«Қазақтелеком» шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған тарифтік саясатты жаңартады және топтамалық ұсыныстарды жетілдіреді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
56
0 пікірлер

Кәсіпкерлік салада үздіксіз байланыс табысты бизнесті жүргізу негіздерінің бірі болып саналады. "Қазақтелеком" клиенттердің қажеттіліктерін сараптап, тарифтік саясатты жаңартты және шағын және орта бизнеске арналған KASIPKER, SERIKTES, NOMAD бірегей топтамалық ұсыныстарын іске қосты. Олардың әрқайсысы кәсіпкерлердің қызмет түріне қолайлы бағамен қызметтердің ең оңтайлы топтамасын таңдауға мүмкіндік береді.

Шағын бизнес клиенттері арасындағы ең танымалы - "Kasipker" тарифтік жоспары. "Kasipker" топтамаларында қажетті қызметтер жинақталған: интернет, бейнебақылау және телефония. Клиент өз қажеттілігіне байланысты топтаманың бағасы, техникалық сипаттамалары және қызметтері бойынша ерекшеленетін үш тарифтің бірін таңдай алады.

  • KASIPKER BAILANYSTA - әрқашан байланыста болу үшін қолжетімді интернет пен белгіленген немесе мобильді телефония қызметтеріне баса назар аудару.
  • KASIPKER QORGANYSTA - бұл жоғары жылдамдықты интернет және бейнебақылау камерасы бар қызмет, бизнес әрқашан соның қорғауында болады;
  • KASIPKER BARI BAR  - оптамасы озық кәсіпкерлерге арналған жоғарыда аталып өткен топтамалардың ең жақсы тұстарын жинады.

Kasipker-ді онлайн қосу


Орта бизнес өкілдері үшін өткен жылдың көктемінде «Қазақтелеком» АҚ «Seriktes» топтамасын әзірледі. Бұл тарифтік жоспардағы деректерді тасымалдау жылдамдығы бөлшек сауда ұсынысына қарағанда 1,5 есе жылдам. Топтаманың әртүрлілігі кәсіпкерлерге баға мен сапаның  ара салмағы бойынша өздері үшін ең қолайлы шешімді таңдауға мүмкіндік береді. Бұл сапалы қызметтерді алып қана қоймай, сонымен қатар олардың төлемдеріне кететін ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өткен жылы байланыс топтамаларын қосқан жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақтелекомның түрлі акцияларына қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Осындай жолы болғыштардың бірі — SERIKTES топтамасын қосқан «Norgau Central Asia» ЖШС сату бөлімшесінің басшысы Руслан Хайрулин.
 

«Norgau Central Asia» ЖШС компаниясының атынан «Қазақтелекомға» сапалы және жылдам интернеті үшін, сондай-ақ, күтпеген жерде маған бұйырған өте пайдалы MacBook сыйлығы үшін алғыс айтқым келді. Мен осы қызметті қосқан кезде өтіп жатқан ұтыс ойыны туралы хабарсыз едім. Маған менеджер алғаш рет қоңырау шалған кезде сенбедім, бірақ олар кеңсеге сыйлық алу үшін мені шақырған кезде күмәнім сейілді. Мамандарыңызға кәсібилігі үшін, атап айтқанда, тарифті таңдау бойынша кеңес берген Орынбасар деген жігітке, Ismet сайты бойынша көмек көрсеткен Айжан есімді қызға және интернетке жылдам қосқаны үшін Саянға алғыс айтқым келеді», — деді Руслан Хайрулин.


KASIPKER, SERIKTES, NOMAD топтамалары  20 мыңнан астам пайдаланушылардың сеніміне ие болды және күн сайын қосылу қарқыны артып келеді.

Описание изображения

«Шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау — «Қазақтелеком» АҚ-ның басты міндеті. Сондықтан біз өз клиенттеріміз үшін одан да тартымды ұсыныстарды әзірлеуге тырысамыз, қызметтердің ауқымын кеңейту және байланыс сапасын жақсарту жолында белсенді жұмыс істейміз, жаңа технологияларға қаржы саламыз және желіні жетілдіреміз», — деп «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның маркетинг және даму жөніндегі директоры Абылай Жұмагелдинов атап өтті.

 

«Қазақтелеком» АҚ
Байланыс департаменті

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін