Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты ismet.kz және telecom.kz сайттары уақытша қолжетімсіз болады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
57
0 пікірлер

Құрметті абоненттер!

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес еліміздің бүкіл аумағында 2024 жылы 1 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа аударылады.

       Осыған байланысты "Қазақтелеком" АҚ 2024 жылғы 29 ақпан сағат 00:00-ден 1 наурыз сағат 08:00-ге дейінгі кезеңде қоғамның барлық жабдықтары мен ақпараттық жүйелеріндегі уақытша аймақтарды өзгерту бойынша жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.

       Тelecom.kz, ismet.kz сияқты барлық ақпараттық жүйелер мен қызметтер, электрондық құжат айналымы және басқалары осы кезеңде компания клиенттері үшін қол жетімді болмайды, қызметтердің қысқа мерзімді үзілуі де мүмкін, бірақ біз оларды болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

       Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін