Таңбалау

Телефон:

8 800 080 65 65
Жиі қойылатын сұрақтар

Таңбалау кодын темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар енгізеді.  Олар өз тауарларының әр пакетіне код қояды.  Цифрлық код арқылы тауардың  өндірістен/импорттан оны айналымнан шығаратын кассаға дейінгі бүкіл жолын қадағалауға болады.

 

Әзірге цифрлық таңбалау акциздік маркалармен қатар қолданылады. Болашақта акциздік марка біртіндеп жойылады.

Иә, кәсіпкерлер өз тауарларының кодтар және жүйеде жүргізілген операциялар бойынша қозғалысы туралы барлық деректерді көретін болады.

Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті таңбалау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілді. Таңбаланбаған тауарлардың қалдықтары 2021 жылдың  1 қазанына дейін сатылуы мүмкін. Осы өтпелі кезеңнен кейін дүкендерде болатын барлық таңбаланбаған темекі өнімдері контрафакт болып саналады.

Қазіргі уақытта өтпелі кезеңде таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Алайда бұдан әрі  ҚР ӘҚБтК-не таңбаланбаған тауарды сатқаны үшін жауапкершілікті белгілеу бөлігінде түзетулер енгізілетін болады.

Тауардың қаптамасына басылған таңбалау кодтары 2D сканерлеуден кейін жүйеден шығады.  2D сканер бөлшек сатуды жүзеге асыратын бақылау-касса машинасымен түйісетіндіктен таңбалау коды туралы мәліметтер «кассалық чек» фискалдық құжатына енгізіледі және фискалдық деректер операторына беріледі.  Фискалдық деректер операторы әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша  мәліметтерді нақты уақыт режимінде ТТҚ АЖ-ға беруді жүзеге асырады.  Сонымен қатар, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады.

1)  Тауарлардың (тері бұйымдарының) түпнұсқалығын тексеру үшін «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тіркелмеген жеке тұлға;

2)  Тауарлар (тері бұйымдары) айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер;

3)  2-деңгейдегі Эмитенттер - бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер;

4)  1-деңгейдегі Эмитенттер - бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындайтын заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер;

5)  Уәкілетті бақылаушы орган;

6)  «Тауарларды таңбалау» СБӨ әкімшісі.

Тауар (тері бұйымдары) айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер  https://markirovka.gov.kz  сілтеме бойынша өтіп, «Кіру» түймешігін басу арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-ге тіркеледі.

Пайдаланушы пайдаланушылық келісіммен танысады және міндетті өрістерді толтырады.

Өрістерді толтыру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберілген сілтеме бойынша өтіп, өз тіркеуіне қол қояды және ЭЦҚ арқылы растайды.

Егер  күнтізбелік 60 күн ішінде пайдаланушы СБӨ-ге кірмесе, онда  жүйе бұл пайдаланушыны автоматты түрде бұғаттайды.

Тауардың түпнұсқалығын тіркеусіз тексеруге болады:

https://markirovka.gov.kz   сілтеме бойынша «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ өтіп, «БсБ тексеру»  түймешігін басу арқылы.

2-деңгейдегі Эмитенттен БСБ-ні дербестендіруге өтінім беру үшін ЗТ/ЖК:

1) ЭЦҚ көмегімен «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де авторизациядан өтуі;

2) «Тапсырыстар» бөліміне өтуі;

3) «Жаңа тапсырыс»  түймешігін басуы;

4) Айналымға енгізу тәсілін таңдауы

5) Міндетті өрістерді толтыруы;

6) Тауар бойынша мәліметтерді қосуы;

7) ЭЦҚ-мен өтінімді қосуға қол қоюы қажет;

 

Тапсырысты 2-деңгейдегі Эмитентке жіберу үшін «Тапсырыс беру»  түймешігін басу.

Пайдаланушы Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның АЖО «Тапсырыстар» бөлімінде тапсырыспен жұмыс істеу жағдайын көре алады.

