«Пилот» шеңберінде 45 мыңнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
Обозреватель в ismet
0.0
5
0.0%
4
0.0%
3
0.0%
2
0.0%
1
0.0%
Новость
0 комментариев
137
0.0
5
0.0%
4
0.0%
3
0.0%
2
0.0%
1
0.0%
0 комментариев

ҚР-да дәрілік заттарды сәйкестендіру және қадағалау құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. «Пилотқа» 4 қазақстандық дәрі-дәрмек өндіруші, 2 импорттаушы, 2 дистрибьютор, 3 дәріхана және 4 медициналық мекеме қатысады.

Пилот шеңберінде DataMatrix кодымен 20 мыңнан астам Натальсид қаптамасы, 17 мың  Кетотифен қаптамасы, 5 мың – Урсозим, 2 мың – Трастузумаб, сондай-ақ басқа да препараттар таңбаланды.

Барлық таңбаланған дәрілер Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Бұл  өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейінгі олардың жолын қадағалауға және сапасыз әрі контрафактілік өнімді пайдалануға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Фармацевтикалық препараттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба өткен жылы басталды және 2021 жылғы 31 наурызға дейін жалғасатын болады. Қазақстандық өндірушілер арасынан «Нобел АФФ» АҚ, «КФК» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС қатысады.

ҚР-да тауарлардың бұл тобы айналымының барлық қатысушылары үшін дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізу 2022 жылға жоспарлануда. Бұл шара дәрілерді жеткізу мерзімдерін қысқарту жөніндегі проблемалардың жүйелі шешімі болып, дәрілік заттардың пайдаланылуының ашықтығын және түпкілікті пайдаланушыға дейін қадағалануын қамтамасыз етеді.

Тауарларды таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында іске асырылатын халықаралық жоба болып табылады. 2020 жылғы 1 қазаннан бастап бірқатар темекі бұйымы үшін міндетті таңбалау енгізілді, жақында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды. Қазіргі сәтте дәрілік заттарды, алкогольді және сүт өнімдерін таңбалау пилоттық режимде сынақтан өткізілуде.

Таңбалаудың пилоттық жобасының қорытындысы бойынша нәтижелерге талдау жүргізіліп, ҚР аумағында дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесін енгізу үшін ұсынымдар берілетін болады. 

Понравилась статья?
Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизируйтесь, чтобы можно было оставлять комментарии