Қазақстанда арақ, виски және шараптың 2 мыңға жуық бөтелкесі цифрлық «паспорт» алды
Обозреватель в ismet
0.0
5
0.0%
4
0.0%
3
0.0%
2
0.0%
1
0.0%
Новость
0 комментариев
113
0.0
5
0.0%
4
0.0%
3
0.0%
2
0.0%
1
0.0%
0 комментариев

ҚР-да алкогольді цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. «Пилотқа» 3 қазақстандық өндіруші және 4 импорттаушы қатысады.  

Пилот шеңберінде DataMatrix кодымен «QAZAQ ELI» арағының 200 бөтелкесі, «Айдабульская» арағының 841 бөтелкесі, «Ballantine's Scotch Whisky» вискидің 360 бөтелкесі, «Chateau Minvielle» шарабының 300 бөтелкесі және бірқатар басқа өнім таңбаланды.

Әрбір бөтелке туралы ақпарат Data Matrix кодын алу мақсатында Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) енгізіледі. Онда өндіруші, импорттаушы, тауар партиясының сериялық нөмірі туралы цифрлық ақпарат пен оның орнын ауыстыруды бақылау үшін қажет өзге мәліметтер енгізілген. Data Matrix кодын криптоқорғаныстың арқасында қолдан жасау мүмкін емес.

Бұл әрбір бөтелкенің өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға және сапасыз және контрафактілік өнімді пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылғы маусымда басталған және 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Қазіргі уақытта пилотта «Көкшетау минералды сулары», «Бахус», «Натур продукт» зауыттары, сондай-ақ импорттаушылар «Перно Рикар Қазақстан», «Альди и К», «Қазақстан Вайн энд Спиритс», «Мартини Бакарди» қатысуда.

 

«Алкогольді өнімді таңбалаудың өз ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, әрбір бөтелкенің есеп-бақылау маркасы (ЕБМ) бар. Қазір біз Data Matrix кодын соның үстіне енгізудеміз», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры.

 

ҚР-да тауардың осы тобы айналымының барлық қатысушылары үшін алкогольді міндетті цифрлық таңбалауды енгізу 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарлануда.

 

Бұл шара нарықты «ақтау» және көлеңкелі айналымды қысқарту бойынша проблемалардың жүйелі шешімі болады. Сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстандағы көлеңкелі алкоголь нарығы шамамен 25%-і құрайды.

 

«БАҚ-та контрафактілік алкоголь өнімінің анықталғандығы туралы хабарды тұрақты оқимыз. Мысалы, өткен аптада Алматы облысының аумағында жасырын арақ зауыты әшкереленді. Есеп-бақылау маркалары қолдан жасалған 170 мың бөтелке анықталды және де олар сертификатталмаған. Яғни өнім адамдардың денсаулығы үшін қауіпті болған. Бұл бір ғана жағдай емес. Цифрлық таңбалау жасырын өндірушілермен күресте  керемет шара болып табылады. Оны енгізгеннен кейін қолдан жасалған өнім бөлшек саудаға түсіп, сатылмайды», - дейді Нұржан Баекеев, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры.

 

Тауарларды таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында іске асырылатын халықаралық жоба болып табылады. ҚР-да 2020 жылғы                         1 қазаннан бастап бірқатар темекі бұйымы үшін міндетті таңбалау енгізілді. Жақында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды. Қазіргі сәтте фармацевтикалық препараттарды, сүт өнімдерін және жеңіл өнеркәсіп тауарларын цифрлық таңбалау бойынша «пилоттар» жүзеге асырылуда.

 

 

Баспасөз қызметі

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы

Понравилась статья?
Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизируйтесь, чтобы можно было оставлять комментарии