Маркировка обуви

Дабыл түймесі дегеніміз не?

«Қазақтелеком» АҚ дабыл түймесі  — бұл қоғамдық қауіпсіздік саласындағы заманауи шешім. Құрылғы орнатылған жерден ІІМ жедел әрекет ету орталығына дейін шұғыл қоңырау шалуға мүмкіндік береді.
 

Бұл шешім кімге пайдалы?

«Дабыл түймесі» құрылғылары адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылады. Мысалы, сіз білім беру мекемелердің, қоғамдық тамақтану орындардың және т.б.  жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңіз керек болса.

 

Құрылғының техникалық жабдықталуы

• Сезімтадығы жоғары цифрлық микрофон
• 5 Вт динамиктер
• Қиратуға қарсы белсендіру түймесі
• Өлшемдері: 240x190x60 мм

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ):

Жүйе өзі әзірлеген БЖ-мен қуатталады. Дабыл түймесі берілген объектіге (орынға) бекітіледі, осылайша полиция қызметкерлерін осы объектіге шақыру кезінде көп уақыт үнемделеді.



 


Дабыл түймесінің артықшылықтары.

 

«Дабыл түймесі» — құрылғының орнататылған жерінен жедел әрекет ету орталығының операторына дереу қоңырау шалуға мүмкіндік беретін шешім.

Бұл шешімнің негізгі міндеті — полиция қызмтекерлерін құрылғы орнатылған жерге дереу шақырып, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Қысқа мерзімде мұндай жағымсыз оқиғалардың пайда болу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді.


Жұмыс принципі:

Құрылғыдағы түймені басып, қоңырауды іске қосу;

Дабыл сигналы қорғалған арна арқылы полиция департаментінің пультіне жіберіледі;

Түймені басқан сәттен бастап құрылғыда айналадағы жағдайдың бейнесі мен дыбысы жазыла бастайды;

Бейне және аудио сигнал полиция департаментінің жедел басқару орталығының пультіне жіберіледі;

Онлайн режимінде қоңырау шалушы операторға жағдайды түсіндіре алады. Полиция департаментінің операторы не болып жатқанын бақылауға және жағдайға байланысты патрульдік әрекеттерді дәлдеп түзетуге, сондай-ақ дабыл түймесіне дабыл сигналын беруге мүмкіндік алады;