Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы 20-ға жуық ауыл жақын арада интернетпен қамтамасыз етіледі

Dinara Kanzler
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4306
0 пікірлер

Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы 20-ға жуық ауыл жақын арада интернетпен қамтамасыз етіледі


"Қазақтелеком" АҚ шағын және орта бизнестің үш өкілімен еліміздің шалғай өңірлерін жоғары жылдамдықты Интернетке қосу үшін шектеусіз интернет-трафик ұсыну бойынша шарт жасасты. Ірі телеком-оператордың шағын және орта бизнеспен мұндай ынтымақтастығы "Ауылдағы цифрлық серіктес" жобасы аясында жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты  - кәсіпкерлерге интернет пайдаланушыларынан абоненттік төлем арқылы ақша табуға мүмкіндік беру. Қазақтелеком сериіктестерге трафик береді, ал олар ауылдарда коммуникациялық желілерді құрып, оларды оптикаға қосады. Осылайша әрбір үйді интернетпен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні Ismet.kz платформасы арқылы компания Алматы облысының 5 ауданында, Ақмола облысының 1 ауданында және Ақтөбе өңірінің 7 ауданында Қазақстанның 20 ауылын жаһандық желімен қоршайтын жеке провайдерлермен толығымен цифрлық форматта 3 шарт жасасты. Біз өзіміздің "Прометейлеріміздің" бірі, "Nur-LanD (Нұр-ЛенД)" ЖШС басқарушы директоры Мақсат Естемесовпен әңгімелестік. Ол техникалық шарттарды алып, Алматы облысының ауылдық елді мекендерінде интернет-байланыс желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті. Одан кәсіпорынның осы бағыттағы жұмысы мен оның Қазақтелекоммен ынтымақтастық шарттары туралы сұрадық. 

Максат, қайырлы күн! Сіз кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысасыз және неге ауылдағы цифрлық серіктес – "Қазақтелеком" АҚ-ның жобасына қатысуға бел будыңыз? Бұл әлеуметтік борыш па, әлде коммерциялық қызығушылық па?

- Қайырлы күн! Біздің компания - "Nur-LanD (Нұр-ЛенД) "ЖШС деп аталады. Бұрын "Алматытелеком" ӨТД-мен жасалған дилерлік шарт негізінде клиенттерді (жеке және заңды тұлғаларды) "Қазақтелеком" АҚ желісіне қосумен айналысқанбыз. Барлық республикалық жаңалықтар арналары арқылы "Ауылдағы серіктес" жобасы туралы ресми ақпарат өткеннен кейін, біз бірден осы жобаға қызығушылық таныттық. Біз Қазақтелкоммен бұрын да жұмыс істегендіктен, өзімізді ауылды жерлердегі байланыс операторы ретінде де сынап көруді жөн көрдік. Әлеуметтік борыш немесе коммерциялық қызығушылық мәселесіне келетін болсақ, жауап біржақты емес - оның астарында коммерциялық қызығушылық бар. Біз өз мүмкіндіктерімізді әртараптандырғымыз келеді, жаңа тауашаларды игергіміз келеді, әлі зерттеле қоймаған жергілікті байланыс провайдерлер ретінде өзімізді сынап көргіміз келеді. Сондай-ақ қосымша тұрақты табыс көзін ашқымыз келеді.

Телеком-операторымен серіктестіктің техникалық жағынан қалай  іске асқаны туралы айтсаңыз? Барлық шартқа отыру онлайн-режимде болды. Сіз үшін бұл әдеттегі жағдай болды ма, әлде мұндай форматтың пайдасы мен қолайлығын  алғаш рет сезіндіңіз бе? Толығырақ айта кетсеңіз.

- Жоғарыда айтып өткенімдей, біз "Қазақтелеком" Акционерлік Қоғамымен Ismet.kz  порталы арқылы өзара жұмыс жасадық.  Бұл жолы да біз барлық шарттарды ЭЦҚ көмегімен онлайн жасадық. Бәрі жылдам, оңай және түсінікті болды деп айта аламын.

"Ауылдағы цифрлық серіктес" жобасы және Ismet.kz платформасы туралы пікіріңіз қандай? Ismet.kz сайтында бәрі түсінікті болды ма? Ынтымақтастық схемасы және сайт арқылы техникалық шарттарды алу қол жетімді болды ма? ? Біздің қызметке қандай баға берер едіңіз?  Айтар тілегіңіз бар ма?

