«Қазақтелеком» бұлтты технологиялар нарығын қалайша дамытуда

Ismet.kz шолушысы
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4471
0 пікірлер

Еліміздің ірі телеком-операторы - "Қазақтелеком" АҚ Ресейдегі цифрлық, медиа және телекоммуникациялық қызмет көрсетушілерінің бірі - "ИТ - ГРАД 1 Клауд" ЖШҚ-мен бірігіп жұмыс жасау Меморандумға қол қойды. Бұл құжат "Қазақтелекомға" МТС cloud-сараптамасы мен өз инфрақұрылымы негізінде бұлтты қызметтер нарығын дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

"Қазір" Қазақтелеком " ДӨО ресурстарының негізінде шешімдердің бірнеше түрлері бойынша бұлтты қызметтерді жүзеге асыруда: IaaS (Инфрақұрылым сервис ретінде), SaaS қызметтері (софт немесе бағдарламалық қамтамасыз ету сервис ретінде) және PaaS қызметтері (платформа сервис ретінде). Нарық өз талаптарын талап ететінін және сандық форматтарға, жедел шешімдерге және үлкен ресурстық қуаттарға тезірек көшу үшін масштабталатын ресурстарға жоғары қажеттілікті көрсететінін ескеру қажет. Сондықтан Ресейдегі бұлтты технологияларды дамытудағы көшбасшылардың бірімен серіктестік бұлтты қызметтер мен цифрлық жобалар желісін кеңейту жұмысына компания үшін жаңа серпін береді. Бұл шешімдер "Қазақтелекомның" корпоративтік клиенттеріне өз жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай – ақ бағдарламалық, аппараттық қамтамасыз ету мен лицензияларды сатып алуға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ филиалының ақпараттық технологиялар дивизионының бас директоры Марат Әбділдабеков. 

Екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған құжаттың арқасында компания тәжірибе мен техникалық ресурстарды ресейлік сервис-провайдердің инновациялық технологияларымен үйлестіре алады, сонымен қатар екі компанияның келесі ресурстарын біріктіре алады: меншікті байланыс арналары, деректерді өңдеу орталықтарының қуаты, ІТ-инфрақұрылымы, бұлтты өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мен іске қосудағы сараптама, cloud-шешімдерін сату арналары және ұлттық ІТ-маркетплейстерді дамыту бойынша құзыреттер. Ынтымақтастықтың келесі кезеңінде меморандум аясында В2В сегментінде (business to operator, оператораралық байланыс қызметтері нарығы) өзара іс-қимылды кеңейту жоспарлануда.

Серіктестер алғашқы бизнес-жобаларын ағымдағы жылы іске қосуды жоспарлап отыр. "Соңғы екі жылда  Қазақстан нарығында бұлтты қызметтер кеңінен сұранысқа ие екенін көрсетті. Пандемия бізді онлайн форматта жұмыс істеуге үйретті. Бұл үлкен сұранысқа ие, үнемді екенін көрсетті. Бизнес цифрлық жобаларды белсенді дамытуда, яғни бұлтты қызметтерді пайдалануға көшу жақын арада жаппай басталады деген сөз. Оны қазірдің өзінде жедел даму мен ұтқырлықтың амбассадорлары белсенді түрде ілгері қарай жылжытуда. Серіктеспен біріге отырып, біз нарыққа қазіргі және болашақ нарықта сұранысқа ие жаңа бұлтты өнімдер мен шешімдерді ұсынуға дайынбыз", – деді "Қазақтелеком" АҚ филиалының Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның маркетинг және даму жөніндегі директоры Әмірхан Әлиев. "ИТ-ГРАД" бас директоры Ирина Харченко Қазақстандағы телекоммуникация көшбасшысымен серіктестік халықаралық бизнесті дамытудағы уақытылы қадам болып табылатынын атап өтті. "Біздің В2В-клиенттеріміздің көбі көрші елдерде өкілдіктер мен бөлімшелер ашады. Жергілікті жерлерде бұлтты қызметтерге сұраныс артып келеді, ал кейбір сегменттерде ұсыныстар жеткіліксіз. Атап айтқанда, бұл виртуалды инфрақұрылымның қажетті конфигурациясына екі рет басу арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік беретін self қызметтері. Ынтымақтастық серіктесімізбен бірге жаңа бизнес-мүмкіндіктер ашады деген сенімдеміз. Біз сатылымның кең арнасын ашып, оператордың өнім қоржынын жергілікті сloud-сервистерінде талап етілген қызметтермен толықтырамыз деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта біз коммерциялық өзара іс–әрекеттің егжей-тегжейін талқылаудамыз", - деп түсіндірді Ирина Харченко. 

Қазірдің өзінде "Қазақтелеком" елдегі 26 ақпарат орталығынан тұратын ең ірі желіге ие және виртуалды серверлер мен ақпарат орталықтарын жалға алу, бұлтты вебинар, бұлтты БКБ, Firewall, Anti-DDoS, вирусқа қарсы бағдарламалық қорғанысты қамтамасыз ету, сондай-ақ виртуалды хостинг, домендік атаулар, зияткерлік телефония сияқты бизнеске арналған бұлтты шешімдерді ұсынады. Компанияның ақпарат орталықтары базасында іске асырылған қызметтер мемлекеттік және банктік құрылымдар, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері үшін күрделілігі әртүрлі жобаны ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде компанияның ақпарат орталықтарын мемлекеттік компаниялар, ірі отандық және шетелдік бизнес өкілдері таңдайды. "Қазақтелеком" ДӨО-да Google, Facebook, Akamai, Youtube, Megogo, Wargaming сияқты алыптардың инфрақұрылымы орналасқан.  

Дереккөз: inform.kz 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін