Таңбалау

Телефон:

8 800 080 65 65

Пилоттық жоба

2020 жылғы 1 қазан
Пилоттық жобаның басталуы
2021 жылғы 30 маусым
Пилоттық жобаның аяқталуы
Пилоттық жобаға қатысушылар
«Сүт өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» 02.10.2020 жылғы №303 бұйрық
«Сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №129 шешімі

                                                                Сұрақ-жауап

 Сүт өнімдерін таңбалаудың жоспарланған әсері нарықты «ағарту» және жалған өнімдерден тазарту болып табылады.  Таңбалау бизнеске өнімділікті арттыруға, логистикалық схемаларды жетілдіруге, нарық үлесін арттыруға және ең ақырында кірісті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, таңбалау сапасыз өнімдермен күресте,  жалған және жарамдылық мерзімін түзетуден, тауарды жеткізу кезінде бүлінген тауардан қорғаудың негізгі құралы болып табылады. Бұл өнімнің сапасын және жоспарлаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Көлеңкелі нарық үлесін төмендету есебінен нарық көлемінің ұлғаюы таңбаланатын өнім бағасының өсуіне таңбалаудың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Тауарлар бағасының орташа жылдық өсу қарқынын (6-13%) ескере отырып, сатып алушы БСБ (бақылау - сәйкестендіру белгісінің) баға құнының өсуін сезбейді.

Әрбір отандық өндіруші таңбалау жабдықтарын өз қалауы бойынша орнатады. Өз кезегінде, таңбалау жабдығын сатып алу кезінде келтірілген шығындарды өтеу бөлігінде өндірушілерді мемлекеттік қолдау мәселесі пысықталуда. Бұдан басқа, сүт өнімдерін өндірушілердің шығындарын азайту мақсатында оларды дайындау процесінде сүт өнімдеріне арналған қаптамаларды таңбалау мәселесі пысықталуда.

Сүт өнімдерін таңбалау кезінде сауда нүктелерінің иелері шығындарға ұшырамайды, өйткені таңбалауды сүт өнімдерін немесе қаптамаларды өндірушілер жүзеге асырады.

Сүт өнімдерін таңбалау Сіздің бизнесіңіз жүргізілетін салық режиміне әсер етпейді, өйткені салық салудың негізгі қағидаттарын өзгертпейді.

Сүт өнімдерін таңбалау нәтижесінде тұтынушы бірінші кезекте сапалы тауар алады, өйткені таңбалау сапасыз және жалған өнімдермен күресте негізгі құрал болады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін міндетті таңбалауды енгізу жоспарланып отыр, оны сүт өнімдерін немесе қаптамаларды өндірушілер жүзеге асыратын болады және тиісінше сауда нүктелері таңбаланған тауарды алатын болады.

Таңбалау