласы
Қызметке қосылуға өтініш қалдыру:
Сайт арқылы https://www.ismet.kz/kk/documents/IoT
WhatsApp арқылы 8 707 0000 160