- "Ауылдағы серіктес" жобасы ауылдық жерлерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша республика көлеміндегі өте маңызды жоба. Ismet.kz платформасына тоқталар болсақ, оның қызмет көрсету жүйесін пайдалану өте ыңғайлы, эргономді және ашық екенін атап өткім келеді. Техникалық шарттарды алу барысында және өзара әрекеттесу схемасы бойынша бәрі түсінікті болды, өйткені келісімшарт жасалғанға дейін түсіндірме ақпарат болды. Бұл өте маңызды. Егер сіз пікірімізді білгіңіз келсе (күлімсіреп), біз сияқты "кішкентай" үшінші тараптың байланыс операторлары үшін бастапқы кезеңде Қоғам негізінде биллинг жүйесі қарастырылған болса, нұр үстіне нұр болар еді. 

Пікіріңіз үшін рахмет! Сондай-ақ, өзіңіздің жақын арадағы жоспарыңызбен бөліссеңіз? Сіз жобаны іске асыру үшін барлық техникалық шарттарды алдыңыз. Енді ауылдарды интернетке қосуды, желілер салуды және жұмысты ретке келтіруді қашан жоспарлап отырсыз? Ауыл тұрғындары мұндай жаңалықтан хабардар ма? Олар мұндай мүмкіндікке қалай қарайды? Барлығы интернет үшін ақша төлеуге келіседі ме?

- Кейбір ауылдар бойынша барлау жұмыстары басталып та кетті, біз жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездестік. Жергілікті әкімдік басшылығы бізді қолдап, халықты құлақтандыруға барынша ықпал ететіндерін айтты. Жалпы, олар жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігіне қуаныштарын білдіруде. Алдағы апталарда біз бір ауылды сынақ режимінде іске қосуға тырысамыз, содан кейін халықтың қызығушылығы мен олардың қаржылық мүмкіндіктері туралы бізде түсінік болады деп ойлаймын.

Жалпы, сіз ауылдарды кеңжолақты интернетпен қанша үйді қамтуды жоспарлап отырсыз? Ауылдық жерлерде байланыс операторы болуды және жеке бизнес ашуды жоспарлап отырсыз ба? Қазақтелекоммен серіктес болып, қанша ақша табуды жоспарлап отырсыз?

- Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша 6 техникалық шарт бар, барлығын кезең-кезеңмен іске асыратын боламыз. Ауқымды қамту туралы айтуға әлі ерте, өйткені біз ісімізді енді ғана бастадық және алдымен өзімізді жеке интернет-провайдер ретінде сынап көреміз. Егер ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық көп болса және салған ақшамызды қайтарып алатын болсақ, онда неге ауылдық жерлердегі байланыс операторы ретінде нарықта өз орнымызды алмасқа? Кем дегенде, біз осыған қарай ұмтылмақшымыз!

Мақсат, әңгімеңізге, бізбен ынтымақтастықта жұмыс істеуге деген қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет! "Қазақтелеком" АҚ-мен серіктестікті іске асыруда табыс тілейміз! Жобаңыздың нәтижелері сәтті болсын!  Кәсібіңіздің нәсібін көріңіз! Ismet.kz платформасы  сізді қолдауға әрқашан дайын!

- Көп рахмет!  

Естеріңізге сала кетейік, "ауылдағы цифрлық серіктес" жобасы ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап табысты іске асырылуда. Шалғай өңірлерді қысқа мерзімде Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком " АҚ ШОБ-ті осы бағыттағы ынтымақтастыққа қосу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерлер үшін бұл бизнестегі әлі де бос тауашаны игерудің және табыс табудың бірегей мүмкіндігі, өйткені олар абоненттерден интернет үшін төлемді толық көлемде алатын болады. Жобаға бизнестің кез келген саласындағы ЖК мен ЖШС қатыса алады. Олар техникалық шарттарды алып, жобаны іске асыруға кірісе алады. Ауылдағы Қазақтелекомның цифрлық серіктесі болу туралы барлық мәліметтерді мына жерден біліңіз.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін