Таңбалау

Телефон:

8 800 080 65 65

Темекі өнімдерін таңбалауды енгізу кезеңдері

2020 жылғы
30 наурызға дейін
Пилоттық жоба
2020 жылғы
1 қазаннан бастап
Көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда, бөлшек сауда кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып, өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері үшін - құрамында темекі бар фильтрлі сигареттерді міндетті таңбалауды енгізу.
2021 жылғы
1 қаңтардан бастап
Таңбаланған тауарлардың қадағалануы туралы құжаттарды міндетті түрде жазып бере отырып, тауар айналымының барлық қатысушылары үшін құрамында темекі бар сүзгісі бар өзге сигареттерді міндетті таңбалауды енгізу.
2021 жылғы
1 сәуірден бастап
Өзге темекі бұйымдарын (стиктер, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекі) міндетті таңбалауды енгізу.
2021 жылғы
1 қазаннан бастап
Таңбаланбаған барлық темекі өнімдерінің айналымын тоқтату
Темекі өнімдерін таңбалау

Тауарды ТТҚ АЖ-да тіркеу

Тауарларды қабылдау/тапсыру актісі

 

Тауарларды қабылдау/тапсыру актісі

 

Айналымға енгізу туралы хабарлама

 

Айналымнан шығару туралы хабарлама

 

«Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте №21302 тіркелген.
«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысы
Темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтықты таңбалау таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
ТТҚ АЖ пайдаланушының нұсқаулығы
Пайдаланушының нұсқаулығы. Ұлттық тауарлар каталогы
«Тапсырыстарды басқару станциясы» пайдаланушының нұсқаулығы
Бақылау-касса машиналарын өндірушілерге және техникалық қызмет көрсету орталығына арналған жадынама
API ТБС сипаттамасы
TrueAPI
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну туралы
ТТҚ АЖ-ға қосылу туралы
Тауар айналымының қатысушысы (өндіруші/импорттаушы) ретінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркеу
Тауар карточкасын Ұлттық тауарлар каталогында тіркеу
Кодтарға тапсырыс беру
Тауарға кодтарды енгізу
Тауарды алушыға жөнелту
Айналымның қатысушысы (көтерме сатушы) ретінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу
2D сканермен сканерлеу арқылы тауарды жүйеде Қабылдау/тапсыру актісі бойынша алу.
Тауарды өткізу кезінде Қабылдау/тапсыру актісін қалыптастыру
Алушыға жөнелту
Айналым қатысушысы (бөлшек сатушы) ретінде жүйеде тіркеу
2D сканермен сканерлеу арқылы тауарды жүйеде Қабылдау/тапсыру актісі бойынша алу
Тауарды онлайн БКМ арқылы сату

«Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес белгіленген міндетті таңбалау енгізілген күнге таңбаланбаған темекі өнімдерінің қалдықтары  айналымға қатысушылардың міндетті таңбалау енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде өткізуіне жатады.

 

Сұрақ-жауап

Таңбалау кодын темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар енгізеді.  Олар өз тауарларының әр пакетіне код қояды.  Цифрлық код арқылы тауардың  өндірістен/импорттан оны айналымнан шығаратын кассаға дейінгі бүкіл жолын қадағалауға болады.

 

Әзірге цифрлық таңбалау акциздік маркалармен қатар қолданылады. Болашақта акциздік марка біртіндеп жойылады.

Иә, кәсіпкерлер өз тауарларының кодтар және жүйеде жүргізілген операциялар бойынша қозғалысы туралы барлық деректерді көретін болады.

Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті таңбалау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілді. Таңбаланбаған тауарлардың қалдықтары 2021 жылдың  1 қазанына дейін сатылуы мүмкін. Осы өтпелі кезеңнен кейін дүкендерде болатын барлық таңбаланбаған темекі өнімдері контрафакт болып саналады.

Қазіргі уақытта өтпелі кезеңде таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Алайда бұдан әрі  ҚР ӘҚБтК-не таңбаланбаған тауарды сатқаны үшін жауапкершілікті белгілеу бөлігінде түзетулер енгізілетін болады.

Тауардың қаптамасына басылған таңбалау кодтары 2D сканерлеуден кейін жүйеден шығады.  2D сканер бөлшек сатуды жүзеге асыратын бақылау-касса машинасымен түйісетіндіктен таңбалау коды туралы мәліметтер «кассалық чек» фискалдық құжатына енгізіледі және фискалдық деректер операторына беріледі.  Фискалдық деректер операторы әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша  мәліметтерді нақты уақыт режимінде ТТҚ АЖ-ға беруді жүзеге асырады.  Сонымен қатар, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады.

Таңбалау