Қалай «Қазақтелеком» АҚ дилері және дистрибьюторы болуға болады?
 

«Қазақтелеком» АҚ — Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясы, ұлттық байланыс операторы мәртебесіне ие, телефония, Интернетке қол жеткізу, теледидар және ұялы байланыс қызметтерінің кең спектрін ұсынады.

«Қазақтелеком» АҚ дилері – компанияның қызметтерін сату жөніндегі оператормен шарт жасасқан, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға немесе жеке тұлға. Дилерлер бірнеше бағытта жұмыс істейді.


Дилерлік бағыттар:

Телемаркетинг – «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін телефон арқылы (клиенттерге қоңырау шалу) сататын дилерлер;

 

Далада сату – белсенді сату, жаңа клиенттерді тарту, тұрғын үй құрылыстары бойынша абоненттерді аралау арқылы «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін сатуды жүргізетін дилерлер;

 

sim-карталарды курьерлік жеткізу – Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша sim-карталарды жеткізу қызметтерін жүргізетін дилерлер.

 

«Қазақтелеком» АҚ дистрибьюторы – бұл таксафон карталарын өзінің сату нүктелері арқылы сататын және белгіленген тәртіпке сәйкес жеңілдіктер алатын заңды тұлға, жеке кәсіпкер.

Дилерлік және Дистрибьюторлық шарт жасасу бойынша сұрақтар мен өтінімдерді b2c@telecom.kz электрондық мекенжайға жіберуге болады.