Қазақстанда алкогольсіз сусындардың түпнұсқалығын тексеруге арналған қоғамдық бақылау құралы сынақтан өткізілуде
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
77
0 комментариев

Қазақстанда тұтынушыларға сатып алынатын су мен құрамында қант бар сусындардың түпнұсқалығына цифрлық таңбалауды енгізу арқылы кепілдік беру жоспарлануда. Қазір пилоттық жоба жүріп жатыр, оған қапталған суды өндіретін бірқатар компаниялар қосылды.

Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында жобаның мақсаттары мен міндеттері, елімізде су мен алкогольсіз сусындарды таңбалауды енгізудің өзектілігі талқыланды. Кездесуге қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер және ғылым өкілдері қатысты.

Елде қапталған су мен құрамында қант бар сусындарды таңбалау жөніндегі пилоттық жобаға ЕАЭО елдерінің келісімі негізінде ауыл шаруашылығы министрлігі бастамашылық етті. Кеңесте Қазақстанда тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы 2021 жылғы 1 шілдеде басталған пилоттық жобаның барысын таныстырды.

«Пилоттық жоба салалық кәсіпорындардың бизнес-процестерін зерделеу үшін жүргізіледі, оның барысында қатысушылар тікелей өздерінің өндірістік желілерінде өндірілетін өнімді таңбалау процестерінің ерекшеліктерімен танысады. Саланың жобаға белсенді қатысуы біздің еліміздегі су мен сусындарды таңбалау жобасына қойылатын талаптардың қаншалықты мұқият ескерілетініне байланысты. Цифрлық таңбалауды енгізе отырып, өндірушілер нарықтың барлық өзгерістеріне жедел мониторинг жүргізе алады, өз брендін қорғай алады, ал тұтынушылар сатып алынатын тауарларға қоғамдық бақылау жүргізе алады», - деп түсіндірді бірыңғай оператор жобасының жетекшісі Ерлан Нұрмағанбетов.

Айта кетейік, Ресей қазірдің өзінде суды цифрлық таңбалау сатысында тұр, бұл елде сарапшылар осы нарықтағы сапасыз және жалған өнімдердің үлесін 67%-ға бағалайды. Біздің елде бұл көрсеткіш бірнеше есе аз-20%, бірақ қоғам өкілдері көлеңкелі айналым деңгейінің төмендігіне қарамастан, бұл жаппай сұранысқа ие өнім деп санайды және тұтынушыларға өнімді заңды түрде тексеруге мүмкіндік беру маңызды.

Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Әлия Мамытбаеваның айтуынша, еліміздегі контрафакт және заңсыз айналым статистикалық қателік (погрешность) деңгейінде.

«Әрбір өнімнің қаптамасына кез-келген нәрсені жазуға болады. Жалған деректер жазу проблема емес. Ал қаптамада тауардың жарамдылық мерзімі, құрамы, өндірушісі туралы барлық мәліметтер бар цифрлық код болған жағдайда, сіз сапа мен заңдылыққа сенімді бола аласыз. Бізді тұтынушы ретінде мұндай құқықтан айыруға болмайды. Контрафактіні елден елге таралып кетуіне де жол жоқ», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Жәмила Садықова.

Пилоттық жобаның қатысушысы «Tassay» сауда белгісімен «Юникс» ЖШС өз өндірісінде цифрлық таңбалауды енгізуді бастады.

«Біз өзіміз үшін жобаны енгізу бойынша тиімді техникалық шешімді анықтадық. Біз таңбалау кодтарын қолданудың қолжетімді типографиялық әдісін зерттедік. Біз бұл процесті дереу белсенді зерттей бастадық, өйткені осы өнімді таңбалау енгізіліп жатқан Ресейге су экспорттаушылар бола отырып, біз көрші елдің жаңа нарықтық ережелеріне бейімделуіміз керек еді. Әрине, жабдықты сатып алу бойынша мәселелер бар. Бірақ бұл жолдың басы», - деп түсіндірді «Tassay» компаниясының таңбалауды енгізу жөніндегі жоба жетекшісі Ибрагим Абдуллин.

Бірыңғай оператор жобаны іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Кездесуге қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ескертулерін топ отырыстарында сарапшылардың қатысуымен пысықтау туралы шешім қабылданды.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін