ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТАҢБАЛАУ

 

 

Қазақстанда темекіні таңбалау заңсыз нарықтан үлесті арттыру арқылы адал бизнестің пайдасын арттырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда темекі өнімдерінің көлеңкелі нарығы шамамен 10 миллиард

(Nielsen зерттеуіне сәйкес, 2019 жылы темекі өнімдерінің заңсыз айналымының көлемі 2,3% құрайды), қысқа мерзімді кезеңде таңбалауды енгізгеннен кейін көлеңкелі нарықты 3 млрд теңгеге дейін қысқарту болжануда.

Таңбалауды енгізуден түсетін қысқа мерзімді монетарлық тиімділік бизнес үшін 15,2 млрд теңгені және акциз мен ҚҚС төлеу есебінен бюджетті толықтыру үшін 5,1 млрд теңгені құрайды.

Дерек көздері: жұмыс тобының бағалауы бойынша, қысқа мерзімді кезеңде таңбалау темекі өнімдерінің көлеңкелі нарығының үлесін 60-70% - ға (Ресей таңбалау операторының бағалауы бойынша, СКӨБО) 3 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, таңбалау ақ нарықтың үлесін арттыру, жеткізу шығындарын төмендету және сандық жоспарлаудың тиімділігін арттыру есебінен бизнес түсімін 15,2 млрд теңгеге арттыра алады (Cognizant және BCG зерттеулеріне сәйкес, таңбалау сандық жоспарлаудың тиімділігін 0,75-1,3% арттыру есебінен түсімді ұлғайтуға, сондай-ақ жеткізу шығындарын 6,5% - ға төмендетуге мүмкіндік береді). Бұған қоса, таңбалау ҚҚС және акциз төлемдерін жинау арқылы ел бюджетін 5,1 млрд теңгеге толықтыра алады.

Тауарларды таңбалау және бақылау жүйесінің жобасы ҚР экономикасын цифрландыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Тауарларды таңбалау туралы келісімді іске асыру шеңберінде ЕЭО мүше-мемлекеттермен темекі өнімдерін таңбалауды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті құжаттардың жобаларын әзірледі:

* Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау ережесін бекіту туралы бұйрық

* Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы

Ұсынылатын мерзімдер:

Темекі-1 шілде 2020 ж.

Қалған темекі өнімдері-2021 жылғы 1 қаңтар.

 

 


Әлемдік тәжірибе

 

Шетелдік тәжірибе бойынша, көптеген елдерде тауарларды таңбалау бірінші кезекте халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін контрафактілік (сапасыз) өнімдер пайдаланылатын тауарлар тобына қатысты жасалады. Мұндай тауарларға акцизделетін тауарлар мен дәрілік заттар жатады. Тиісінше, мұндай тауарлар бірінші кезекте таңбалануы қажет. 

Темекі бұйымдарын таңбалауды енгізудің дұрыстығы мен қажеттілігін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Темекі өнімдерінің заңсыз саудасын жою туралы Хаттамада да растады. Заңсыз сауданың салдарынан темекі өнімдері қолжетімді әрі арзан болады. Сондай-ақ, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді және елеулі салық шығындарына әкеліп соғады. 

Осындай шараны сәтті жүзеге асырған ел ретінде Бразилияны атап өтуге болады. Ол елде темекі өнімдерін таңбалауды енгізгеннен кейін салықтардың жиналуы 2008-2010 жылдар ішінде 40%-ке өсті және 7 заңсыз зауыт жабылды.

Түркияда таңбалауды енгізудің алғашқы жылы ғана (2007 ж.) темекі бұйымдарынан түсетін салық 1,8 млрд. долларға, алкогольды сусындар мен сырадан – 200 млн. долларға өсті

 

 

ВНЕДРЕНИЕ СИСТЕМЫ МАРКИРОВКИ И ПРОСЛЕЖИВАЕМОСТИ НАЧИНАЮТ С ПОДАКЦИЗНЫХ ТОВАРОВ И ЛЕКАРСТВЕННЫХ ПРЕПАРАТОВ

 

 

Темекіні таңбалау жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелері

Темекі бойынша пилоттық жоба сәтті өткізілді және 31.03.2020 аяқталды:

ҚР ҚМ МКК өндірістен шығарылған сауда айналымының барлық циклы көрсетті 

«Темекі бұйымдарын сәйкестендіру және олардың айналымындағы құралдары мен таңбалау» ережесі әзірленді. 

Реттеушілік әсерді талдау бойынша жұмыс аяқталды (АРВ). 

Темекі бойынша пилоттық жоба темекіні міндетті түрде таңбалауды енгізу елдегі темекінің заңсыз айналымы проблемасын шешуге ықпал ететінін дәлелдеді. 

 

 

 

Новости