Таңбалау

Телефон:

8 800 080 65 65

Аяқ киімді таңбалауды енгізу кезеңдері

2019 жылғы 30 шілде
Аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосу
2020 жылғы 31 желтоқсан
Аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жобаны аяқтау
2021 жылдың 3-тоқсаны
Аяқ киімді міндетті таңбалауды кезең-кезеңмен енгізу

Пилоттық жобаға 5 өндіруші және 14 импорттаушы және 1 уәкілетті экономикалық оператор қатысты.

Аяқ киімді таңбалау

Тауарды ТТҚ АЖ-да тіркеу

Тауарларды қабылдау/тапсыру актісі

 

Айналымға енгізу туралы хабарлама

 

Айналымнан шығару туралы хабарлама

 

«Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 586 бұйрығы
«Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 08 тамыздағы №72 шешімі
Аяқ киімді таңбалау мен оның қадағалануы жүйесін пайдаланушының нұсқаулығы
Ұлттық тауарлар каталогы. Пайдаланушының нұсқаулығы
«Тапсырыстарды басқару станциясы» пайдаланушының нұсқаулығы
API ТБС сипаттамасы
TrueAPI

ТТҚ АЖ-мен жұмыс істеудің ыңғайлылығы үшін кез-келген адам біздің ашық API-ге қосылу арқылы интеграцияны жүзеге асыра алады

1) ЭЦҚ-ның болуы.

2) Қажет болған жағдайда GS-1 мүшелігі

3) Егер Өндіруші бөлшек саудамен айналысатын болса, онда деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болуы қажет, онлайн БКМ және 2Д сканер ТТҚ АЖ-да айналымнан шығаруды іске асыру үшін қажет.

4) Data Matrix-ті қамтитын затбелгілерді басып шығару үшін термотрансферлік принтердің болуы. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы  машиналық оқуға жарамды DataMatrix GS1 екі өлшемді штрих код түрінде тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына енгізіледі.

Аяқ киім тауарларына және (немесе) аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына және (немесе) тауарлық жапсырмаларға сәйкестендіру құралдарын енгізу сапасына қойылатын талаптар:

ЕСС-200 қателерді түзету әдісін пайдалана отырып басып шығарумен енгізу;

ASCII кодтауды қолдану.

Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы үшін 20 (жиырма) мм х 20 (жиырма) мм  өлшемі белгіленеді.

5) Принтер болмаған жағдайда затбелгілерді басып шығару бойынша  серіктес-баспаханалармен жасалған шарттың болуы қажет.

GTIN алу және тауарды каталогта тіркеу үшін GS-1 қауымдастығына тіркелу қажет.

GS1-Global халықаралық стандарттарына сәйкес «өндіруші» типті тауарлар айналымына қатысушы тауар карточкасын жасау кезінде мынадай міндетті өрістерді толтыруды талап ететініне назар аудару қажет: тауардың жаһандық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - GTIN), шетелдік өндірушінің сәйкестендіргіші (TIN – Taxpayer Identification Number) және тауар өндіруші мен дайындаушы туралы мәліметтер (GCP және GLN).

GS-1-ге  https://gs1.kz/   электрондық пошта арқылы тіркелуге болады немесе бөлім нөмірі бойынша хабарласуға болады +7 727 394 88 53, +7 727 394 88 56, +7 727 394 88 57, +77273948858

+77073948857 (Моб. байланыс/Whatsapp), +77073948858 (Моб. байланыс/Whatsapp) info@gs1.kz  поштаға жазу арқылы

ТТҚ АЖ-ға https://markirovka.kz/login-kep мекенжайы бойынша тіркелу қажет. ТТҚ АЖ-да тіркелу және одан әрі жұмыс істеу үшін ЭЦҚ және NСA Player талап етіледі (https://pki.gov.kz/ncalayer/  мекенжай бойынша жүктеуге болады).

Тауар тобын таңдап, тауар айналымына қатысушы туралы ақпараты бар міндетті өрістерді толтырыңыз.

Өндірушіні ТТҚ АЖ-да тіркеуді және олардың жеке кабинетіне қол жеткізуін Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ-мен қол қойылған мынадай мәліметтерді ұсыну негізінде жүзеге асырады:

1)      ЖСН немесе БСН;

2)      ұйымның атауы;

3)      бірінші басшының не оның ресми өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

4)      айналымға қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;

5)      байланыс телефон нөмірі.

Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ-да тіркеу үшін мынадай мәліметтер қажет:

1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

2) тауар коды (GTIN);

3)  тауарды дайындаушы туралы мәліметтер;

4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;

5) аяқ киім түрі;

6) тауар туралы мәліметтер (бренд, аяқ киімнің түсі, өлшемі, моделі, аяқ киімнің жоғарғы жағы материалының түрі, аяқ киімнің төменгі жағы материалының түрі).

Қалдықтарды таңбалау үшін  келесі ақпаратты қамтитын тауардың жеңілдетілген карточкасы қолданылады: :

1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

2) аяқ киім түрі (ерлер, әйелдер, балалар, унисекс);

3) ЕАЭО СЭҚ ТН кодының алғашқы екі белгісі;

4) аяқ киім тауарларын айналымға енгізу тәсілі (Қазақстан Республикасына әкелінген, Қазақстан Республикасында өндірілген).

Таңбалау кодтарын түсіргеннен және басып шығарғаннан кейін өндіруші оларды тауарға, тауар жапсырмаларына немесе тұтынушы қаптамасына енгізуі тиіс.

Аяқ киім  тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, айналымда болған және қайтарылған жағдайда тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына сәйкестендіру құралдарын салу осындай тауарларды өндіру немесе сақтау орындарында жүзеге асырылады.

Сәйкестендіру құралы сәйкестендіру құралын тұтыну қаптамасынан немесе тауардан немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасынан зақымдамай және басқа ақпаратпен жаппай бөлуге жол бермейтін әдіспен салынады.

Бұл ретте сәйкестендіру құралы техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына басылған ақпараттың бүтіндігін бұзбай орналастырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында аяқ киім тауарларын өндіру кезінде-тауарды өндірушіден жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға иеліктен шығару мақсатында немесе оларды тарату және (немесе) пайдалану үшін қолжетімді ететін кейіннен өткізу үшін  өндірушіден жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз беру.

1) Таңбаланған аяқ киім тауарларын өткізу кезінде өндіруші нысан бойынша қабылдау/тапсыру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және аяқ киім тауарларын өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

2)  Оператор ТТҚ АЖ-да Қабылдау/тапсыру актісін тіркеу нәтижелері бойынша осы Акт бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтерді нақты уақыт режимінде ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелеріне береді.

3)  Аяқ киім тауарларын қабылдауды өндіруші тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Қабылдау/тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады, оған ЭЦҚ-мен қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.

4)  Екі қатысушыдан ЭЦҚ қойылған Қабылдау/тапсыру актісін алған кезде Оператор ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.

5)  Аяқ киім тауарларын қабылдау кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, айналым қатысушысы - алушы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама қалыптастырады және оны бұрын жіберілген Қабылдау/тапсыру актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін тиеуді жүзеге асырған айналым қатысушысына жібереді.

6)  Қажет болған кезде Қабылдау/тапсыру актісін жөнелтуші ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ алушы растаған сәтке дейін жаңасын ресімдемей кері қайтарып алады.

Аяқ киім тауарларын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын өндіруші сатылатын өнімнің қаптамасына басылған сәйкестендіру құралын өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасатын техникалық құрылғылармен сканерлеу және тану арқылы оларды ТТҚ АЖ-да қабылдағаны туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады.  Тауарға басылған сәйкестендіру құралындағы сәйкестендіру коды туралы мәліметтер бақылау-касса машинасы қалыптастыратын «кассалық чек» фискалдық құжатына енгізіледі және Фискалдық деректер операторына беріледі.

Таңбаланған тауарды айналымнан шығару үшін өндіруші  Naqty sauda kassa мобильді қосымшасын (Play market-тен жүктеу қажет) пайдалана алады, бұл қосымша онлайн БКМ және 2D сканер  баламасы болып табылады.

1) ЭЦҚ-ның болуы.

2) Қажет болған жағдайда GS1 мүшелігі.

3)  Егер Импорттаушы бөлшек саудамен айналысатын болса, онда деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болуы қажет, онлайн БКМ және 2Д сканер ТТҚ АЖ-да айналымнан шығаруды іске асыру үшін қажет.

4)  Data Matrix-ті қамтитын затбелгілерді басып шығару үшін термотрансферлік принтердің болуы. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы  машиналық оқуға жарамды DataMatrix GS1 екі өлшемді штрих код түрінде тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына енгізіледі.

Аяқ киім тауарларына және (немесе) аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына және (немесе) тауарлық жапсырмаларға сәйкестендіру құралдарын енгізу сапасына қойылатын талаптар:

ЕСС-200 қателерді түзету әдісін пайдалана отырып басып шығарумен енгізу;

ASCII кодтауды қолдану.

Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы үшін 20 (жиырма) мм х 20 (жиырма) мм  өлшемі белгіленеді.

 

Импорттаушы тауарды дайындаушы ұсынатын GTIN-ді  қолдана алады,  егер ол болмаса, GS1 қауымдастығында тіркелу қажет.  Импорттаушы GTIN-ді алу және тауар каталогында тауарды тіркеу үшін, егер ол тіркелмеген болса, қауымдастыққа тіркелуі тиіс.

GS1-Global халықаралық стандарттарына сәйкес «Импорттаушы» типті тауарлар айналымына қатысушы тауар карточкасын жасаған кезде мынадай міндетті өрістерді толтыру талап етілетініне назар аудару қажет: тауардың жаһандық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - GTIN), шетелдік өндірушінің сәйкестендіргіші (TIN – Taxpayer Identification Number) және тауар өндіруші мен дайындаушы туралы мәліметтер (GCP және GLN).

Егер Импорттаушының тауарды өндіруші және дайындаушы туралы, атап айтқанда, тауарды Қытайдан әкелу кезінде мәліметтері болмаса, Қазақстан – 487 префиксі бар GTIN-ді пайдалана отырып, шетелдік тауарды тіркеуге болады.

GS-1-ге  https://gs1.kz/   электрондық пошта арқылы тіркелуге болады немесе бөлім нөмірі бойынша хабарласуға болады +7 727 394 88 53, +7 727 394 88 56, +7 727 394 88 57, +77273948858

+77073948857 (Моб. байланыс/Whatsapp), +77073948858 (Моб. байланыс/Whatsapp) info@gs1.kz  поштаға жазу арқылы.

ТТҚ АЖ-ға https://markirovka.kz/login-kep  мекенжайы бойынша тіркелу қажет. ТТҚ АЖ-да тіркелу және одан әрі жұмыс істеу үшін ЭЦҚ және NСA Player талап етіледі (https://pki.gov.kz/ncalayer/   мекенжай бойынша жүктеуге болады). Тауар тобын таңдап, тауар айналымына қатысушы туралы ақпараты бар міндетті өрістерді толтырыңыз.

Импорттаушыны ТТҚ АЖ-да тіркеуді және олардың жеке кабинетіне қол жеткізуін Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ-мен қол қойылған мынадай мәліметтерді ұсыну негізінде жүзеге асырады:

1)                ЖСН немесе БСН;

2)                ұйымның атауы;

3)                бірінші басшының не оның ресми өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ;

4)                айналымға қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;

5)                байланыс телефон нөмірі.

Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ-да тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да ең аз мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

2) тауар коды (GTIN);

3)  тауарды дайындаушы туралы мәліметтер;

4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;

5) аяқ киім түрі;

6) тауар туралы мәліметтер (бренд, аяқ киімнің түсі, өлшемі, моделі, аяқ киімнің жоғарғы жағы материалының түрі, аяқ киімнің төменгі жағы материалының түрі).

Қалдықтарды таңбалау үшін көптеген Импорттаушыларда тауар туралы ақпарат жоқ екенін ескере отырып, келесі ақпаратты қамтитын жеңілдетілген тауар карточкасы қолданылады.

1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

2) аяқ киім түрі (ерлер, әйелдер, балалар, унисекс);

3) ЕАЭО СЭҚ ТН кодының алғашқы екі белгісі;

4) аяқ киім тауарларын айналымға енгізу тәсілі (Қазақстан Республикасына әкелінген, Қазақстан Республикасында өндірілген).

Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін Импорттаушы Операторға ТТҚ АЖ арқылы таңбалау кодтарын алуға сұрау салу жібереді. Осы сұрау салу ТТҚ АЖ-да электрондық нысанда ресімделеді. Импорттаушы өзінің тіркелген тауар карточкаларынан қажетті модельдер мен таңбалау кодтарының тиісті санын таңдауы керек. Таңбалау кодтары ТТҚ АЖ-да автоматты түрде жасалады, содан кейін оларды Data Matrix-ке түрлендіруге және (PDF немесе CSV)  форматта жүктеуге болады.

Таңбалау кодтарын түсіріп, басып шығарғаннан кейін Импорттаушы оларды тауарға, тауар жапсырмасына немесе тұтыну қаптамасына енгізуі тиіс.

Аяқ киім тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында айналымда болған және қайтарылған жағдайда тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай тауарларды өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелінген жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын іс жүзінде өткенге дейін, ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.

Сәйкестендіру құралы сәйкестендіру құралын тұтыну қаптамасынан немесе тауардан немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасынан зақымдамай және басқа ақпаратпен жаппай бөлуге жол бермейтін әдіспен салынады.

Бұл ретте сәйкестендіру құралы техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына басылған ақпараттың бүтіндігін бұзбай орналастырылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын Импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелу туралы хабарлама қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша Импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламада өзі бұрын мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жібереді.

ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелу туралы хабарлама қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

Таңбаланған аяқ киім тауарларын өткізу кезінде Импорттаушы нысан бойынша Қабылдау/тапсыру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және аяқ киім тауарларын өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

Оператор ТТҚ АЖ-да Қабылдау/тапсыру актісін тіркеу нәтижелері бойынша осы Акт бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтерді нақты уақыт режимінде ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелеріне береді.

Аяқ киім тауарларын қабылдауды айналымға қатысушы тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Қабылдау/тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады, оған ЭЦҚ-мен қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.

Екі қатысушыдан ЭЦҚ қойылған Қабылдау/тапсыру актісін алған кезде Оператор ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.

Аяқ киім тауарларын қабылдау кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, айналым қатысушысы - алушы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама қалыптастырады және оны бұрын жіберілген Қабылдау/тапсыру актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін тиеуді жүзеге асырған Импорттаушыға жібереді.

Қажет болған кезде Қабылдау/тапсыру актісін жөнелтуші ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ алушы растаған сәтке дейін жаңасын ресімдемей кері қайтарып алады.

Аяқ киім тауарларын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы сатылатын өнімнің қаптамасына басылған сәйкестендіру құралын өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасатын техникалық құрылғылармен сканерлеу және тану арқылы оларды ТТҚ АЖ-да қабылдағаны туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады.  Тауарға басылған сәйкестендіру құралындағы сәйкестендіру коды туралы мәліметтер бақылау-касса машинасы қалыптастыратын «кассалық чек» фискалдық құжатына енгізіледі және Фискалдық деректер операторына беріледі.

Таңбаланған тауарды айналымнан шығару үшін Naqty sauda kassa мобильді қосымшасын (Play market-тен жүктеу қажет) пайдалану қажет, бұл қосымша онлайн БКМ және 2D сканер  баламасы болып табылады.

1) ЭЦҚ-ның болуы. 

2) Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының, бақылау-касса машинасымен ұштасқан аяқ киім тауарларын сканерлеу және сәйкестендіру құралдарын тану құрылғысының болуы;

3) затбелгілерді басып шығаруға арналған принтердің немесе тауар қалдықтарын таңбалауға арналған затбелгілерді басып шығару бойынша баспаханалармен жасалған шарттың болуы.

ТТҚ АЖ-ға https://markirovka.kz/login-kep   мекенжайы бойынша тіркелу қажет. ТТҚ АЖ-да тіркелу және одан әрі жұмыс істеу үшін ЭЦҚ және NСA Player талап етіледі (https://pki.gov.kz/ncalayer/    мекенжай бойынша жүктеуге болады). Тауар тобын таңдап, тауар айналымына қатысушы туралы ақпараты бар міндетті өрістерді толтырыңыз.

Бөлшек сауда өкілдерін ТТҚ АЖ-да тіркеуді және оларға жеке кабинетке қол жеткізуді ұсынуды Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ-мен қол қойылған мынадай мәліметтерді ұсыну негізінде жүзеге асырады:

1)                ЖСН немесе БСН;

2)                ұйымның атауы;

3)                бірінші басшының не оның ресми өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ;

4)                айналымға қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;

5)                байланыс телефон нөмірі.

Таңбаланған аяқ киім тауарларын өткізу кезінде айналымға қатысушы нысан бойынша Қабылдау/тапсыру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және аяқ киім тауарларын өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

Оператор ТТҚ АЖ-да Қабылдау/тапсыру актісін тіркеу нәтижелері бойынша осы Акт бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтерді нақты уақыт режимінде ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелеріне береді.

Аяқ киім тауарларын қабылдауды айналымға қатысушы тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Қабылдау/тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады, оған ЭЦҚ-мен қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.

Екі қатысушыдан ЭЦҚ қойылған Қабылдау/тапсыру актісін алған кезде Оператор ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.

