Заман талабына сай қалай мобильді әрі қауіпсіз бизнеске айналуға болады?
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
1589
0 комментариев

Мобильді бизнес – бұл заман талабымен туындаған жаңа міндетті ереже.

2020 жылдың жаһандық тыйым салу шараларынан кейін мобильділік жайлы білсе де, бірақ бастауға бата алмаған жандардың өзі бизнес-процестерді басқарудың, қызметтерді  ұсынудың мобильді жолдарына көңіл бөлді, оны ұйымдастырудың құралдары мен мүмкіндіктерін іздеуге мәжбүр болды. Корпоративтік қашықтан өзара әрекеттесу форматы сән ғана емес, ол бүгінде көптеген адам үшін бірегей мүмкіндікке айналды. Бірақ мобильділіктің де өз әттең-айы бар. Ол - әртүрлі, кейде жалпыға ортақ желілерді пайдалана отырып, қашықтан бизнес жүргізу, қызметкерлермен байланыс орнату қажеттілігі.

Жалпыға қолжетімді желілер ашық және қорғалмаған, мәліметтер бұзылуы мүмкін, нәтижесінде компанияның беделіне нұқсан келіп, қаржылық шығындарға ұшырауы мүмкін.

Заман талабына сай қалай мобильді әрі қауіпсіз бизнеске айналуға болады?

Бізде оның шешімі бар!

Kcell желілеріне негізделген «Мобильді офис» өнімі географиялық орынға байланбай, бірыңғай қауіпсіз жергілікті желі ішінде цифрлық хаттамалармен бизнестің қорғалуын қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған. Кез келген жерде!

Қарапайым тілмен айтсақ, «Мобильді офис» өнімі – IP VPN-мен қорғалған меншікті қауіпсіз жергілікті бизнес желісі және бұл желіні Қазақстандағы LTE желісінің қамту аймағындағы барлық құрылғыға таратуға болады.

Енді бизнес немесе оның филиалы еліміздің кез келген жерінде орналаса алады және қатынау параметрлерін өзгертпестен, меншікті ақпараттық желіге қол жеткізу қиындық тудырмайды, қызметкерлер де ұтқыр бола алады. Банкомат не дүкен болсын, терминал, кеңсе не қызметкер болсын,ең бастысы - ұялы байланыс желісінің қолжетімді аймағында болу.

Өнім  кеңсесін жиі ауыстыратын, жан-жақта жұмыс орындары бар, оның ішінде стационарлық байланысы жоқ қиырдағы немесе шалғай аудандардағы компаниялар үшін, қызметкерлері офистен тыс жұмыс жасайтын компаниялар үшін ыңғайлы.

Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, қызметтер мен өнімдерді үнемі жаңартып отырамыз.

Бүгін біз «Мобильді офис» өнімінің қамту аймағын кеңейттік, Altel және Tele2 желілері бар аймаққа Kcell желісін де қостық.

Сонымен қатар өнімді қосқан клиенттерге ұялы байланыс операторынан қосымша бонустар беріледі.

Өнімді осы жерден немесе +7 707 00 00 160 WhatsApp арқылы қоса аласыз.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін