docs.ismet.kz порталының басты бетін ашып, оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Кіру» батырмасын басып, порталға кіріңіз
Сол жақ мәзірден «+ Құжат жіберу» бөлімін таңдаңыз
Құжатты кімнен жіберілетінін таңдаңыз және файлдарды жүктеу аймағына сүйреп апарып немесе компьютерден таңдап жүктеңіз
Құжатты құрылғыдан жүктеңіз немесе оны жүктеу аймағына сүйреңіз
Егер алушыға құжатқа қол қою қажет болмаса, «Қолтаңба сұрау» деген белгішені алып тастаңыз. Тағы бір құжат қосу үшін «Құжат қосу» дегенді басыңыз
Құжатты кейін өңдеу үшін сақтағыңыз келсе, «Шимай хатта сақтау» дегенді таңдаңыз. Сақталған шимай хатқа қайта оралу үшін сол жақтағы мәзірден «Шимай хат» бөлімін ашыңыз.
Барлық деректер толтырылғаннан кейін, «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз
Құжатқа қол қою үшін ыңғайлы әдісті таңдаңыз, ЭЦҚ немесе eGov QR пайдаланыңыз
Егер жіберу сәтті орындалса, «Құжатқа қол қойылды және жіберілді» деген хабарлама шығады