Темекі өнімдерін саудалауда жаңа тәртіпке көшудің мүмкіндігі
Обозреватель в ismet
0.0
5
0.0%
4
0.0%
3
0.0%
2
0.0%
1
0.0%
Статья
0 комментариев
149
0.0
5
0.0%
4
0.0%
3
0.0%
2
0.0%
1
0.0%
0 комментариев

Баспасөз хабарламасы

20 қаңтар 2021 ж.                                                                                                        Нұр-Сұлтан қ-сы

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Қазақтелеком» АҚ бірлескен баспасөз мәслихатында елімізде темекі өнімдерін саудалауда жаңа тәртіпке, айтарлықтай материалдық шығын шығармай, көшудің мүмкіндігі туралы айтты.

Өткен жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті таңбалау туралы қаулы күшіне енді. Құжатқа сәйкес, елде өндірілген немесе шетелден әкелінген темекі өнімдері арнайы Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс. Бұл код темекі өнімі туралы бар ақпаратты қамтиды.

Бұл темекі нарығындағы көлеңкелі айналымды азайту және сертификатталмаған және сапасыз өнімді айналымнан шығару үшін жасалады. Бірақ жүйенің жұмыс істеуі үшін барлық сауда желілері, гипермаркеттер және шағын үй астындағы дүкендер электронды қолтаңба көмегімен тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелуі керек, сонымен қатар кассаның бағдарламалық жасақтамасын жаңартып, арнайы кодтарды оқуға мүмкіндік беретін 2D сканер сатып алуы керек.

Бөлшек сауда саласында жұмыс жасайтын шағын бизнес өкілдері мұндай жабдықты сатып алу өте қымбат екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. Осы мәселені шешу үшін «Қазақтелеком» АҚ тегін балама - 2D сканерін толығымен алмастыратын және кейіннен фискалдық деректерді Операторға бере отырып, Data Matrix кодтарын тануға қабілетті NaqtySauda.Kassa мобильді қосымшасын жасады.

«Бұл шара бизнесті қолдауға бағытталған және кәсіпкерлерге 2D сканерлеріне балама ретінде ұсынылып отыр. Себебі кейбір сауда нүктелерінде тауар айналымы аса үлкен емес. Бұл жағдайда сканер функцияларын дәлме-дәл қайталайтын осы қосымшаны пайдалануына болады», - деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Оның айтуынша, NaqtySauda.Kassa - кәдімгі смартфонға немесе планшетке жүктеуге болатын онлайн-кассалық функциясы бар қарапайым мобильді қосымша: жүйенің ықшамдығына қарамастан, функциялар жиынтығы физикалық сканерден еш кем емес. Атап айтқанда, қосымша нақты уақыт режимінде түбіртектерді фискалдауды жүзеге асырады, серверге қауіпсіз қосылуға және ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді, ең бастысы, ол ШОБ үшін қолжетімді кез-келген гаджетке жүктеуге келеді. 

«NaqtySauda.Kassa қосымшасы Google Play Market-те қол жетімді, оны телефонға жүктеп, қосымшаны бақылау-кассалық машина ретінде тіркеуге болады және оларды сату кезінде таңбаланған өнімдерді сканерлеу үшін қолдана алады. Қосымша интуитивті түрде түсінікті және пайдалануы оңай болуы үшін қолданбалы интерфейсті мүмкіндігінше оңайлаттық», - деп толықтырды Құрманғалиева.

Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың жаңа жүйесі бизнес жүргізу тұрғысынан қосымша артықшылықтарға ие: дүкендер негізсіз тексеруден қорықпауы мүмкін, өйткені тауарлардың қозғалысы туралы барлық ақпарат тауарларды таңбалауға арналған ақпараттық жүйеде сақталады. Сонымен бірге маркасы жоқ темекі өнімдерін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін сатуға болады. Осы өтпелі кезеңнен кейін дүкен таңбалаусыз темекі өнімдерін қабылдап сатуына тыйым салынады, ол үшін өзі жауапқа тартылады: таңбаланбаған өнім жалған болып саналады.

Бөлшек дүкендердің процеске дайындалуға, өз жүйелерін құруға және қызметкерлерді оқытуға мүмкіндігі бар - дейді ҚР ҚМ Тауарларды таңбалау жобасының жетекшісі Азат Исенов.

 

Қосымша ақпарат:

Сәйкестендіру құралы болып табылатын DataMatrix коды - тауарлардың әрбір партиясына қойылатын және өнім пайда болғаннан бастап пайдаланғанға дейін бірге болатын ілеспе код. Бұл өндіруші немесе импорттаушы туралы сандық ақпарат, тауарлар партиясының реттік нөмірі және оның қозғалысын бақылау үшін қажет басқа да мәліметтер «тігілген» 29 таңбадан тұратын, ақ және қара жиектері бар көлемі  7х7 мм квадрат түріндегі жалған өнім шығаруға жол бермейтін жапсырма. Бұл кодты криптографиялық қорғаудың арқасында қолдан жасау мүмкін емес

 

2D сканерлерін өндіруші Zebra, Port, Honeywell, Mindeo және басқалары сияқты әлемдік брендтер. Бұл сканерлердің үлкен супермаркеттерде орналыскан сканерлерден айырмашылығы жоқ.

 

Спикерлер:

1.     Қазақпаева Бақытгүл Жұмабайқызы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры

2.     Исенов Азат Тохтаханұлы - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер басқармасы тауарларды таңбалау жобасының жетекшісі

3.     Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы - «Қазақтелеком» АҚ цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры

4.     Исмаилов Алмат Зейнуллаұлы - «Қазақтелеком» АҚ цифрлық экономиканы дамыту орталығы акцизделетін өнімдерді таңбалау бойынша жоба менеджері

5.     Орынтай Нұрдәулет Қаныбекұлы - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас сарапшысы

 

Маркировка туралы толығырақ:

https://instagram.com/markirovkakz?igshid=1wd8pto6fl7a2

https://www.facebook.com/markirovka.kz/

https://t.me/markirovkatovarov

Понравилась статья?
Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизируйтесь, чтобы можно было оставлять комментарии