«Қазақтелеком» АҚ B2B/B2G клиенттеріне арналған «Internet of Things» өнімін ұсынады.

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
315
0 пікірлер

Заттар интернеті (IoT) көмегімен сымсыз құрылғыларды, есептегіштер мен датчиктерді деректерді беру желісіне қосуға, ақпаратты басқару және сақтау серверлеріне қол жеткізуге болады, бұл өз кезегінде ресурстарды тұтыну көрсеткіштерін оқуды автоматтандыру арқылы қызметкерлерге бөлінетін шығындарын азайтады және аппараттық және қоршаған орта параметрлерін бақылау арқылы өндірістік процестерді әлдеқайда қауіпсіз етеді.

IoT келесі сценарийлерде қолданылады: желінің әртүрлі сегменттеріндегі көрсеткіштерді өлшеу үшін жетілдірілген есептегіштерді орнату, температураны бақылау, жарықтандыру және су мен энергия беруді автоматты түрде басқару құрылғыларын орнату және басқа да бизнес міндеттері.

Қазақтелекомның IoT желісі LoRaWAN (long Range Wide Area Network) стандартына негізделген. Ол IoT құрылғыларын онлайн режимде деректерді жинау мен өңдеудің бірыңғай экожүйесіне қосу үшін арнайы әзірленген, алыс қашықтықтағы энергиясы тиімді сымсыз желі болып табылады. Бұл технология ең аз энергия тұтынумен ұзақ қашықтыққа ақпарат жібереді, кейбір датчиктер 10 жылға дейін батареяны ауыстырмай-ақ желіде қалады. LoraWAN артықшылығы - батареяларды үнемі ауыстырып отыруды қажет етпейтін міндеттерде  пайдаланылады.

2023 жылы Қазақтелекомның IoT желісімен Қазақстан Республикасының 16 қаласы қамтылған, ал іске қосылған базалық станциялардың саны 428 дана. Осылайша сіз бүкіл Қазақстан бойынша IoT жобаларын жүзеге асыра аласыз.

IoT қызметінің мүмкіндіктері:

✓ Датчиктер мен есептегіштерден деректерді автоматты түрде оқу

✓ Көліктің, өнеркәсіптік жабдықтың, өрт және күзет дабылдарының бақылауын жүзеге асыру

✓ Нақты уақыттағы деректерді беру

IoT қажет ететін салалар:

✓ Қаржы саласы

✓ Мемлекеттік мекемелер

✓ Жеткізу қызметі

✓ Құрылыс

✓ Энергия ресурстық компаниялары

✓ Медицина

✓ Ақылды қала

✓ Өндіріс


Қосылуға өтінім қалдыру:

Сайт арқылы: https://www.ismet.kz/kk/documents/IoT

WhatsApp арқылы: 8 707 0000 160


 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін