Пилоттық жоба

2019 жылғы
1 маусым
Пилоттық жобаның басталуы
2021 жылғы
1 қазан
Пилоттық жобаның аяқталуы
Пилоттық жобаға қатысушылар

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ:

Тест алаңында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі (ТТҚ АЖ) тіркеуден өтті
Таңбалау кодтарына тапсырыс берілді
ҚР ҰБ Банкнот фабрикасы басып шығарған, Data Matrix коды жазылған пилоттық түрде есепке алу-бақылау таңбалары алынды.

 

 

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ:

Алкоголь өнімін таңбалау бойынша пилоттық жобаға қатысу үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің акциздерді әкімшілендіру басқармасына жүгіну қажет.

Өтінімде мына деректерді көрсету қажет:

  • кәсіпорын атауы (ЖШС/ЖК);
  • ЖСН/БСН;
  • қатысушының санаты (өндіруші, импорттаушы, көтерме саудада өткізуші, бөлшек саудада өткізуші);
  • өндіріс мекенжайы (өндірушілер үшін);
  • электрондық пошта.
Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі ілкі жобаның кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 528 бұйрығы

 

 


СҰРАҚ-ЖАУАП

Ілкі жобаға ерікті түрде қатысуға болады. Алкоголь өнімдерін өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда жасайтын тараптар қатыса алады

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі этил спирті мен шарап материалынан басқа барлық тауарды сәйкестендіруді білдіреді.