Аяқ киім тауарларын қабылдау кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, айналым қатысушысы - алушы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама қалыптастырады және оны бұрын жіберілген Қабылдау/тапсыру актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін тиеуді жүзеге асырған айналым қатысушысына жібереді.

Қажет болған кезде Қабылдау/тапсыру актісін жөнелтуші ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ алушы растаған сәтке дейін жаңасын ресімдемей кері қайтарып алады.

Аяқ киім тауарларын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы сатылатын өнімнің қаптамасына басылған сәйкестендіру құралын өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасатын техникалық құрылғылармен сканерлеу және тану арқылы оларды ТТҚ АЖ-да қабылдағаны туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады.  Тауарға басылған сәйкестендіру құралындағы сәйкестендіру коды туралы мәліметтер бақылау-касса машинасы қалыптастыратын «кассалық чек» фискалдық құжатына енгізіледі және Фискалдық деректер операторына беріледі.

Таңбаланған тауарды айналымнан шығару үшін Naqty sauda kassa мобильді қосымшасын (Play market-тен жүктеу қажет) пайдалану қажет, бұл қосымша онлайн БКМ және 2D сканер  баламасы болып табылады.

Қалдықтарды таңбалау үшін  келесі ақпаратты қамтитын тауардың жеңілдетілген карточкасы қолданылады:

1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

2) аяқ киім түрі (ерлер, әйелдер, балалар, унисекс);

3) ЕАЭО СЭҚ ТН кодының алғашқы екі белгісі;

4) аяқ киім тауарларын айналымға енгізу тәсілі (Қазақстан Республикасына әкелінген, Қазақстан Республикасында өндірілген).

Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін ТТҚ АЖ арқылы Операторға таңбалау кодтарын алуға сұрау салу жіберу қажет.  Бұл сұрау салу ТТҚ АЖ-да электрондық нысанда ресімделеді.  Тіркелген тауар карточкаларынан модельді және таңбалау кодтарының тиісті санын таңдау қажет.  Таңбалау кодтары ТТҚАЖ-да автоматты түрде жасалады, содан кейін оларды Data Matrix-ке түрлендіруге және (PDF немесе CSV)  форматта жүктеуге болады.

Таңбалау кодтарын түсіріп, басып шығарғаннан кейін оларды тауарға, тауар жапсырмасына немесе тұтыну қаптамасына енгізу қажет.

Сәйкестендіру құралы сәйкестендіру құралын тұтыну қаптамасынан немесе тауардан немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасынан зақымдамай және басқа ақпаратпен жаппай бөлуге жол бермейтін әдіспен салынады.

Бұл ретте сәйкестендіру құралы техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына басылған ақпараттың бүтіндігін бұзбай орналастырылады.

«Аlmobi group» ЖШС Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының  серіктесі және пилоттық жобаға қатысушы болып табылады. Компания үшінші елдердің аумағынан ҚР-ға аяқ киім тауарларының көтерме импортымен айналысады.  

Trolltunga, Norway

СҰРАҚ-ЖАУАП

СЭҚ ТН 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтарына сәйкес

Егер аяқ киім Қазақстанда жасалса, онда оны өндіруші таңбалайды.  Ол өнімді сатуға шығарғанға дейін таңбалауы керек.  Егер аяқ киім шетелде (оның ішінде ЕАЭО елдерінде) жасалса, онда  тауарды импорттаушы таңбалайды.  Бұл жағдайда аяқ киімді мына жерлерде таңбалауға болады:

- Үшінші елдер аумағында;             

- Өндіруші зауытта;

- Кеден қоймаларында.

2021 жылдың үшінші тоқсанында

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелу, тауарды тіркеу қажет, содан кейін жүйе таңбалау кодтарын жасайды.

GS1 (Global Standard One) — географиялық және салалық шекараларсыз GS1 жүйесі негізінде жаһандық стандартты қолдаумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Қазақстан Республикасында қазақстандық өндіруші кәсіпорындарға электрондық кодтарды, сондай-ақ өнімге арналған тиісті электрондық кодтарды беретін «GS1 Kazakhstan» өңірлік ұйымы жұмыс істейді.

Қауымдастықтың мүшесі болу үшін мына мекенжайға хабарласу керек:

Алматы қ., Байзақов к-сі, № 299, тел. 8 (727) 394-88-53, 8 (727) 394-88-57, 8 (727) 394-88-58. Толық ақпарат сайтта: http://gs1.kz/

Таңбалау