Техникалық шешім
«Қазақтелеком» АҚ деректерді беру желісінде орналасқан контент-провайдерлердің кэштеуші серверлері жағында BGP бойынша клиенттердің префикстерін (IPv4, IPv6) жариялайды. Клиент жағында қолданыстағы бағыттар арнайы BGP community белгісімен белгіленеді. "Қазақтелеком" АҚ маршрутизаторы тарапынан кэш-серверлермен BGP түйіскен жерлерінде арнайы community деп белгіленген барлық префикстер әдепкі бойынша кэш-серверлер жағына жарияланатын болады.
Осылайша, контент-провайдердің CDN-желісі "Қазақтелеком" АҚ желісіндегі бар BGP түйіспелері арқылы клиенттің желілеріне ең жақын маршрутты айқындайтын болады, яғни сұралатын контентті клиенттер біздің желіде орналастырылған кэш-серверлерден алатын болады.