Маусым айынан бастап сүтті Ресейге экспортқа шығару жаңа қағидалар бойынша жүзеге асырылатын болады
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
263
0 комментариев

Биылғы жылы ЕАЭО мүшелері, оның ішінде Қазақстан сүт өнімдерін Ресейге экспортқа шығаруды цифрлық таңбалаудың жаңа қағидалары бойынша жүзеге асыратын болады. Таңбаланбаған ірімшіктер мен балмұздақтарды РФ шекарасынан 2021 жылғы 1 маусымға дейін ғана өткізуге болады. Жарамдылық мерзімі 40 күннен асатын таңбаланбаған сүт өнімдерін 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін, ал жарамдылық мерзімі 40 күннен аздарын 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін өткізуге болады.

Көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін, өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолды қадағалау үшін арнайы құрылғымен оқылатын  цифрлық белгі болмаса, мұндай тауар контрафактілік болып саналатын болады. Қазақстан да ЕАЭО мүшесі ретінде бұл қағидаларды сақтауға тиіс.

2020 жылы қазақстандық компаниялар 939 мың тонна сүт өнімін шығарды. Оның 60 мың тоннасы экспортты құрады. Қазақстанның сүт өнімі экспортының 77%-і РФ-ға жөнелтілді.   

Өз кезегінде Қазақстанда сүт өнімін міндетті цифрлық таңбалауды енгізу 2022 жылға жоспарлануда.

«Тауарларды цифрлық таңбалау мен олардың қадағалануы сапасыз өніммен күресте негізгі құрал болып табылады. Біріншіден, Data Matrix коды мерзімі өткен тауарды кассадан шығаруды бұғаттайтын болады, дүкендер мен дистрибьюторлар цифрлық кодтағы жарамдылық мерзім туралы ақпаратты ауыстыра алмайтын болады. Екіншіден, таңбаланған өнімді сатып алушы Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен өндіруші мен мемлекеттік органдарға бұзушылықтар туралы хабарлай алатын болады. Үшіншіден, криптоқорғаныс пен цифрлық кодты қолдан жасаудың мүмкінсіздігі өнімнің өзін қолдан жасауға мүмкіндік бермейтін болады», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры.

Бұдан басқа, бұл шара 13%-ін көлеңкелі айналым құрайтын нарықты «ақтауға» арналған.

«Бір қарағанда көлеңкелі айналымның 13%-і басқа нарықтармен салыстырғанда көп емес болып көрінеді. Алайда, әңгіме сүт – балалар сусыны, көпшілік күнделікті қолданатын сусын туралы екенін ұмытпаңыз. Бұл ретте, Қазақстанда сатылатын әрбір сегізінші сүт өнімі тұтынушының денсаулығы үшін қауіпті болып табылады», - деп атап өтті Нұржан Баекеев, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры.

Сүт өндірушілер цифрлық таңбалау процесін алдын ала апробациялау үшін былтырғы жылы ҚР-да оларға арналған пилоттық жоба басталған болатын. Оған 7 қазақстандық өндіруші - «Raimbek-agro», «Эмиль», «ДЕП», «Шин-лайн», «Бурнен сүт компаниясы», «Adal сүт», «Бейсерке Агро» компаниялары қатысуда. Олар сүт пен кілегейді, йогурттарды, айрандарды, сары май мен ірімшіктерді, сүзбені, балмұздақты тест режимінде Data Matrix кодымен таңбалайды.   

2020 жылы сүт өнімі нарығының заттай көріністегі көлемі 1 млн тоннадан астам құрады. Бұл ретте, 183 мың тоннаға жуығы ҚР-ға импортталды. Импорттың негізгі елдері – Ресей, Беларусь және Қырғызстан.

 

Баспасөз қызметі

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизируйтесь, чтобы можно было оставлять комментарии