Firewall немесе отты қабырға

ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4853
0 пікірлер

Жоқ, біз Харрисон Форд рөлдерін сомдаған аттас фильм, «Firewall» немесе «Отты қабырға» туралы айтып отырған жоқпыз.

         Трафикті сүзгіден өткізетін және сырттан  желіге рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермейтін Firewall туралы жазып отырмыз.

         Көптеген компаниялар корпоративтік деректердің қауіпсіздігі туралы  мәселені  шешуде коммерциялық антивирусты орнатумен шектеледі. Бұл ретте коммерциялық антивирус 100 % қорғаныс үшін жеткілікті деп есептейді. Алайда, бұл ондай емес.

Интернет қауіп-қатерлерге толы және көбінесе желі арқылы зиянды қосымшалар компьютерге еніп кетеді. Орнығып алғаннан соң, желіге өздігінше корпоративтік деректерді жіберуді бастайды немесе компьютерді спам тарату үшін пайдаланады. Кибершабуыл туындайды, бұл корпоративті деректердің таралуына, содан кейін алаяқтыққа, шантажға, беделді жоғалтуға, қаржылық шығындарға әкеледі.

         Сіздің корпоративті желіңізде бұл жағдайларды болдыртпау үшін, антивирустан басқа жақсы Firewall орнатылғаны маңызды.

         «Қазақтелеком» АҚ-ның «Жазылым бойынша Firewall» қызметі сыртқы трафикті және желінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде сүзгіден өткізуді қамтамасыз етеді.

 Жазылым брандмауэрінің артықшылықтарын түсініңіздер:

  • Қауіпсіздік бойынша мемлекеттік талаптарға сәйкестілігі
  • Check Point Software Technologies пайдаланумен желі қауіпсіздігінің жоғары деңгейі
  • Орталықтандырылып басқарылатын қауіпсіздік және пайдаланушы саясаты
  • Қауіпсіздіктің қаржылық шығындарын оңтайландыру және түзету
  • Бизнеске арналған икемді қауіпсіздік шешімі
  • Қауіпсіздікті басқару бойынша есеп беру құралы
  • Сигнатуралық дерекқорларды үнемі жаңартып отыру
  • Компания тарапынан консультациялық қолдау
  • Дербес техникалық инженер 24/7

         «Қазақтелеком» АҚ компаниясы корпоративтік клиенттерге қорғаныс шешімдерін сатып алудың жеке, икемді талаптарын ұсынады: «Жазылым бойынша Firewall», «Жазылым бойынша антивирус», «IP VPN».

         Сіз «Жазылым бойынша Firewall» қызметін  ismet.kz сайтында немесе +7 707 00 00 160 WhatsApp арқылы қосуыңызға болады.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін