«Қазақтелеком» АҚ-ның пиринг қосылымдары
Деректерді табыстау уақытын қысқарту
Контент-провайдерлерге тұрақты қосылуды қамтамасыз ету
Желі маршруттарын оңтайландырып, байланысты жақсарту
Пирингтік қосылымдарды ұйымдастыруға арналған жабдық пен байланыс арналарының шығындарын азайту

«Казахтелеком» АҚ– ның пиринг қызметі - сіздің міндеттеріңіздің шешімі

servera

Пиринг қосылымдары клиент желісі мен контент-провайдер арасында деректерді табыстау жолдарын оңтайландыруға бағытталған. Егер пирингті өз бетіңізше ұйымдастырсаңыз, желілік жабдықта порт бөлу, контент-провайдер серверіне дейін байланыс арналарын ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету және ретке келтіру сияқты шығындарға тап боласыз. «Казахтелеком» АҚ бұл қызметті толықтай өз жауапкершілігіне алып, оны «толық дайын қызмет» ретінде ұсынады. Бұл қосылым процесін жылдамдатып, шығындарыңызды айтарлықтай азайтады. Контент-провайдерлермен пирингтік қосылымдар L1-арнасы арқылы ұйымдастырылады, бұл транзиттік аумақтарда трафикке бағдарламалық өзгерістер енгізу мүмкіндігін болдырмай, желінің тұрақты жұмысын арттырады.

Сіздің бизнесіңізге арналған артықшылықтар:

  • Пинг пен кідірісті азайту: Онлайн-ойындар мен төмен кідірісті қажет ететін сервистер үшін мінсіз шешім.
  • Мультимедиа контентін жылдам жеткізу: Видео мен музыканы ағындық түрде ойнатып, көрсетуді жақсартады.
  • Пайдаланушылардың қанағаттануын арттыру: тұрақты және жылдам қосылым клиенттердің сенімін күшейтеді.
  • Байланыс тұрақтылығын арттыру: әлемдегі жетекші контент-провайдерлермен тікелей байланыстар интернет-ресурстардың сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
  • «Казахтелеком» АҚ келесі контент-провайдерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді: Google, Facebook, PUBG, PCCW, Cogent, Lumen, Steam, Twitch, Amazon.

Төменгі деңгейдегі операторлар үшін пирингті техникалық ұйымдастыру нұсқалары:

Оператор желілерін алдын ала хабарлау: «Казахтелеком» АҚ ірі контент-провайдерлермен өз қашықтағы байланыс тораптарында (POP-тораптарында) тікелей пирингтік қосылымдарға ие. Біз клиенттеріміздің желілерін контент-провайдерлерге алдын ала хабарлау арқылы AS-жолын (автономды жүйелер арасындағы маршрут) және аралық хоптар (аралық тораптар) санын азайта аламыз. Бұл контентке жылдам және тиімді қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Clickable Image

POP-торабындағы арнайы порт: Клиент үшін «Казахтелеком» АҚ байланыс торабында (POP-торабында) жеке порт бөлініп, контент-провайдер сервері мен біздің байланыс торабымыз арасында L2VPN технологиясы (екінші деңгейдегі виртуалды жеке желі) арқылы тікелей қосылым (кросс-коннект) ұйымдастырылады. Бұл әдіс контент-провайдер трафигіне «Казахтелеком» АҚ автономды жүйесінің қатысуынсыз тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Clickable Image