Бұл бөлімде Пайдаланушы тапсырыс жағдайларын көруге және тапсырыстарды басқаруға мүмкіндік алады.

Заңды тұлға/жеке кәсіпкер дербестендірілген таңбаны 2-деңгейдегі Эмитенттен алған кезде ЗТ/ЖК «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де тапсырыстың қайтарылуын тіркеуге мүмкіндігі бар. Бұл үшін:

- Тапсырыс бойынша 2-деңгейдегі Эмитенттен таңбаларды алу;

- Таңбалардың ақауының бар-жоғын және/немесе тапсырысқа сәйкестігін тексеру;

- Ақау болған  және/немесе тапсырысқа сәйкес келмеген жағдайда пайдаланушы «Тапсырыстар» бөліміне кіруі тиіс;

- Осы таңбаларға тапсырыс бойынша «Балансқа қабылдау» түймешігін басу;

- Тапсырыс бойынша таңбалар тізімін қарау және ақаулы немесе қандай-да бір себептермен қабылданбаған таңбаны «Қабылданбаған» чек-боксымен белгілеу;

- «Қабылдау»  түймешігін басу;

- Таңбаларды қабылдау кезінде ақаулы таңбалар болған жағдайда пайдаланушы қайтару себебін көрсетіп, қайтару туралы құжатты тіркеуі керек.

-  Сақтау  түймешігін басу қажет,  СБӨ-де таңбалар 2-деңгейдегі Эмитентке қайтарылады.

Бақылау (сәйкестендіру) белгісін балансқа қабылдаған кезде «Тауарлар» бөліміндегі «Тапсырыстар» кіші бөлімінде «Таңбаланған» мәртебесі бар тауар автоматты түрде бейнеленеді, бұл сіздің таңбаны тауарға желімдеп қойғаныңызды (тігіп қойғаныңызды) білдіреді.

Тауарды таңбалау кезінде пайдаланушының «Тауарлар» бөлімінде мәртебені төменде көрсетілгендерге өзгерту мүмкіндігі бар:

- Сатылды;

- БСБ жоғалған - жоғалған жағдайда осы тауарға жаңа БСБ тапсырыс беру қажет;

- Тауар жоғалған;

- Сатып алушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, қайта сату (ЗТ/ЖК);

- Қайтару. Сату кезінде тауар қайтарылуы мүмкін.

Тауарды ЕАЭО елдерінің аумағында сатып алу кезінде пайдаланушы:

1) ЭЦҚ көмегімен «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де авторизациядан өту;

2) «ЕАЭО шеңберінде сатып алынған тауарлар» бөліміне кіру;

3) «Тауарды қосу" түймешігін басу арқылы тауарды қосу;

4) Міндетті өрістерді толтыру;

5) Тауар бойынша мәліметтерді қосу (БСБ нөмірі және/немесе ТID және/немесе SGTIN);

6) ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;

7) ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық компоненттеріне сұрау салуды жіберу үшін «Қосу»  түймешігін басу керек.

Ескерту: TID дегеніміз не?

TID - бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілік таңбасы чипінің сәйкестендіргіші.

ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің ұлттық компонентінен оң жауап болған жағдайда тауар «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де балансқа тіркеледі және пайдаланушының «Тауарлар» салымында оның мәртебесін өзгертуге мүмкіндігі бар.

ЗТ/ЖК-ні  «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де тіркеген ұйым басшысының «Ұйымдық-штаттық құрылым» бөліміне кіріп, СБӨ-ге қызметкерді қосуға мүмкіндігі бар.

Пайдаланушы қосқан кезде басшының мыналарды басқару мүмкіндігі бар:

- СБӨ-дегі  қызметкердің автоматтандырылған жұмыс орнына (АЖО)  оның қол жеткізу мерзімі;

- Қызметкер үшін қол жетімді АЖО функциялары.

