Starlink компаниясы Қазақстанда өз бөлімшесі — Starlink Kazakhstan-ды тіркеді. Бұл ҚР Цифрлық даму министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Қазахтелеком» АҚ және SpaceX қатысуымен барлық құқықтық және реттеуші рәсімдер келісілгеннен кейін мүмкін болды. Енді спутниктік интернет қызметтері еліміздің аумағында ұлттық заңнамаға сәйкес ұсынылатын болады.
Бұған дейін Starlink пилоттық режимде жұмыс істеді: 2 000-нан астам ауыл мектебі жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді. Жоба шалғай өңірлерде базалық цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және цифрлық теңсіздікті азайту стратегиясының бір бөлігіне айналды.
Нарыққа коммерциялық форматта шығу арқылы спутниктік интернет енді білім беру мекемелеріне ғана емес, жеке пайдаланушыларға, бизнеске және мемлекеттік ұйымдарға да қолжетімді болады.
Сатылымның басталуы — 2025 жылдың күзі
Барлық пайдаланушылар үшін ресми қосылу 2025 жылдың III тоқсанына жоспарланған. Старт күні жақындаған кезде қызмет көрсету шарттары, жабдықтың құрамы, техникалық параметрлер және тіркеу тәртібі жарияланады. Сатылымдар ресми арналар арқылы жүзеге асырылады.
Байланыстың жаңа инфрақұрылымы
Қазақстандағы Starlink жобасы цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған мемлекеттік стратегия аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба интернетпен қамтудың географиясын кеңейтуге, байланыстың тұрақтылығын арттыруға және шалғай елді мекендер, ұйымдар мен жекелеген пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.