Жеке фирма ашпас бұрын кім болып жұмыс істедіңіз?

Мен тек жоба меңгерушісі ретінде жұмыс жасадым. Мен үнемі жобаға уақытша шықырылатын адам болдым. Жұмыс берушімен атқарылатын жұмыс аяқталған кезде бірден кететінім жайлы келісетінмін. 

Жеке бизнесімді ашатын уақыт болды деген шешімге қалай келдіңіз?

Әдетте алдымен компания құрылады, сосын тұтынушылар іздейді. Менің жағдайым әдеттегідей болмады. Алдымен тапсырыстар пайда болды, содан соң мен ЖК құрып, шот аштым. Catch&Partners өзіндік ұйым ретінде 2016 жылы пайда болды. Бұның бәрі амалсыздан пайда болды. Маған жиі адамдар қолма қол ақшамен келетін. Содан соң ірі жобалар пайда бола бастады да, жеке тұлға ретінде қала алмадым. Тұтынушылар көбейді, сол себепті барлығын жүйелендіру қажет болды.

Компанияның кәсібі жайлы қысқаша сипаттама бере аласыз ба?

Біз жарнама агенттікі, коммуникация немесе дизайн бойынша ғана жұмыс жасаймыз деп айта алмаймын. Компаниямыз барлығын жасай алатын ұйым болып табылады.  Біз тұжырымдама құрып, коммуникация бойынша көмектесе аламыз. Және де біз әлеуметтік жобалармен айналысқанды жақсы көреміз. Қысқаша айтқанда, бұл барлық мәселелерді шеше алатын агенттік. Кез келген (күледі). Сондай-ақ біз трабл-шутер болып табыламыз. Кей кезде бізге қандай да бір мәселе бойынша келеді, ал біз қажетті болса байланыстарымыз қолдану арқылы оларды шешеміз. 

Неге сіз осы саланы таңдадыңыз? Бұл салада жақсы жұмыс атқара алғаныңыз үшін бе әлде нарықта сұраныс болғаны үшін бе?

Нарық сұранысы мен үшін тұрақсыз болып табылады. Мен үнемі өзімнің мықты мүмкіндіктерімді арттырғым келетін, бұған менің алғашқы жұмысым AIESEC ұйымы көмектесті. AIESEC ұйымы project skills дамытуға көмектеседі. Атаулы ұйымдар саған қандай жұмыс қызығырақ болатынын түсінеді және сол салаға бағыттайды. Осылайша маған project management қызық екенін түсініп, осы бағытта өзімді жетілдірдім. 

Пара алу немесе берумен кездестіңіз бе?

Жоқ, бұндай жағдай болған жоқ. Университетте оқыған кезде мен тәртіпті студент болғанмын, университетте барлығын парамен шешу белгілі жағдай болатын, мен бұған қарсы болдым. Егер пара беретін болсандар мен сендерді де пара алған мұғалімді де әшкерелеймін деп курстастарыма айқан едім. 

Компаниядағы сіздің мәртебеңіз қандай?

Мен қаржы мәселесі, бюджет және сауда бойынша жұмыстар атқарамын. Кез келген кәсіпкер өзінің 90% уақытын өнімді сатуға жұмсайды. Барлығы сауда эөнінде күмәнданып, сауда бойынша директорларды жұмысқа алады. Менің ойымша, жобадағы ең күшті жұмыс - сауда. Сондықтан компанияда саудамен өзім айналысамын. 

Сіз бұның бәріне қалай үлгересіз? Жұмысыңызбен бөлісетін көмекшілеріңіз бар ма?

Мен уақытымды үнемдеймін, мен үшін бұл өте маңызды. Жобалар көп болған кезде, әртүрлі қиындықтағы және әртүрлі деңгейдегі сұрақтарды тез шешуге тырысамын. Хат жолдау, өтінім рәсімдеу, қол қою немесе төлем мәселелері туындау мүмкін. Бұған менде 15 минут уақыт болады, және 15 минуттың ішінде бұл мәселе шешімін табуы тиіс.   

Әрдайым кез келген жобада жүйелендіруді құру мен үшін өте маңызды, осындай жағдайда мені ешкім алмастыра алмайды, себебі көмекке жүгінетін компанияларға менің білімім мен тәжірибем қажет. Осы уақытта біз жобаға қажетті қызметкерлер тізімін дайындаймыз. Жүйелендіруді құрған кезде, сіз басқа шаруалармен айналыса аласыз. Мен бір уақытта бес жобадан артық жұмыс жүргізбеймін, себебі мен үлгермеймін және шаршаймын, осыған орай жұмыстың сапасы төмендейді. 

Уақыт жетпей жатқан жағдайда тұтынушыларға не деп жауап бересіз?
Шындықты айтамын. Мен пайданың соңынан жүрмеймін және партфолиоға жаңа жобаны қосу басты мақсатым емес. Көмек бере алмаған адамдарға өз қызметтерімді атқару баламасын іздеймін, себебі көмекке келген адамды қабылдамағаным үшін ыңғайсызданамын.  

Жұмыс жөнінде ойламай, телефонды өшіріп, адамдарды тастап, қанша уақытқа кете аласыз?

Демалыс күндері мен телефонымды өшіре аламын, дегенмен автожауап қосып қоямын. Бұл жаңа жобаны зерттеп, ұғыну үшін қажет уақыт, себебеі жұмыс күндері қосымша зерттеулерге уақыт таба алмаймын. 

Сонда қалай демаласыз?

Демалысым жартылай жұмыспен қамтылған. Бір ретте мен пошта тексеру үшін бөлмеме кетіп қалғанмын, сол кезде мені қонақүйде ұмытып кеткен болатын.  себебі мен пошта тексеруге бөлмеме кетіп қалғанмын. Мен жолнұсқаушыны ескерткен болатынмын, дегенмен мені ұмытып, барлығы автобуспен кетіп қалған екен. 

Сонымен қалайша демаласыз?

Демалатындай шаршаймын деп айта алмаймын. Адам өзінің қалаған жұмысын атқарса, ол шаршамайды деп есептеймін. Егер де мен қатты шаршасам, онда мен ұйқтаймын. Менің демалысым - жақсы ұйқы. 

 

Сіздің жаңа тұтынушыңыз Қазақстан деп елестетсек, ол әлемде өзін ешкім жақсы көрмейді және ешкім сыйламайды деп есептейді деп ойлайық. Сіз оған қандай кеңес беретін едіңіз?

Біріншіден, Қазақстан өзін-өзі жақсы көруі тиіс. Өзін-өзі жақсы көру дегеніміз не? Бұл өзінің шекарасына, көршілеріне, адамдарға деген сыйластық және пәтер, көше немесе қалада тазалықты сақтау. Өзіне деген махаббат пайда болса, басқалар да оны жақсы көретін болады және ол үшін ең жақсы істер атқарғысы келетін болады. Өз халқынды тыңдай білу қажет және олардың нағыз қиындықтарын шеше білу қажет.  

Жұмысыңыздың 3 басты қағидасын атап өтіңіз. 

Адалдық. Сапа. Мүмкін емес ештене жоқ, ол тек көп уақытты алады.