Порталмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық ISMET.kz порталында қалай тіркелуге болады    

 

 

1   

www.ismet.kz бетке кіресіз. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
 


 

 

 

2

Сізге 4 өрісті толтыру қажет: «Есім», «Тек», «E-mail» және «Құпиясөз».

Құпиясөзді сіз өзіңіз ойлап табуыңыз қажет. Ол келесілерді қамту қажет

·         кем дегенде 1 бас әріпті,

·         латын әліпбиіндегі кем дегенде 1 әріптік символды,

·         кем дегенде 1 санды,

·         8-ден 16 дейін белгілерді.

 


 

Көпшілікке арналған офертамен танысыңыз және «Тіркелу» батырмасын басыңыз.

 

 

3

Сізге тіркелуді растау керек.


 

Өзіңіздің ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізіңіз және «Активтендіру кодын алу» батырмасын басыңыз. Код сіз жазған нөмірге келеді.

4-мәнді кодты енгізіңіз және «Растау» батырмасын басыңыз.

 

Сіз тіркелдіңіз! Енді сіздің тіркеулік жазбаңызға компанияны қосу қажет. Бұл порталда қызметтерге тапсырыс беру немесе ұсыну үшін қажет.

 

 

Компанияны қалай қосуға болады?

 

Компанияны қосу үшін сізге қажет болады

·         NCALayer қосымшасы,

·         компанияның электронды цифрлық қолтаңбасы.

 

NCALayer қосымшасы не үшін қажет?

NCALayer электронды цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу үшін қажет. Егер Сіз ЭЦҚ-мен жұмыс істейтін болсаңыз, бұл қосымша үнемі қосылып тұру қажет.

 

NCALayer-ді қайдан жүктеп алуға болады?

NCALayer-ді Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтынан жүктеуге болады.

Windows үшін: http://pki.gov.kz/images/NCALayer/NCALayer_Windows.zip

Linux үшін: http://pki.gov.kz/images/NCALayer/ncalayer.zip

MacOS үшін: http://pki.gov.kz/images/NCALayer/NCALayer.dmg

 

NCALayer-ді қалай орнатуға болады?

Қазақ тілінде пайдаланушы нұсқаулығы: http://pki.gov.kz/images/instr_kaz/kaz_instr_NCALayer.pdf

Орыс тілінде пайдаланушы нұсқаулығы: http://pki.gov.kz/nl_ru/

 

Электронды цифрлық қолтаңба деген не?

Сіз шарт жасасқанда немесе тауарды қабылдағанда қағазға қолыңызды қоясыз. ЭЦҚ — дәл сол қолтаңба, бірақ цифрлық түрде. Басқаша айтқанда, оның көмегімен сіз интернетте заңды мәмілілерді немесе құпиялы операцияларды жасасатын онлайн-«қаламсап». ЭЦҚ-ның қағаздағы қолтаңбаның заңды күші сияқты күші бар. ЭЦҚ немесе оның құпиясөзін ешкімге табыс етуге болмайды.

 

ЭЦҚ қалай алуға болады?

ЭЦҚ кілтіне сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында тапсырыс бере аласыз: http://pki.gov.kz/index.php/kz/poluchenie-klyuchej-etsp

Заңды тұлғаның кілттерін сонымен қатар ЖК немесе ЖШС тіркелген жері бойынша салық органынан алуға болады.

 

 

 

Компанияны қалай қосуға болады?

 

·          NCALayer қосымшасы іске қосылғанына және жұмыс істеп тұрғанына,

·          сізде, өзіңіздің компанияңызға тіркелген, жарамды ЭЦҚ бар болуына

көз жеткізіңіз

 

 

Оң жақ жоғарғы бұрышта шығатын мәзірді шақырыңыз.


 «Менің компанияларым» басыңыз.

 

2

«Компанияны қосу» батырмасына басыңыз    



 

3

Көпшілікке арналған офертамен танысыңыз және «Сертификатты таңдау» батырмасын басыңыз.

 


ЭЦҚ файлына жолды көрсетіңіз.

 

4

 «Қол қою» батырмасына басыңыз

Құттықтаймыз! Енді сіздің компанияңыз порталда тіркелді және оның барлық артықшылықтарын пайдалана алады.

Сіздің фирмаңыздың атауы қосылған компаниялардың тізімінде шығады.

 

 

 

Сіз бірнеше компанияны қоса алатыңызды және олар үшін әртүрлі сервистерге тапсырыс бере алатыныңызды ескеріңіз.