*Ескерту: басшының СБӨ-де қызметкерді жою/бұғаттау/бұғаттан шығару, қызметкер  және оның СБӨ-ге қолжетімділігі туралы ақпаратты өзгерту мүмкіндігі бар.

БСБ-ны өздігінен алып кету кезінде немесе курьер жеткізгенде алатын қызметкердің   аты-жөні мен жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін көрсету қажет.

GTIN нөмірлерін GS1 Kazakhstan ұйымы береді.

Байланыс деректері:

сайт: http://gs1.kz/

телефоны: +7 727 394 88 53

email: info@gs1.kz

мекенжайы: 050008, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 299

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстары аясында Пилоттық жобаны өткізу процесін талқылауды өткізді.

Бірыңғай оператор өз құзыреті шеңберінде техникалық және ұйымдастыру мәселелері бойынша Пилоттық жобаға қатысушылармен тұрақты негізде кеңестер өткізеді. Дәрілік заттарды міндетті таңбалауға дайындық шеңберінде Бірыңғай оператор ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп фармацевтика саласындағы қауымдастықтар мүшелері мен кәсіпкерлеріне ашық мәселелерді таныстырып, талқылайды.

Бірыңғай оператордың сайтында - www.ismet.kz  ҚР ДСМ бекіткен дәрілік заттарды таңбалау жөніндегі құжаттар орналастырылған.

Уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіреді.

Пилоттық жоба 2019 жылдың қыркүйегінде басталып, 2021 жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.

Уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіреді.

Қазіргі уақытта сериялау және біріктіру кезінде ТБС API интерфейсі арқылы интеграция қарастырылған.

Осы API ашық болып табылады және ашық қолжетімділікте (Бірыңғай оператордың сайтында) жарияланған. Сәйкестендіру кодтарын енгізу туралы хабарлама (енгізу туралы есеп) API арқылы жіберілуі мүмкін. 

Бұл ақпарат Әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған, сондай-ақ пилоттық жобаның жаңа талаптары мен нәтижелерін ескере отырып пысықталатын болады.

Бүгінгі таңда ЕАЭО мемлекеттерінің дәрілік заттар кодтарын өзара тану жоқ.

Уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіреді.

Осы талаптардан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Пилоттық жобаға қатысу ерікті. Алкоголь өнімдерін өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда сатушылары қатыса алады.

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі этил спирті мен шарап материалынан басқа барлық тауарды сәйкестендіруді білдіреді.

Сүт өнімдерін таңбалаудың жоспарланған әсері нарықты «ағарту» және жалған өнімдерден тазарту болып табылады.  Таңбалау бизнеске өнімділікті арттыруға, логистикалық схемаларды жетілдіруге, нарық үлесін арттыруға және ең ақырында кірісті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, таңбалау сапасыз өнімдермен күресте,  жалған және жарамдылық мерзімін түзетуден, тауарды жеткізу кезінде бүлінген тауардан қорғаудың негізгі құралы болып табылады. Бұл өнімнің сапасын және жоспарлаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Көлеңкелі нарық үлесін төмендету есебінен нарық көлемінің ұлғаюы таңбаланатын өнім бағасының өсуіне таңбалаудың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Тауарлар бағасының орташа жылдық өсу қарқынын (6-13%) ескере отырып, сатып алушы БСБ (бақылау - сәйкестендіру белгісінің) баға құнының өсуін сезбейді.

Әрбір отандық өндіруші таңбалау жабдықтарын өз қалауы бойынша орнатады. Өз кезегінде, таңбалау жабдығын сатып алу кезінде келтірілген шығындарды өтеу бөлігінде өндірушілерді мемлекеттік қолдау мәселесі пысықталуда. Бұдан басқа, сүт өнімдерін өндірушілердің шығындарын азайту мақсатында оларды дайындау процесінде сүт өнімдеріне арналған қаптамаларды таңбалау мәселесі пысықталуда.

Сүт өнімдерін таңбалау кезінде сауда нүктелерінің иелері шығындарға ұшырамайды, өйткені таңбалауды сүт өнімдерін немесе қаптамаларды өндірушілер жүзеге асырады.

Сүт өнімдерін таңбалау Сіздің бизнесіңіз жүргізілетін салық режиміне әсер етпейді, өйткені салық салудың негізгі қағидаттарын өзгертпейді.

Сүт өнімдерін таңбалау нәтижесінде тұтынушы бірінші кезекте сапалы тауар алады, өйткені таңбалау сапасыз және жалған өнімдермен күресте негізгі құрал болады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін міндетті таңбалауды енгізу жоспарланып отыр, оны сүт өнімдерін немесе қаптамаларды өндірушілер жүзеге асыратын болады және тиісінше сауда нүктелері таңбаланған тауарды алатын болады.

Егер жеңіл өнеркәсіп тауарлары Қазақстанда өндірілетін болса, онда цифрлық таңбалауды сатуға шығарғанға дейін өндірушінің өзі қамтамасыз етуі тиіс.

Егер киім мен  текстиль шетелде, оның ішінде ЕАЭО елдерінде өндірілсе, онда  тауарды импорттаушы таңбалайды. Бұл жағдайда үш жолмен таңбалауға болады:

Үшінші елдердің аумағында;

Өндіруші зауытта;

Кеден қоймаларында.

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде (ТТҚАЖ).

 

GS1 (Global Standard One) — географиялық және салалық шекараларсыз GS1 жүйесі негізінде жаһандық стандартты қолдаумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Қазақстан Республикасында қазақстандық өндіруші кәсіпорындарға электрондық кодтарды, сондай-ақ өнімге арналған тиісті электрондық кодтарды беретін «GS1 Kazakhstan» өңірлік ұйымы жұмыс істейді.

Кәсіпкерлер шарт жасау үшін GS1 Kazakhstan  қауымдастығына жүгіну қажет, деректемелер: БСН 040940007541, Алматы қ., Байзақов к-сі, № 299, тел. 8 (727) 394-88-53, 8 (727) 394-88-57, 8 (727) 394-88-58 аталған нөмірлерді алу тәртібі Қауымдастықтың сайтында орналастырылған http://gs1.kz/.

принтер, қағаз, аппликатор, компьютер

Нарықты «ағарту» бәсекелестіктің артуына және сәйкесінше өнім сапасының жақсаруына әкеледі.  Сатып алушы түпнұсқа немесе жалған өнімді сатып алу туралы алдын ала білетін болады.

СЭҚ ТН 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтарына сәйкес

Егер аяқ киім Қазақстанда жасалса, онда оны өндіруші таңбалайды.  Ол өнімді сатуға шығарғанға дейін таңбалауы керек.  Егер аяқ киім шетелде (оның ішінде ЕАЭО елдерінде) жасалса, онда  тауарды импорттаушы таңбалайды.  Бұл жағдайда аяқ киімді мына жерлерде таңбалауға болады:

- Үшінші елдер аумағында;             

- Өндіруші зауытта;

- Кеден қоймаларында.

2021 жылдың үшінші тоқсанында

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелу, тауарды тіркеу қажет, содан кейін жүйе таңбалау кодтарын жасайды.

GS1 (Global Standard One) — географиялық және салалық шекараларсыз GS1 жүйесі негізінде жаһандық стандартты қолдаумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Қазақстан Республикасында қазақстандық өндіруші кәсіпорындарға электрондық кодтарды, сондай-ақ өнімге арналған тиісті электрондық кодтарды беретін «GS1 Kazakhstan» өңірлік ұйымы жұмыс істейді.

Қауымдастықтың мүшесі болу үшін мына мекенжайға хабарласу керек:

Алматы қ., Байзақов к-сі, № 299, тел. 8 (727) 394-88-53, 8 (727) 394-88-57, 8 (727) 394-88-58. Толық ақпарат сайтта: http://gs1.kz/

Таңбалау